Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы технологиялық университеті
Факультет Инжиниринг және ақпараттар технологиясы
Кафедра Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру
БЕКІТЕМІН
«ИжАТ» факультетінің деканы _Ертаева Б.Е______
«___» _______ 2016 ж.
Силлабус
TK EBOKKZh 3302 Ет және балық өндірісі кәсіпорындарындағы құрал- жабдықтар
пән шифры, атауы 5В072700 – «Азық түлік өнімдерінің технологиясы»
Оқытушы туралы мәлімет |
Өткізу уақыты және орны |
Байланыс ақпараты |
||
Аудиториялық сабақ |
офис-сағаттары ОБӨЖ |
тел. |
e-mail: |
|
Исаекова Ляззат Сериковна |
Дүйсенбі 12.40-14.40, сейсенбі 8.30-12.40 |
|
2935291вн154 |
lyazzka07@mail.ru |
Алматы, 2016
Пәннің пререквизиттері: жоғарғы математика, физика, машина бөлшектері, қолданбалы механика, жылу техникасы, тамақ өнеркәсібінің процестері мен аппараттары және т.б.
Пәннің постреквизиттері: Ет және балық өнімдерін өндірудің физико-химиялық және биохимиялық негіздері, Ет және ет өнімдерінің технологиясы, Технологиялық процесстерді автоматтандыру, Ет және балық өндірісі кәсіпорындарындағы есеп және есеп беру
Пәннің сипаттамасы: Дайындау, өңдеу және негізгі технологиялық операцияларды орындайтын жабдықтар тізбек бойынша қарастырылған; Жабдықтардың жіктелінуі, машиналар мен аппаратардың құрылымы, негізгі теориялары, процесстің физика-механикалық заңдылықтары және ағынды тізбек құрастырудағы инженерлік негіздері қарастырылған. Жабдықтарды есептеу әдістері келтірілген.
Пәннің қажеттілігі: тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтандыру жабдықтарының негізгі типтерінің принципі схемаларын үйрету және оларды жіктей алдыру; жабдықтардың құрылымын, пайдалану ерекшеліктерін, жүктеу шегін, техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитариясын, жабдықтарды пайдаланғанда сыртқы қоршаған ортаға қойылатын талаптарды, типтік жабдықтардың техникалық сипаттамаларының негізгі көрсеткіштерін білдіру.
Пәнді оқып үйренудің мақсаты: Ет және балық зауыттары қолданылатын машиналар мен аппараттардың негізгі жұмыс атқару теорияларын, олардың негізгі технологиялық параметрлерін есептеу әдістемелерін оқытып үйрету;
Пәнді оқып үйренудің міндеттері:
Әр түрлі тамақ өнімдерін өндіретін технологиялық жабдықтарды пайдаланудың озық әдістерін;
Технологиялық жабдықтардың тиімділігін талдауға арналған тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеу тәсілдерін;
Шығарылатын өнімдердің ақауларының пайда болу себептерін бағалау тәсілдерін;
Технологиялық машиналар мен жабдықтарды тізбектерге қосып құрастыруды;
Машиналар мен аппараттардың жұмыс органдарының оптималды құрылымын анықтау тәсілдерін;
жасай алу:
технологиялық линияларды құра білу
ММТ, материалдар кедергісін, машина бөлшектерін есептей білу
құрал-саймандармен дұрыс жұмыс істей білу
дағдылану:
жабдықтардың негізгі параметрлерін анықтау, есептей білу, оны технологиялық тізбекке қоса білу
жоғарғы тиімділікті жабдықтармен жұмыс жасауға
құзырлы болу:
Ет және балық зауыттары машиналар мен аппаратарды тиімді пайдалана білу.
