Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_fiziologiasy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.41 Mб
Скачать

Жалпы физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы Алматы, 2013 ж.

УДК -612 (072)

ББК -28.073я73

Қ -30

Жауапты редакторлары: Қалыпты физиология кафедрасының доценттері: Жумакова Т.А., Махамбетова М.Б., Байжанова Н.С.

Рецензент:

Нұрмағамбетов А.Д – патофизиология кафедрасының профессоры С.Ж. Асфендяиров атындағы ҚазҰМУ.

Құрастырғандар:

Доцент Жумакова Т.А., доцент Махамбетова М.Б., доцент Байжанова Н.С.

Қ – 30 – қалыпты физиология: студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы, 2013ж.

ISBN № 9965-826-24-2

ББК 28.073

Қ

ISBN № 9965-826-24-2

1. Қозғыш тіндер физиологиясы і. 1.1. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары.

ІІ. Тақырыптың маңыздылығы. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері мен биоэлектрлік құбылыстары туралы білу дәрігер мамандығына қажет. Қазіргі заманда тіндердің электропотенциалын тіркеу әдістері кеңінен қолданылады, мысалы: жүрек (ЭКГ), бұлшықет (ЭМГ), ми (ЭЭГ) және т.б. мүшелер электр потенциалдары. Тірек-қимыл аппаратының патологиясында, бұлшықет пен жүйке тінінің қозғыштығын анықтау үшін хронаксиметрия әдісі қолданылады. Тіс дәрігерлері диагностикалық мақсатпен тіс пульпасының қозғыштығын анықтайды. Электрофизиологиялық әдістер неврологиялық практикада кеңінен қолданылады. Тақырыпты талдау барысында онтогенездегі қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттеріне көңіл аудару керек.

ІІІ. Сабақтың мақсаты.

Студенттер білуі қажет:

• Қозғыштық - анықтамасы, қозу үрдісі және оның сипаттамасы.

• Қозғыш тіндердің негізгі физиологиялық қасиеттері.

• Қозғыштықтың көрсеткіштері.

• Биоэлектрлік потенциалдардың түрлері және олардың пайда болу негізі

(МП, ӘП, жергілікті жауап).

• Қозғыштықтың кезеңдері және олардың ӘП кезеңдері

мен қатынасы.

• Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары.

• Тұрақты тоқтың тірі тіндерге әсері.

• Онтогенездегі қозғыш тіндердің физиологиялық

қасиеттері.

Студенттер меңгеруі тиіс:

• Жүйке – ет препаратын даярлау.

• Түрлі тіндерді тікелей және жанама тітіркендіріп, қозу табалдырығын

анықтау және салыстыра білу.

• Бірінші және екінші Гальвани тәжірибесін жасай білу.

• "Екіншілік тетанусты" (Маттеучидің екінші тәжірибесі) анықтау.

VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Қандай тіндердің қозғыш қасиеті бар?

  2. Қозғыш тіндердің негізгі физиологиялық қасиеттері.

  3. Қозғыштық дегеніміз не?

  4. Қозғыш тіндердің қозу кезеңінде, қозғыштық қасиеттері қалай өзгереді?

  5. Қозғыштық көрсеткіштері және олардың анықтамасы.

  6. Қозу табалдырығының өлшемі мен қозғыштық дәрежесі арасындағы қатынас.

  7. Гоорвег – Вейс «күш пен уақыты қисығы.

  8. Биопотенциалдардың пайда болуының мембрана - иондық теориясы.

  9. ӘП-ның пайда болу механизмі, оның кезеңдері.

  10. Қозғыштық кезеңі мен әрекет потенциалы кезеңінің өзара қатынасы.

  11. Тұрақты тоқтың қозғыш тіндерге әсері.

  12. Ерте онтогенездегі қозғыш тіндердің электрофизиологиялық ерекшеліктері.

  13. Электромиография әдісінің маңызы (стоматология факультетіне).

  14. Тістің электрлік қозғыштығын анықтаудың маңызы. Тістің электрлік қозғыштығын анықтау әдісі (стоматология факультетіне).

  15. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және оның темір протезі кезіндегі

маңызы (стоматология факультетіне).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]