4.Жаңа ғасыр философиясы
Жаңа заман философиясы мен мəдениетiнiң дамуына Ренессанс (Қайта өрлеу) үлкен ықпалын тигiздi. Ренесанс дəуiрiнде бiлiмнiң қарқынды дамуы, антикалық мəдениеттi қайта өркендету, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғасырларда жаратылыстанымдық жəне математикалық ғылымдар белсендi түрде дами бастады. XV ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық негiзi қалыптасып үлгердi. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды мiндетiне айналды. Осыған орай философ-рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк жəне Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мəселенi шешумен айналысты. Дəл осы жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, дiннiң беделi мен билiгi мəдени кеңiстiктiң жиегiне қарай ығыстырыла бастайды.
XVII ғасыр – бұл ғылыми рационализмнiң қалыптасу дəуiрi. Ең алғаш рет дiндi сынап жəне табиғатты экспеиментальды зерттеудi негiздеп, əлемге үстемдiк етуде рационализмдi уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт жəне т.б. жатады. Ф.Бэкон
Жаңа заман философтары арасында пiкiрталас туғызған келесi маңызды сұрақ - субстанция, оның атрибуттары мен акциденциялары мəселесi болды. Спинозаның пiкiрiнше, субстанция өз-өзiне себеп болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретiнде жəне ойлау ретiнде көрiнедi. Субстанция өзiн өте шексiз көптеген тəсiлдердiң iшiнде осы екi əдiспен көрсете алады. Г.Лейбництiң Спинозадан ерекшелiгi, ол базистiк элемент ретiнде монаданы мойындайды, олардың синтезi мен бiрiгуiнен ғалам құралады. Т.Гоббс барлық мəндiлiктiң себебi ретiнде материяны мойындайды, оның кеңiстiк пен уақыттағы қозғалысының нəтижесiнде табиғи əлемнiң барлық алуан түрлiлiгi пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар, Гельвеций, Гольбах, Ламетри сияқты философтар да қолдады. Ал Р.Декарттың бұлардан айырмашылығы, ол Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындайды. Беркли өзiнiң “өмiр сүру, демек қабылдану” деген методологиялық принципiне сəйкес жалғыз өмiр сүретiн Құдай деп есептейдi. Құдай барлық нəрселердi қолдайтын нəрсе. Философтың пайымдауынша барлық заттардың өмiр сүруi Құдаймен қабылдануының арқасында ғана. Құдай барлық нəрсенiң себебi ретiнде тəжiрибенiң реттелуi мен тəртiптiлiгiн қамтамасыз етедi.
5.Хх ғасыр философиясы
М.Хайдеггер (1889-1970) ХХ ғасырдың аса iрi философтарының бiрi. Философия дамуының күрделi жолын сыни тұрғыдан пайымдай отырып М.Хайдеггер өзiнiң “Болмыс жəне Уақыт” еңбегiнде адамның əлемнен бөлiнуi техникалық өркениетке тəн деп сипаттайды. Философтың ойынша адам осындағы - болмыс болып табылады. Адам өмiрi көбiне мəнсiздiктi сезiнумен, жалғыздықпен, азап шегумен байланысты. Олай болса, не нəрсе мəндi болып табылады? Мəндi болып табылатын нəрсе – адамның нақты болмысы, уақыттағы болмыс. Адамның өмiр сүруi бүкiл бүтiндi, əлемдi өзiне қамтитын “осы” мүмкiндiгiн жүзеге асырумен сипатталады.
ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы ең қуатты бағыттардың бiрi ғылым философиясы болды. Оның құрамында мынадай философиялық мектептер болды: логикалық позитивизм, аналитикалық философия, сыншыл рационализм. Логикалық позитивизмдi кейбiр батыстың тарихшылары британ эмпиризмi мен ағартушылық философиясы ретiнде сипаттаса, кейбiр зерттеушiлер – тоталитарлық жəне иррационалдық концепцияға қарсы реакция ретiнде, ал үшiншiлерi қазiргi ғылым мəселелерiнiң философиялық рефлексиясы ретiнде қарастырады.
Логикалық позитивистер ( М.Шлик (1882-1936), О.Нейрат (1882-1945), Р.Карнап (1891-1970)) тiлдiң логикалық құрылымы, бiлiмнiң негiзделуi сияқты мəселермен айналысады.
Психоанализ батысевропалық философиялық мектептердiң iшiндегi ең ықпалды, беделдiлерiнiң бiрi. Көптеген зерттеушiлер психоанализдiң адамды түсiндiрудегi жасаған төңкерiсiне орай бұл мектептiң жетiстiктерiн Дарвин, Маркс, Эйнштейн сияқты ғұламалардың жаңалықтарымен қатар қояды.
