Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия сем жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.94 Кб
Скачать

2. Антикалық философия

“Антикалық философия” деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын бiлдiредi. “Антика” сөзiнiң латын тiлiнен аударғанда “көне” деген мағынаны бiлдiретiнiн ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңiн аңғартар едi. Ал хронологиялық шеңберiне келер болсақ, антикалық философия өзiнiң бастауын б.з.д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептердi ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның iшiндегi үш iрi кезеңдi айқындауға болады: антикалық философияның қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII-V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. ΙV ғ); эллиндiк-римдiк философия (б.з.д. ΙΙ ғ - б.з. V ғ). Ал Дж.Реале мен Д.Антисери антикалық философия дамуының төмендегiдей жетiлдiрiлген жүйесiн ұсынады:

1. Б.з.д. VI жəне V ғасырлар аралығын қамтитын физис жəне космос мəселерiмен айналысқан натуралистiк кезең. Мұның өкiлдерi қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер жəне физик-эклектиктер жатады.

2. Адам болмысының мəнiн айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистiк кезең. Бұл кезеңнiң басты өкiлдерi—софистер жəне Сократ. 3. Сезiмнен тыс əлемнiң ашылуы жəне негiзгi философиялық мəселелердi органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдiң үлкен синтезi кезеңi.

4. Александр Македонский жорықтары дəуiрiндегi эллиндiк мектептердiң—кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм жəне эклектицизм бағыттарының дəуiрi.

5. Антикалық дүниетанымдық ойының дiни дəуiрi - неоплатонизм жəне оның модификацияларының қайта жандану кезеңi.

6. Христиандық ойдың қалыптасуы жəне грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дiннiң догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңi.

Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипатталады: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзiндiк философиялық категорияларды ойлап табу (“болмыс”, “болымсыздық”, “ойлау”), диалектикалық тəсiлдi енгiзу мен пайдалану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дəлелдеудiң қажеттiлiгi мен оның тəсiлдерiн қолдануды (абсурдқа əкелу принципi) мойындау. Зенонның аргументтерi өзiндiк заңдылықтың күш-қуатын бекiтетiн берiлген тəжiрибеге күмəн келтiретiн логостың позициясын күшейтуге бағытталған. “Кiшi физиктер” немесе физик-плюралистер—Эмпедокл жəне Анаксагордың көзқарастары элеаттардың осы апорийларын шешуге ұмтылумен байланысты болды.

Антикалық философия тарихындағы ерекше орынды софистер (Протагор, Горгий жəне т.б.) алады. Əдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүдденi ойлаушылар жəне тағы да басқа күнəлармен айыптайды. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс бердi. Олар аға ұрпақтың дəстүрлi құндылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды. Оларды Сократпен қоса “грек ағартушылары” деп те атайды. Софистер дəстүрдiң орнына рух еркiндiгiн жариялап, бұрынғы əлеуметтiк кестенi бұзып, оның орнына тəрбие мəселесiн алдыңғы орынға қойды. Бұл мəдениеттi бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның барлық қабатына кеңiнен енгiзуге жағдай жасады.

Сократ та софистер секiлдi өзiнiң басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мəнi—ақыл-ойға негiзделген белсендiлiк жəне адамгершiлiк бағдар ұстанған əрекет ретiндегi оның жаны деген түйiнге тоқталады. Белгiлi бiр мағынада Сократ құндылықтардың дəстүрлi жүйесiнде төңкерiс жасады. Байлық, даңқ, билiк, денсаулық, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игiлiкке жатпайды, бiрақ олар тек ғылыммен, таныммен жəне дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игiлiкке айналады. Сократ бойынша таным игiлiктi iстiң, қайырымды қылықтың қажеттi алғышарты (“Жақсылық—бұл бiлiм”). Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптастырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығының да ұстасы.

Б.з.д. IV ғасыр Греция үшiн "жоғары классика" дəуiрi болып табылады. Бұл дəуiрде антикалық философиялық ойдың айшықты көрiнiсiн беретiн екi философиялық жүйе – Платон жəне Аристотельдiң философиялық жүйелерi қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шəкiртi жəне Академияның негiзiн қалаушы Платонның iлiмi əр деңгейлi жəне əр алуан қырларымен ерекшеленедi