Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_fiziologiasy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.41 Mб
Скачать

11. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің 1-нейрондарының орналасқан жерлері:

1. Жұлынның мойын сегментінде

2. Гипоталамуста

3. Жұлынның кеуде бөлімінде

4. Ортаңғы, сопақша ми және жұлынның сегізкөз бөлімінде

5. Таламуста

12. Ахилл рефлексінің жұлындағы орталығы

1. V-VI мойын сегменті

2. І-ІІ кеуде сегменті

3. І-ІІ бел сегменті

4. І-ІІ сегізкөз сегменті

5. III-IV бел сегменті

13. Рефлекс доғасы звеносы мен қызметі арасындағы сәйкестілік

А. Рецепторлық 1. Қозуды орталықтан эффекторға өткізу

Б. Афференттік 2. Қозуды рецептордан жүйке орт. жеткізу

В. Орталық 3. Ақпаратты анализдеп синтездеу

Г. Эфференттік 4. Тітіркендіргішті қабылдап, оны жүйке

серпіністеріне айналдыру

1. А-1 Б-3 В-2 Г-4 2.А-2 Б-1 В-4 Г-3 3.А-4 Б-2 В-3 Г-1 4.А-3 Б-4 В-1 Г-2 5.А-4 Б-2 В-1 Г-3

14. Тізе рефлексінің жұлындағы орталығы

1. ІІІ-ІV кеуде сегменті

2. ХІІ кеуде және І бел сегменті

3. І-ІІІ бел сегменті

4. ІІІ-ІV бел сегменті

5. I-II сегіз көз рефлексі

15. Рефлекстің орталық уақыты дегеніміз -

1. Рецепторларды тітіркендіргеннен басталып, жауап аяқталғанға дейінгі уақыт

2. Қозудың жүйке орталығынан өту уақыт

3. Қозудың афференттік талшықтардан өту уақыт

4. Эффектордың қозу уақыт

5. Қозудың мотонейроннан эффекторға дейін өту уақыты

3. Ішкі сөлініс бездер физиологиясы

  1. 3.1. Тақырып: Ішкі сөлініс бездерінің морфологиялық-функционалдық ерекшеліктері. Гипоталамус-гипофизарлық–адреналды жүйе. Бүйрек үсті безінің физиологиясы

  1. Тақырыптың маңыздылығы: Организмде барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін реттеуде біртұтас жүйкелік - гуморалдық реттелудің орны зор. Ішкі секреция бездері (ІСБ) гуморалдық реттеудің маңызды бөлімі болып табылады. Гормондар өте белсенді болғандықтан, бездердің гипо-, гиперфункциясы организмде көптеген қауіпті өзгерістерге әкеледі, ересек адамдарда және балаларда өзгерістедің көріністері әртүрлі болады. Сондықтан ішкі секреция бездері туралы білім мен оның организмдегі рөлі практикадағы дәрігерлер үшін қажет.

III. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:

  1. Қандай бездер ішкі секреция бездеріне жатады?

  2. ІСБ-нің жалпы қасиеттері.

  3. Гормондардың жалпы қасиеттері, олардың мүшелер қызметтеріне әсерінің механизмі.

  4. Гормондардың әсер ету жолдары.

  5. Гормондардың жіктелуі.

  6. Бүйрек үсті безінің қыртысты және милы қабатының гормондары, олардың организмдегі маңызы.

  7. Организмнің әр түрлі қызметтеріне адреналиннің тигізетін әсері.

  8. Гипоталамус-гипофизарлық-адреналды жүйе және оның жүйкелік - гуморальдық реттеу қызметіндегі біртұтастығының маңызы.

  9. Гипофиздің гормондары және олардың қызметінің маңызы.

Студент орындауы қажет:

  1. Адреналиннің бақа көзінің қарашығына, жүрек жұмысына, үлкен қан айналым шеңберіндегі тамырлардың саңылауына тигізетін әсері бойынша тәжірибелер жүргізу және алынған тәжірибелер нәтижелерін бастапқы мәліметтермен салыстырып баға беру.

  2. Тәжірибе нәтижесін жазып алып, оның схемасын суретке салу керек. Адреналин тамызғанға дейін және адреналин тамызғаннан кейін қанша тамшы тамғанын өзара салыстыру үшін алынған сандарды кестеге түсіру керек.

  3. Бақа терісі (меланофор) түсіне адреналин мен питуитриннің әсерін зерттеу бойынша тәжірибе жүргізу, адреналин мен питуитрин енгізгеннен кейін тері түсінің өзгеруін түсіндіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]