- •Жалпы физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •1. Қозғыш тіндер физиологиясы і. 1.1. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік.
- •Жұмыс №1. Бақаны қимылсыздандыру тәсілі.
- •Жұмыс №2. Жүйке-ет препаратын даярлау тәсілі.
- •Жұмыс №3. Қозу табалдырығын тура және жанама тітіркендіру арқылы анықтау әдісі.
- •Жұмыс № 4. Қозатын тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар.
- •4.1. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
- •4.2. Гальванидің екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
- •Жұмыс № 5. "Екінші тетанус" тәжірибесі (Маттеучидің тәжірибесі).
- •Жұмыс № 6. Электромиография.
- •Жұмыс № 7. Жақ еттерінің биологиялық потенциалдарын жазып алу.
- •Жұмыс № 8. Хронаксиметрия.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
- •Балалар қозғалтқыш аппаратының жас ерекшелігі
- •Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.
- •Vі. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы. Жұмыс №1. Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуі.
- •Жұмыс №2. Жүйке талшықтарының қажымауы.
- •Жұмыс №3. Парабиоз.
- •Жұмыс №4. Қозудың жүйке талшығы бойымен екі бағытта тарауы.
- •Жұмыс №5. Жүйкенің тұтастығы туралы заң.
- •Жұмыс №6. Жүйке-бұлшықет түйіспесіндегі қозу өтуінің бұзылуы.
- •Ерте онтогенездегі қозғалтқыш нейромотор бірлігінің сипаттамасы.
- •1.4. Қозғыш ұлпалар физиологиясына арналған ситуациялық есептер
- •Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары
- •2. Орталық және вегетативтік жүйке жүйесі физиологиясы
- •2.1. Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.2. Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. Ожж-дегі тежелу. Ожж-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.
- •III.Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Бір ізді жинақы қозу Кеңістіктік жинақы қозу
- •I. 2.3. Тақырып: Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.4. Мәселелік тапсырмалар:
- •11. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің 1-нейрондарының орналасқан жерлері:
- •12. Ахилл рефлексінің жұлындағы орталығы
- •13. Рефлекс доғасы звеносы мен қызметі арасындағы сәйкестілік
- •14. Тізе рефлексінің жұлындағы орталығы
- •15. Рефлекстің орталық уақыты дегеніміз -
- •3. Ішкі сөлініс бездер физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық дидактикалық жиынтық:
- •Сабақтың мазмұны
- •3.2. "Ісб физиологиясы" тақырыбы бойынша мәселелік тапсырмалар
- •4. Қосымша
- •Арқылы қозудың таралу механизмі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қозғыш тіндер физиологиясы................................................ .........3
Сабақтың мазмұны
Студенттердің өздері орындайтын жұмыстар:
1. Адреналиннің бақа көзінің қарашығына әсері.
2. Адреналиннің бақа жүрегіне тигізетін әсері.
3. Мәселелік есептердің шешімін табу.
3.2. "Ісб физиологиясы" тақырыбы бойынша мәселелік тапсырмалар
Келесі функциялардың бұзылуы қандай гормондардың өндірілуінің бұзылуымен байланысты:
№1. Жасөспірім, жасы 15, шағымы: жалпы әлсіздік, тез шаршайды, саусақтар мен табандарының үлкеюі, бойы 193 см, дене салмағы 88,7 кг., бет пішіні біршама іріленген (мұрыны, еріні, иегі).
№2. Қыз бала, жасы 12, бойы 171 см. (жасына сәйкес-154 см), дене салмағы 70,4 кг (жасына сәйкес қалыпты жағдайда 40 кг) бет пішіні іріленген, аяқ - қолының саусақтары ұзын, беттерінде безеу бар, көп терлейді.
№3. Қыз бала, жасы 5-те, бойы 78,5 см, дене салмағы 8,1 кг, бас шеңбері 1 жасқа сәйкес келеді. Дене пропорциясы қалыпты, терісі қара торы, ақшыл жерлері бар, құрғақ. Ақыл-естің дамуы жасына сай.
№4. Ер бала, 10 жаста, бойы 87 см, дене салмағы 12 кг, ақыл-есі кем адамның бет-әлпеті, тілі үлкен, ер тәрізді мұрын, аяқ-қолы қысқа, психикалық дамуы қалыпты жағдайдан ауытқыған.
№5. Ер бала, жасы 10. Шағымы: шөлдейді, тәулігіне 11 л сұйықтық ішеді, әлсіздік, тәбеті нашар, зәр тығыздығы қалыпты жағдайдан төмен, зәрде қант жоқ, қандағы глюкоза деңгейі қалыпты жағдайда.
№6. Қыз бала, жасы 10. Шағымы: шөлдейді, полиурия, әлсіздік, тәбеті нашар, қан және зәр анализдерінде гипергликемия мен глюкозурия жоқ.
№7. Ер бала, жасы 2,5. Екінші жыныстық ерекшеліктерінің тез дамуы, жиі эрекция, дауысы төмен, дене бітімінің тез дамуы.
№8. Ер бала, жасы 8-де, бойы 79 см, дене салмағы 10 кг, дене терісі бозғылт, құрғақ, қабыршақталған, шашы сирек. Бас сүйегі үлкен, мұрын кеңсірігі түсіп кеткен. Бала тек отырады, өз бетімен тұра алмайды, сөйлей алмайды. Интеллект төмен.
№9. Әйел, жасы 40-та. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршайды, тәбеті нашар, ұйқышылдық басым. Беті мен қолының саусақтары қатты іскен, жанары нашар, қарт адамның түрі.
№10. Ер адам, жасы 42-де, тамыр соғысы (пульс) жиі, ширығуы жоғары, ритмі дұрыс емес, жүйкесі жұқарған, тыныс алуы үстіртін, тәбеті жоғары, зат алмасуы қозғыш, дененің жүдеуі байқалады, терісі ылғалды, экзофтальм, қалқанша безі біршама үлкейген.
№11. Әйел, жасы 35-те, қалқанша безі өте үлкейген, зат алмасуы төмен, көңіл-күйі селқос, денесі пропорционал емес, аяқ-қолдары қысқа, қисық, кретинизм, таулы ауылда өмір сүрген.
№12. Қыз бала, 12 жаста, шағымы жиі тырыспа, табан және қол саусақтарының өте күшті құрысуы, ларингоспазм (көмейдің тарылуы).
№13. Адам тәулігіне 11 л-ге жуық сұйықтық ішеді, тәулігіне зәрдің мөлшері 8-9 л-ге жуық, меншікті салмағы қалыпты жағдайдан төмен, гипергликемия мен глюкозурия байқалмайды.
№14. Адамның шағымы: солғындық, тәбеті нашар, ентігу. Гипотония, әлсіздену, теріде қола түс пайда болады, кейде құрысу байқалады.
№15. Адамда шөлдеу, полиурия, ашығу сезімі, біраз осыған қарамастан науқастың жүдеуі байқалады, терісі құрғақ және қышиды, қан мен зәр анализінде гипергликемия мен глюкозуриясы байқалады.
№16. Адам тәулігіне 8 л сұйықтық ішеді, арықтаған, тез әлсіздік пен бас айналуға шағымданады, тәуліктік зәр мөлшері 5 л-ге жуық, гипергликемия, глюкозурия.
ІСБ физиологиясы тақырыбы бойынша мәселелік есептердің жауабы:
Функционалдық бұзылыстар келесі себептерге байланысты:
№1. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гиперфункциясы, СТГ өнімінің көбеюі.
№2. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гиперфункциясы, СТГ өнімінің көбеюі.
№3. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипофункциясы, СТГ өнімінің азаюы.
№4. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипофункциясы, СТГ және ТТГ өнімінің азаюы.
№5. Нейрогипофиз қызметінің бұзылуы, АДГ өнімінің төмендеуі.
№6. Нейрогипофиз қызметінің бұзылуы, АДГ өнімінің төмендеуі.
№7. Эпифиз қызметінің бұзылуы, гиперфункция.
№8. Қалқанша бездің гипофункциясы, өмірінің алғашқы күнінен бастап тироксин гормонының жеткіліксіздігі.
№9. Қалқанша бездің жүре пайда болған, жыныстық жетілу кезеңінің дамуынан кейінгі гипофункциясы.
№10. Қалқанша бездің гиперфункциясы.
№11. Тағам мен суда йодтың жеткіліксіздігімен байланысты қалқанша без қызметінің жеткіліксіздігі.
№12. Қалқансерік безі қызметінің бұзылысы, паратгормон өнімінің жеткіліксіздігі.
№13. Нейрогипофиз қызметінің бұзылысы, АДГ жеткіліксіздігі.
№14. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жеткіліксіздігі, соның ішіне минералокортикоидтар өнімінің жеткіліксіздігі.
№15. Ұйқы безі гормоны, инсулин өнімінің жеткіліксіздігі.
№16. Ұйқы без қызметінің бұзылысы, инсулин жеткіліксіздігі.
ІСБ бойынша тест сұрақтар
Дурыс жауапты таңдаңыз:
1.Глюкокортикоидтардың түзілуін реттейтін гормон:
1. Окситоцин
2. Соматотроптық гормон
3. ЛЮ гормон
4. глюкагон
5. Адренокортикотропты гормон
2. Окситоцин түзіледі:
1. бүйрек үсті безінде
2. қалқанша безінде
3. аденогипофизде
4. нейрогипофизде
5. қалқанша маңындағы безде
3. Тироксин түзіледі:
1. бүйрек үсті безде
2. аналық безде
3. гипофизде
4. қалқанша безде
5. нейрогипофизде
4. Көмірсу алмасуына әсер етеді:
1. глюкагон, паратгормон
2. адреналин, альдостерон
3. инсулин, окситоцин
4. инсулин, глюкокортикоидтар
5. тимозин, паратгормон
5. Гормондар:
а тирокальцитонин
б инсулин
в глюкагон
г тироксин
д паратгормон
әсер етеді:
1. Зат және энергия алмасуын, жылу түзілуін, жүрек жиырылу күшімен жиілігін жоғарылатады
2. Бауырдағы гликогеннің ыдырауын жоғарылатады
3. Қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылатады
4. Қандағы глюкозаның деңгейін төмендетеді, белок синтезін жоғарылатады
5. Қандағы кальцийдің деңгейін төмендетеді
Жауаптары:
1. А-5, Б-4, В-2, Г-1, д-З
2. А-1, Б-2, В-З, Г-4, д-5
3. А-2, Б-З, В-4, Г-5, д-1
4. А-З, Б-2, В-1, Г-4, д-5
5. А-4, Б-З, В-5, Г-2, д-1
Сәйкестігін табыңыз:
6. Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормондары әсер етеді:
1. жыныс
2. минералкортикоидтар
3. глюкортикоидтар
Су мен тұз алмасуының
Көмірсу, белок, май және энергия алмасуына, қабынуға қарсы әсер етедібладают противовоспалительным действием
Балалардағы 2-ші жыныс белгілерінің пайда болуына және жыныс бездерінің қызметіне әсер етеді
Жауабы:
1. А-1,Б-2,В-3
2. А-З,Б-1,В-2
3. А-2, Б-З, В-1
7. Гормондар - бездерде түзіледі:
1 адреналин 1. Бүйрек үсті безді милы қабаты
2 соматотроптық гормон 2. Ұйқы безі
3 паратгормон З. Қалқанша маңындағы без
4 инсулин 4. Гипофиздің алдыңғы бөлігі
5 тироксин 5. Қалқанша без
Жауаптары:
1. А-2, Б-1, В-4, Г-5, д-З
2. А-З, Б-2, В-5, Г-4, д-1
З. А-4, Б-5, В-1, Г-З, д-2
4. А-1, Б-4, В-З, Г-2, д-5
5. А-5, 5-1, В-2, Г-З, д-4
8. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны:
1.глюкагон
2.вазопрессин
3.СТГ
4.адреналин
5.норадреналин
9 . Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны:
1.тироксин
2.паратгормон
3.АКТГ
4.альдостерон
5.глюкагон
10 .Минералокортикоидтарды атаңыз:
1.Кортизон
2.Гидрокортизон
3.Альдостерон
4.Инсулин
5.Окситоцин
11. Гипофиздің ортаңғы бөлігінің гормоны:
1.Меланоцитостимулдеуші
2.Инсулин
3.Мелатонин
4.Паратгормон
5.АКТГ
12.Инсулиннің организмдегі физиологиялық әсері:
1.Қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді;
2. Қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады;
3. Қандағы кальцийдің деңгейін төмендетеді
4.Энергия аламсуын жоғарылатады.
13. Тирокальцитонинің физиологиялық әсері:
1. Қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады;
2. Қандағы кальцийдің деңгейін төмендетеді
3.Жүрек қызметін жоғарылатады.
4.Диурезді төмендетеді.
5.Өсу және дамуды жоғарылатады.
14. Глюкагонның физиологиялық әсері :
1. Қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді;
2. Қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады.
3.Калийдің реабсорбциясын жоғарылатады
4.Вазоконстриктор
5.Вазодилятатор
15 . Гипофиздің артқы бөлімінің гормоны.
1.Адреналин
2.Кортизон
3.Норадреналин
4.Глюкагон
5.Вазопрессин
16. Серотониннің түзілетін орны:
1.мида, ішек қарында, бронхыда, гипоталамуста.
2.Қалқанша безде.
3. Қалқанша маңындағы безде.
4.Гипофиз.
5.Ұйқы безі.
17 .Простагландер түзіледі:
1.Айыршық безде
2.Ұйқы безде.
3.Ұрық сұйықтығында, организмнің көптеген тіндерінде.
4.Бүйрек үсті безде.
5. Қарынның шырышты қабығында.
18. Паратгормон түзіледі:
1. бүйрек үсті безде
2. қалқанша маңындағы безде
3. гипофизде
4. қалқанша безде
5. нейрогипофизде
19. Гормондар тікелей өтеді:
1. қанға
2. синапстық саңылауға
3. ликворға
4. ішек-қарынға
5. жүйке ұштарына
20. Ризилинг-факторлар түзіледі:
1. гипофиздің алдыңғы бөлігінде
2. гипофиздің артқы бөлігінде
3 . гипофиздің ортаңғы бөлігінде
4. таламус
5. Ұйқы безі
