3.Орта ғасыр философиясы
Ортағасырлық батысевропалық философия дүниетаным дамуындағы өзiндiк ерекшелiгi бар кезеңдердiң бiрi. Бұл ерекшелiк философиялық ой дамуының тiкелей дiнитеологиялық шеңбердiң iшiнде, христиандық дiни iлiмiнiң апологетикасы төңiрегiнде өрбуiмен сипатталады. Ортағасырлық батысевропалық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Феликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонистер жəне Аврелий Августин өздерiнiң интеллектуалдық ықпалдарын тигiздi. Рим шiркеуi əулие Августиндi сенiм мен ақылдың үйлесiмдiлiгi тұрғысынан христиандық дiни iлiмдi негiздеудегi орасан зор сiңiрген еңбегi үшiн “əкей” ретiнде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушiлер оны “батыстық ортағасырлық мəдениеттiң ұлы құрылысшысы” деп атайды. Аврелий Августин өзiнiң “Құдай қаласы туралы” еңбегiнде атақты формуласын – “credo ut untelliyam, intellido ut credam” (ұғыну үшiн сенемiн, сену үшiн ұғынамын) формуласын негiздейдi. Бұл ақыл мен сенiмнiң өзара бiрiн-бiрi толықтыру принципi V-XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Европаның бүкiл ортағасырлық философиялық ойының ең негiзгi дүниетанымдық кредосына айналды
Мұсылман аймағында, əсiресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзiнiң гүлденген кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы бiлiм салаларының дамуына əл-Хорезми, əл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям жəне т.б. ойшылдар өздерiнiң үлкен үлестерiн қосты. Мысалы, əлБируни Жердiң өз осiнен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бiрi болды, сондай-ақ көптеген өзге əлемдердiң өмiр сүруi туралы идеялар мен бiрнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшiншi дəрежеге дейiнгi теңдеулердiң шешiмiн жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды. Мұсылман əлемiнiң философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жəне теориялық үлкен ықпалын тигiздi. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мəдени мұрамен, сонымен бiрге Шығыс мəдениетiнiң прогрессивтi жетiстiктерiмен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетiстiктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивтi рационалистiк философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман əлемiнiң ойшылдары араб тiлiнде жазғанымен, олардың бiразы этникалық шығу тегi жағынан араб емес, түркi жəне парсылар болды.
Мұсылман философиясы Құдайдың мынадай түсiндiрмелерiн бередi: Құдай түп-негiз, барлық нəрсенiң абсолюттiк бастауы ретiнде;Құдай мақсатты себеп ретiнде; Құдай кеңiстiктегi абсолюттiк шексiздiк жəне уақыттағы мəңгiлiк ретiнде. Философияның пiкiрiнше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңiстiктi жəне уақытты жаратқан. Пайда болған нəрсе қозғалыстың нəтижесiнде өзгередi жəне ақыры соңында жойылады, ол нəрсе мəңгiлiк емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берiлгендiктен ол өзiн-өзi танып қана қоймай, өзiн қоршаған дүниенi де таниды. Ақылдың көмегiмен адам заттар мен құбылыстардың себептiк байланысын, олардың мəнiн ұға алады.
