- •Жалпы физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.
- •1. Қозғыш тіндер физиологиясы і. 1.1. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік.
- •Жұмыс №1. Бақаны қимылсыздандыру тәсілі.
- •Жұмыс №2. Жүйке-ет препаратын даярлау тәсілі.
- •Жұмыс №3. Қозу табалдырығын тура және жанама тітіркендіру арқылы анықтау әдісі.
- •Жұмыс № 4. Қозатын тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар.
- •4.1. Гальванидің бірінші тәжірибесі.
- •4.2. Гальванидің екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).
- •Жұмыс № 5. "Екінші тетанус" тәжірибесі (Маттеучидің тәжірибесі).
- •Жұмыс № 6. Электромиография.
- •Жұмыс № 7. Жақ еттерінің биологиялық потенциалдарын жазып алу.
- •Жұмыс № 8. Хронаксиметрия.
- •VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
- •Балалар қозғалтқыш аппаратының жас ерекшелігі
- •Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.
- •Vі. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтары:
- •V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы. Жұмыс №1. Жүйке талшығы бойымен қозудың жеке өтуі.
- •Жұмыс №2. Жүйке талшықтарының қажымауы.
- •Жұмыс №3. Парабиоз.
- •Жұмыс №4. Қозудың жүйке талшығы бойымен екі бағытта тарауы.
- •Жұмыс №5. Жүйкенің тұтастығы туралы заң.
- •Жұмыс №6. Жүйке-бұлшықет түйіспесіндегі қозу өтуінің бұзылуы.
- •Ерте онтогенездегі қозғалтқыш нейромотор бірлігінің сипаттамасы.
- •1.4. Қозғыш ұлпалар физиологиясына арналған ситуациялық есептер
- •Қозғыш тіндер физиологиясы бойыншы тест сұрақтары
- •2. Орталық және вегетативтік жүйке жүйесі физиологиясы
- •2.1. Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.2. Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. Ожж-дегі тежелу. Ожж-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.
- •III.Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Бір ізді жинақы қозу Кеңістіктік жинақы қозу
- •I. 2.3. Тақырып: Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •2.4. Мәселелік тапсырмалар:
- •11. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің 1-нейрондарының орналасқан жерлері:
- •12. Ахилл рефлексінің жұлындағы орталығы
- •13. Рефлекс доғасы звеносы мен қызметі арасындағы сәйкестілік
- •14. Тізе рефлексінің жұлындағы орталығы
- •15. Рефлекстің орталық уақыты дегеніміз -
- •3. Ішкі сөлініс бездер физиологиясы
- •III. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық дидактикалық жиынтық:
- •Сабақтың мазмұны
- •3.2. "Ісб физиологиясы" тақырыбы бойынша мәселелік тапсырмалар
- •4. Қосымша
- •Арқылы қозудың таралу механизмі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Ағылшын тілінде:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қозғыш тіндер физиологиясы................................................ .........3
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
ІСБ–нің орналасқан жері мен морфологиялық-функциональдық ерекшеліктері.
ІСБ–нің қызметін зерттеудің негізгі әдістері.
Гормондардың жалпы қасиеттері.
Гормондардың жіктелуі.
Гормондардың әсер етуінің негізгі типтері.
Гормондардың әсер ету жолдары.
Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондарының тобы, олардың организмдегі ролі мен бөлінуінің реттелуі.
Бүйрек үсті безінің милы қабаты гормондарының функциялық маңызы, бөлінуінің реттелуі.
Гипоталамус-гипофизарлық-адренал жүйесі, оның организм функцияларын реттеудегі маңызы.
Гипоталамустың гипофиздің алдыңғы бөлімімен байланысы, гипофиздің алдыңғы бөлімімнің гормондарының функциялық маңызы.
Гипоталамустың гипофиздің артқы бөлімімен байланысы. АДГ мен окситоциннің физиологиялық ролі.
Ақпараттық дидактикалық жиынтық:
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары
Ішкі секреция бездердің (эндокриндік бездердің) сөлін шығаратын өзегі жоқ, сондықтан без өнімдері (гормондар) тікелей организмнің ішкі ортасына шығады.
Гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Табиғаты белокты гормондар түрлік ерекшелігімен сипатталады, ал аминқышқылдарының туындылары мен стероидты гормондардың мұндай қасиеті жоқ, сондықтан оларды жануарлардан алып, адамдарды емдеу үшін қолданады.
Гормондар қашықтан әсер етеді, яғни олар қанға түсіп өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Гормондар үнемі бөлініп отырады, бірақ организмде жинақталмай, тез ыдырайды. Соңғы кезде энтериндік жүйеге (асқазан ішек жолдарында түзілетін биологиялық активті заттар), сонымен қатар гуморалдық реттелудің паракриндік және нейрокриндік түрлеріне аса мән берілуде. Паракриндік реттелу нысана клеткаларға өте жақын клеткааралық кеңістіктерден бөлінетін гормондар мен биологиялық активті заттармен іске асырылады, ал нейрокриндік- гормон тәрізді пептидтер (эндорфиндер, энкефалиндер) мен медиаторлар бөлетін жүйкелік, эндокриндікте қызмет атқаратын жүйке клеткаларымен реттеледі.
1-жұмыс. Адреналиннің бақа көзінің қарашығына әсері
Жұмысты орындау. Әдеттегі әдіспен бақаның қимыл-әрекеті тоқтатылады. Басы кесілгенімен көзі зақымдалмай сақталып қалған бақаның үстіңгі жақ сүйектері шыныдағы физиологиялық ерітіндіге малынған мақтаның үстіне салынады. Алдымен көз қарашықтарының диаметрін өлшеп алу керек. Содан кейін бақаның бір көзіне адреналин тамызылады. Бірнеше минуттан кейін адреналин тамызылған көздің қарашығының кеңейгені байқалады. Кеңейген қарашықтың үлкендігін миллиметрлік қағазбен өлшеп алады да, алынған санды екінші көздің қарашығының өлшемімен салыстырады.
Қалыпты жағдай Адреналин
2-жұмыс. Адреналиннің бақа жүрегіне тигізетін әсері
Жұмысты орындау. Қимыл - әрекеті тоқтатылған бақаның кеуде қуысын ашып, жүректі веналық /көктамыр/ синуспен бірге көтеріп жалаңаштайды. Содан кейін жүректі түбірінен көтеріп тұрып, оның ірі-ірі тамырларын анықтап, көріп алады. Алдымен күретамырларын, содан кейін көктамырларын кеседі де, жүректі веналық синусымен бірге қалдырады, одан кейін босатып алынған жүректі физиологиялық ерітінді құйылған сағат әйнегіне салады да, 1 минут бойы жүрек қанша рет соққанын санайды. Одан әрі үстіне 1-2 тамшы адреналин тамызады да, 1 минут ішінде жүректің неше рет соққанын санап алады, алынған екі санды салыстырып жүрек соғысының қаншалықты жиілегенін есептеп шығарады.
Адреналин
3-жұмыс. Адреналиннің қан айналысының үлкен шеңберіндегі
қан тамырларына тигізетін әсері
Жұмысты орындау: Алдыңғы аяқтары үшбұрышты тақтайшаға қадалған, қимыл-әрекеті тоқтатылған бақаның жүрегін ашады да, оны қабынан босатады. Жіппен іліп алынған сол жақ қолқа доғасын тіліп жібереді де, оның тілінген жеріне канюля кіргізеді. Канюляны қолқа түбіне жүрек қарыншасын тіліп жіберіп енгізуге де болады. Арнайы жіпті канюляның бір шетіне байлап қояды. Ерітінді ұдайы сорғалап ағып тұру үшін веналық синусты да сәл тіліп ашып қою керек. Содан кейін резеңке түтікшесін белінен қысып тұрған қысқышты алып тастайды да, қантамырын Рингер ерітіндісімен шайып жібереді /перфузия/. Ерітінді қан айналысының үлкен шеңбері арқылы өтіп, қуыс көктамырларына барып жетеді де, одан әрі сыртқа шығып үшбұрышты тақтайшаның үстімен жерге тамады.
1-сурет. Адреналиннің бақа қан тамырларына әсер ететін зерттеуге арналған қондырма сызба-нұсқасы
2 минут ішінде қанша тамшы ерітінді тамғанын санап отыру керек. Содан кейін шприцпен жалғасқан инемен резеңке түтікшені канюляға тақалған жерінен тесіп жібереді де, перфузиялық ерітіндіге 0,1-0,2 мл 0,1% -тік адреналин ерітіндісін құяды. Адреналин қан тамырларын, әсіресе жіңішке артериолалар мен қылтамырларды тарылтады да, бұл тамырлар ерітіндіні жөндеп өткізе алмайды. Енді тағы да 1 минут ішінде қанша тамшы ерітінді тамғанын санап, тамшы санының азайғанын байқайды. Адам /жануарлар/ денесінде адреналин тез ыдырайды, оның әсер ету мерзімі де өте қысқа. Сорғалап тұрған тамшы санын әрбір 2 минут сайын есептей отырып мөлшерінің әдеттегіден бірсыпыра азайғанын байқауға болады.
4-жұмыс. Адреналин мен питуитриннің бақа
терісінің меланофорына әсері
Жұмысты орындау. Терісінің түстері бірдей екі бақаны таңдап алады. Бірінші бақаның терісінің астына 1 мл адреналин енгізіледі, екіншісіне - питуитрин. 15-20 минут өткен соң бірінші бақаның терісінің түсі бозарады да, ал екінші бақаның терісінің түсі күңгірттенеді. Адреналин бақа терісінің меланофор-жасушаларын тарылтады, ал питуитрин оларды кеңейтеді.
5-жұмыс. Бақа жүрегінің қызметіне адреналиннің тікелей
және орталық әсерін зерттеу
Жұмысты орындау. Бақаны алып, жоғары жағын көзінің артынан сопақша мимен жұлынды сақтай отырып кесіп тастаймыз. Операциялық тақтайшаға бекітеміз. Бақаның кеуде қуысын жарып жіберіп жүректі жалаңаштайды. Жүректің соғу жиілігін 1 минутта санап алып, сосын шприцтің көмегімен жүрекке адреналин енгіземіз де (тікелей әсер ету), жүректің соғу жиілігін санайды, ол көбейеді. Жүректің соғу жиілігі қалпына келген соң шприцтің көмегімен адреналинді сопақша миға (орталық әсер ету) енгізіп жүректің соғу жиілігін санаймыз, жүректің соғу жиілігінің сирегенін және жүрек жұмысының әлсірегені байқалады, себебі адреналин кезеген жүйкенің орталығының тонусын жоғарлатады. Жүрекке адреналин тікелей және орталық әсер көрсетеді, олардың әсері бір-біріне қарама-қарсы.
