Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өзін өзі тану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆

№ 3 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Тобы: «Ақбота»

Күні:26.09.2016ж.

Тәрбиеші:Жадигерова А.М.

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану

Тақырыбы:Мен қандай баламын?

Мақсаты:әрбір баланың жеке тұлға екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

-қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру

-өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру

-өзара жағымммды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:» «өзін өзі тану» әлемінің картасы. Дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше, бала санына қарай айна.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Шаттық шеңбері

Балаларды шеңберге жинау.

-Қайырлы күн балалар, мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Канеки, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімзге мақтау айтып, қуаныш сыйлап көрейікші.

Ол үшін бір-бірімізге мақтау сөз айтайық.

Балалар шеңберге жиналып, бір біріне мақтау сөздер айтады.

Ұйымдастыру-іздену

Әңгімелеу. «Айна» ертегісі

Ертегі бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Балалар, кірпі,, қоян, керік орманнан не тауып алды?

  2. Кішкентай достарымыз айнадан неге әр түрлі суреттерді көрді деп ойлайсыңдар.

  3. Балалар, айнаға қараңдаршы. Сендер кімді көріп тұрсыңдар?

  4. Ал енді бір-біріне қарап, ұқсастықтарын мен айырмашылықтарыңды айтыңдаршы.

Ойын: «мен қандаймын?»

Мақсаты: өз бойындағы ерекшеліктеріңді тани білуге үйрету.

Өзіммен өзім

-Балалар, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Сендердің әрқайсысыларын ерекше жаралған, бір-бірлеріне ұқсамайтын жандарсыңдар. Бәріміз әдемі , сұлу, мейірімді, өнерлі, сымбаттымыз.

Дәйексөз.

«Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы ұл-аспандағы жұлдыз».

Сергіту сәті

Кимыл –қозғалыспен көрсету.

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталады.

Мына убасым ақылды

Бәрін осы басқарады.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде ұл мен қыздың олардың киімдерінің суреттері берілген. Бағыт арқылы ұл бала мен қыз балаың киімдерін тауып, бояңдар.

Ғажайып сөздер.

Бір-бірімізді сыйлаймыз

Біз бір-бірімізге көмектесеміз.

Балалардың жауаптары.

Балалар тапсырма бойынша бөлінеді:

-ұлдар және қыздар

-бойларына қарай

-шаштарының түстеріне қарай

-көздерінің түстеріне қарай

Рефлексиялық түзету

Қорытындылау.

Балалар, бүгін біз әрқайсысымыз ерекше тұлға екендігімізді, бір-бірімізге ұқсамайтынымызыды, ұлдар –мықты, батыл, қыздар- нәзік, әрі сыпайы болатынын білдік. Ұлдар өздерің нағыз ер жігітше ұстаулары керектігін, қыздар нәзік, оларға қамқор болып, көмектесу нағыз жігіттің ісі екенін түсіндік.

Жүректен жүрекке.

Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы сөздер айту.

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтады.

Күтілетін нәтижелер:

Білу: қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру

Игеру:өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру

Меңгеру:өзара жағымммды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.