- •Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
- •Оқу әдістемелік кешен
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.4 Курстың постреквизиттері:
- •Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту нәтижелері
- •1.8 Әдебиеттер тізімінің мазмұны
- •1.9 Баға туралы ақпарат
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2. 1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Сырттай бөлімнің тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Лабораториялық жұмыс қарастырылмаған.
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыс тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2. 8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
- •2.6.1.Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары...........129
- •Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні бойынша
- •050301 – Юриспруденция мамандығы үшін
- •5В030100 – юриспруденция мамандығы үшін
- •5В030200 – халықаралық құқық мамандығы үшін оқу әдістемелік кешен
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
№1. Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
Ежелгі Мысырдың саяси және құқықтық ойлары
Ежелгі Иранның саяси және құқықтық ойлары. Авеста
Ежелгі Үндістанның саяси және құқықтық ойлары
Ежелгі Қытайдың саяси және құқықтық ілімдері
Тапсырмалар:
Семинар сабағы сұрақтары бойынша ауызша жауап дайындау
Төмендегі сұрақтар бойынша қысқаша конспект құрастыру:
а)Ежелгі Шығыс саяси-құқықтық ілімдерінің басты бағыттары (белгілері)
ә)Ежелгі Үндістандағы саяси тәртіптің қоғамдық құрылымы концепциялары, тұлға мәртебесі
б)Конфуций ілімінің негізгі қағидаттары
в)моизмнің негізгі ережелері
г)легизмнің негізгі ережелері
Әдістемелік нұсқаулар:
Ежелгі дүние саяси және құқықтық ілімдерін сипаттау барысында бұл ілімдердің қоғамның таптық жіктелуі кезеңінде қалыптасқанын естен шығармау қажет. Оларда мемлекет пен құқықты мифтік түсіндіруден мемлекет және құқықтың теориялық түсінігінің алғашқы жүйелеріне, қоғамдық сананың алғашқы нысандарынан дамыған, дифференциялы нысанына ауысу жолы көрініс табады. Ежелгі Шығыстың (Вавилон, Мысыр, Ежелгі Үндістан, Қытай) идеологиясы аңыздар жүйесінде іске асқан. Аңыз болмысты жанды құбылыс ретінде түсінудің, табиғат пен қоғамдық құбылыстарды тәңірлендірудің жемісі. Шынайы дүниені аңыз түрінде мазмұндау қоршаған ортаны түсінудің алғашқы, адам танымына лайықталған нысаны болып табылады. Перғауын Күн құдайынан жаратылған, Қытай императоры көк ұлы деген аңыздар, міне, осындай.
Ежелгі Үндістанның саяси-құқықтық ойларындағы маңызды роль брахманизмге беріледі, оның негізін қоғам төрт варнаға бөлінеді деген көзқарас құрайды.
Брахманизм ережелерін б.э. дейінгі ҮІ-Ү ғғ. буддизм сынға алып, адамдардың адамгершілік-рухани жалпы теңдігін уағыздады. Зайырлы саяси-құқықтық доктриналардың қалыптасуына негіз болған «Артхашастра» трактатына назар аудару қажет.
Қытайдың философиялық ойларының дамуында үлкен роль атқарған Конфуций іліміне назар сала қарастыру қажеттігі бар. Ол мемлекеттің патриархалды-патерналистік концепциясын дамытып, аристократиялық басқару идеясын қолдады және мемлекетті басқару мен билік үшін күрестің күштеу әдістеріне қарсы тұрды.
Лао-цзы (б.э. дейінгіҮІ-Үғғ.) мен халық мүддесін белсенді жақтаушы Мо-цзының саяси-құқықтық теорияларына назар қою қажет.
Ежелгі Шығыс елдерінің дамыған саяси идеологиясының кейінгі кезеңі теократиялық доктринамен байланыстылығын ескере отырып, студент оның негізгі белгілерін орта ғасырлық және жаңа замандағы теократиялық концепциялардан ажырата білуі керек.
Әдебиеттер: 1-16;18-22;29;31;35;40;48;52;65;72;76;81;84;85;
88;97;100;104;106;111;126;136-148.
№2. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
Платонның саяси және құқықтық ілімдері
Аристотельдің саяси және құқықтық ілімдері
Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімдері
Құқық және мемлекет туралы рим юристерінің ілімдері
Ерте христиандық саяси және құқықтық идеялар. Августин Блаженный
Тапсырмалар:
Семинар сабағының сұрақтары бойынша ауызша жауап дайындау
«Ежелгі Грецияның саяси және құқықтық ілімдері» тақырыбы бойынша жазбаша тұжырымдама жасау. Онда ежелгі грек ойшылдарының саяси-құқықтық көзқарастардың дамуына, мемлекет пен құқық мәселелерін теоретикалық қарастыруға сіңірген еңбегі көрініс табуға тиісті.
«Ежелгі Рим саяси және құқықтық ілімдері» тақырыбы бойынша мемлекет және құқық туралы ілімнің бірқатар тұғырнамалы ережелерін жасаған рим ойшылдарының шығармашылық жетістіктерін көрсете отырып жазбаша тұжырымдама жасау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Ежелгі Грецияның идеялық, саяси және құқықтық мұрасын игеру барысында оның ежелгі грек полистерінің дамыған қоғамдық қатынастары жүйесіне негізделгендігін ескеру қажет. Құл иеленуші демократия, аристократия, олигархия, тирания режимдері бірқатар теоретикалық идеялардың: мемлекет түсінігі мен мақсаттары, мемлекеттік құрылымның көптүрлілігі, сондай-ақ мемлекет нысанының көптүрлілігі, мемлекеттік құрылымның тап күресіне бағыныштылығы, мемлекет пен құқық, заң мен әділеттілік, күш пен құқық арақатынасы идеяларының қалыптасуының практикалық астарын құрады. Ежелгі Греция адамзатқа авторлары аға софистер болып табылатын алғашқы демократия теориясын берді. Перикл. Демосфен.
Ежелгі Грецияның саяси-құқықтық ойларына мемлекет пен құқық мәселелеріне тереңдетілген философиялық және әлеуметтік талдау тән болып табылады..
Саяси-құқықтық ойлар тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі - Платон. Платон теориясын оқып-зерттеу барысында оның «мемлекет идеясы» ілімі философиялық алғышарттарға негізделгендігін түсіну шарт. Платонның «Мемлекет», «Заңдар» еңбектерін талдай отырып, оның мемлекет пен заңдарға қоғамды және жеке тұлғаны экономикалық, әлеуметтік, рухани өзгертудің құралы ретінде қарайтындығын түсінуіміз керек. Платонның мемлекетке берген анықтамасын білу керек, себебі ол дұрыс ұйымдастырылған мемлекет пен заңдар еркіндікті емес, әділеттілікті жүзеге асырушы деген дәстүрлі көзқарастың негізін қалады.
Аристотель теориясы оның тәжірибелік (эмпирикалық) әдістемесімен таныстырады. Оның мектебі мемлекет және құқық тәріздес құбылыстарды түсіндіру барысында тарихи фактілерге, географиялық, материалдық және рухани факторларға сүйену дәстүрін қалыптастырды. Аристотель теориясы – жүйелендірілген, діннен ажыратылған, тұтас саяси ілім. Оның мемлекеттің пайда болу теориясын, мемлекет түсінігін, мемлекеттік төңкерілістер туралы ілімін, мемлекет нысанын жіктеу принциптерін сипаттай білу қажет.
Аристотельдің мемлекет нысанының «дұрысы» ретінде сипаттаған «политиясына» назар аудару керек. Ол Аристотельмен «бұрыс» деп танылған екі нысанның: олигархия мен демократияның қосындысы ретінде қаралады.
Ежелгі Римнің саяси-заңдық конструкциясынан рим юристерімен жасалынған түсініктерді білу керек. Ежелгі Римнің өзіндік саяси ойларын қалыптастыруда танымал рим ойшылы және мемлекеттік қайраткері Цицеронның сіңірген еңбегін ерекше атап өту керек. Цицеронның саяси шығармаларын сипаттау барысында оның мемлекеттің аралас нысаны (демократия, аристократия, монархия элементтерін біріктірген) теориясына назар аудару керек. Цицерон Рим мемлекеттілігінде ерікті тұрғындардың барлық топтарына «жалпы келісімді» қамтамасыз етуге қабілетті саяси институттар (халық жиналысы, сенат, консулдар) барлығына сенді. Оның республиканы «халық ісі» ретінде анықтауы келесі дәуірлерде көптеген саяси ағымдармен пайдаланылды. Цицеронның табиғи құқық туралы ілімін түсіну қажеттілігі бар.
Христиандық ежелгі Римнің саяси идеологиясындағы маңызды құбылыс десек жаңылмаймыз. Бұл тақырыпты қарастыру барысында студенттер өз қатарына әлеуметтік, саяси және ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан қаналған топтарды біріктірген христиан қозғалысының әлеуметтік-саяси идеологиясы туралы көзқарас қалыптастыра білуге тиісті. Ертехристиандық ұрандарының жалпы демократиялық мазмұны қаналған таптардың бірігуіне, нәтижесінде барлық қозғалысқа және оның идеологиясына әмбебаптық сипат берді. Қозғалыс екі кезеңге бөлінеді: ерте христиандық (І-ІІ ғғ.) және мемлекетке, үстем тапқа қызмет еткен ресми философиялық-діни жүйе.
Бұл тақырыпта орта ғасырда кең таралған теократиялық теорияның негізін қалаған Августиннің саяси көзқарастары да қарастырылады. Ол рухани биліктің мемлекеттік биліктен сөзсіз басымдылығын уағыздаған және еретиктерді мемлекет күші мен құралы көмегімен қуғындау талабын қойған.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;31;34;52;67;76;81;84,94-96;106;
136-148.
№3. Орта ғасырдағы Арабтық Шығыс, Орта Азия елдері және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
Ортағасырлық мұсылмандық құқықтық ойлардың қалыптасуы және дамуының негізгі бағыттары
Түріктік ортағасырлық саяси-құқықтық ойлар
Мұсылмандық құқықтық концепцияның жалпы сипаттамасы
Тапсырмалар:
Семинар сабағының сұрақтары бойынша ауызша жауап дайындау
Конспект жасау: Арабтық Шығыс, Орта Азия елдеріндегі және Қазақстандағы ортағасырлық саяси және құқықтық ілімдер ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқаулар:
Арабтық Шығыс, Орта Азия елдері және Қазақстанның саяси идеологиясымен танысу барысында исламның саяси және құқықтық идеялары туралы көзқарас қалыптастыру керек. Ислам тек дін ғана емес, ол дүниетанымның өзіндік нысаны, идеологияның ерекше түрі; онда діни ғана емес, сонымен байланысты философиялық, әлеуметтік, этикалық және эстетикалық көзқарастар орын алған. Ислам адамдардың жеке өмірін ғана емес, тұтас халықтардың рухани және саяси өмірінің әртүрлі жақтарын, олардың тұрмысын ретке келтіріп отырған. Бұл тақырыпты игеру үшін саяси ойдың осы бағытының негізгі қайнар көздерін оқып-зерттеу керек; қоғамдық және мемлекеттік құрылым мәселелері ислам идеологиясымен қалай шешілгендігін білу қажет; рухани және зайырлы, діни және мемлекеттік аймақтардағы тұтас билікті түсіне білу шарт.
ХІ ғасырдан бастап мұсылман құқығы бірнеше бағытқа бөлініп дамыды. Мұсылман құқығының сүнниттік (ханифит, маликит, шафиит, ханбалит) және шииттік (джафарит, исмаилит, зейдит ) бағыттары қалыптасты. Аталмыш мектептер заңдық тұрғыдан алғанда бір-бірінен позитивті құқықты қалыптастыру тәсілдеріне және соның негізінде жеке сұрақтарды шешу барысында әртүрлі заңдық нормаларды қолданатындығына байланысты ажыратылады.
Исламдық саяси ойлар мемлекет пен саясатты зерттеудің екі жолын: нормативті-заңдық және этика-философиялық көрсетеді. Студенттер мемлекет, билік және бедел мәселелері жүйелі түрде нормативті-заңдық тұрғыдағы мемлекеттің классикалық теориясы көлемінде қарастырылатындығын білуге тиісті. Оның авторы Факих әл-Маварди болса, барынша кемелденген тұсы Ибн-Халдун еңбектерінен көрініс табады.
Этика – философиялық көзқарас тұрғысынан саясат, мемлекет, басқару туралы ілімдер Әбу Насыр әл – Фараби (Х ғ.) «Игі қала тұрғындары көзқарастары туралы», «Мемлекеттік қайраткер афоризмдері», «Азаматтық саясат» еңбектерінде көрініс табады. Онда жоғарғы билік өнеріне үлкен назар аударылады. Әл Фараби қала – мемлекеттердің екі түрін: «көр» және «игі» бөліп қарастырады. Әл Фарбидің «игі» қала мемлекеті адамды дұрыс өмір сүруге және аса құндылыққа жеткізетін барынша жақсы және табиғи қатынастың үлгісі. Онда тәртіп және тұрғындардың, алдымен басшылардың жоғары адамгершілік қасиеттері орын алады.
Ибн – Халдун араб – ислам философтарының көрнектісі. Оның «Мукддима» (кіріспе) трактатында тарихи – әлеуметтік талдау негізіндегі мемлекетке деген философиялық және заңдық көзқарастар біріктіріле отырып қарастырылады. Ол мемлекеттің қалыптасуының, дамуының және құлауының «табиғи заңдарын» өркениеттің көрсеткіші ретінде ашуа үлкен назар аударады. Оның теориясының ерекшелігі ол идеалды мемлекетті емес, орта ғасырлық шынайы мұсылмандық қоғам мен мемлекетті қарастырды. Сөйтіп, Халифаттың тарихи дамуын сипаттап, басқару нысанының ерекше классификациясын жасады.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;33;39;44;48;54;76;85;116;136-148.
№4. Ортағасырлық Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
Фома Аквинский ілімі
Ортағасырлық заңдық ой
Марсилий Падуанскийдің саяси-құқықтық ілімі
ХІ-ХІҮ ғғ. Ресейдегі саяси және құқықтық идеялар
Тапсырмалар:
Семинар сұрақтары бойынша ауызша жауаптар дайындау
Ортағасырлық Европадағы саяси және құқықтық ойлардың негізгі белгілері және ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқаулар:
Орта ғасырлық саяси идеологияға ойлаудың теократиялық нысаны тән. Оны шіркеу мен мемлекеттің ара қатынасын біле отырып, католик шіркеуінің Батыс Европадағы ролін ескере отырып ұғынуға болады. Ортағасырлық Батыс Европадағы католик шіркеуінің ресми саяси дуктринасының танутышысы Фома Аквинский болып табылады. Оның шығармашылық мұрасы көлемді және жан – жақты. Бір жағынан, ол орта ғасырлық теократиялық дуктринаның жақтаушысы болды: мемлекеттің тәңірлік пайда болу теориясын негіздегі, рухани биліктің зайырлы биліктен үстемдігі қжеттігін дәлелдеді. Бірақ, екінші жағынан, барлық билеушінің бірдей құдайдың құлы еместігін көрсетті. Ф Аквинский ұлттың көтеріліске құқығын және заңсыз билікке қарсыласу құқығын негіздеді. Биліктің үш элементі: пайда болу, пайдалану, мәні туралы ілімді қалыптастырды.
Ол ғылым мен сенімнің, патша билігі мен оның заңдарының ара қатынасы туралы мәселелерді көтерді.
Марсилий Падуанский теократиялық ілімнің негізгі флостулаттарына қарсы шығып, әр азамат үшін ар - ождан бостандығын талап етті. Оның әулет туралы ілімі қала тұрғындрының өзгерген әлеуметтік құрамын көрсетті. Бұл тақырыпты оқу барысында студент батысевропалық ортағасырлық еретиктер қозғалысының және шаруа соғыстарының саяси және құқықтық идеаларын білуге тиісті. Ресми догматтардан шетке шыққан христиан шіркеуінің ағымы «ересь» (ілім) деп аталды. Ересьтердің танымдық негізін ежелгі рационализм, әлеуметтік - саяси негізін бұқара халықтардың наразылығы құрады. Ересь мазмұнын сипаттау тек нақты тарихи болуы мүмкін, себебі христиандықтың қалыптасу кезеңіндегі ересь ІҮ - ҮІІ ғғ., ХІ – ХІІІ ғғ., реформация кезеңіндегі ересьтерден айрықша болады.
Бұл тақырыпты игеру үшін ортағасырлық заңдық ойға назар аудару қажет. ХІІ ғасырда Батыс Европада юриспруденцияның дамуына Иереми (1065 - 1125) негізін қалаған глосаторлар мектебі ықпал етті. Бұл мектептің мақсаты түпнұсқаларға сүйене отырып Рим құқығын оқып зерттеу болып табылады.
Студент орта ғасырлық батысевропада Рим құқығымен қатар канондық (шіркеулік) құқық және әдет – ғұрыптық құқық әрекет еткенін білуге тиісті. Құқықтың осы үш тармағын жеке дара қарау қажет.
Орта ғасырлық заңдық ойды зерттеу барысында оның екі бағыты бар екендігін ескеру қажет. Біріншісінде басты назар табиғи құқық мәселесіне аударылса, екіншісіне позитивті құқықтың нормалары, принциптері, жүйесі қарастырылады. Олардың екеуінің де жаңа замандағы ізін қуушылары бар.
ХІ – ХІІІ ғғ. орыс жылнамаларындағы саяси идеологияның оқу барысында саяси бірлік, жетілген басқарушы, орыс мемлекеттілігінің міндеттерін қалыптастыру идеяларына назар аудару керек. ХҮ - ХҮІ ғғ. Орыс мемлекетінің орталықтану кезеңінде саяси ой қарқынды дамыды. Студент мемлекет мәселесі бойынша Иосиф Волоцкий мен Нил Сорский арасындағы даудың мәнін білуге тиісті. «Москва – үшінші Рим» теориясының Орыс мемлекетінің көтерілуіне, оның жалпы тарихи мазмұнын анықтьауға тигізген әсері. Студенттер Иван ІҮ және Андрей Курбский дауының мәнін аша білуі керек. Иван Пересветов бағдарламасын білу шарт.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;26;30;31;40;47;52;76;136-148.
№5. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Европаның саяси және құқықтық ілімдері
Сұрақнама:
Никколо Макиавеллидің саяси және құқықтық ілімі
Реформацияның саяси және құқықтық идеялары
Жан Боден мемлекет және құқық туралы
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. европалық утопистік социализмнің саяси-құқықтық идеялары
Тапсырмалар:
Семинар сабағының сұрақтары бойынша ауызша жауап беруге дайындалу
Конспект құрастыру: Жаңғыру және Реформация кезеңдеріндегі саяси және құқықтық ойлардың жалпы сипаттамасы (жалпы және ерекше)
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты оқу барысында саяси-құқықтық ойлардың ортағасырлық діни дүниетанымнан арылып, мемлект пен құқықты танудың жаңа әдістері қалыптасқанын ескеру керек. Бұл үрдіске Николло Макиавеллидің тигізген әсері мол. Жаңғыру кезеңі әдістемесінің жаңалығы шынайы өмірдің нақты, тәжірибелік тарихи фактілерін оқып – зерттеп, оларды тұтас қарастыруда болып табылады. Француз юристі Боден әдістеменің де осы бағытта дамытты. Макиавеллидің құдай еркі адамзат тарихын анықтамайды деген тезисі жаңа типтегі саяси ойды қалыптастыруға әсер етті. Күшті орталықтандырылған мемлекет саяси доктринасы теократияны сынға алумен қосыла отырып Макиавелли ілімінде негізделді, оның қоғамдық күрестегі адамдардың материалдық мүддесінің ролі туралы көзқарастарын ұғыну қажет.
Жан Боденнің көзқарастарын қарастыру барысында егеменділік туралы ілімді, ал Жаңғыру кезеңінің саяси идеяларын қарастыру барысында оның екі бағытын: бюргерлік – реформаторлық және шаруа – плебейлік бағыттарды қарау керек.
Утопиялық социализмнің саяси идеяларын білуге де назар аудару қажеттілігі бар. Ол үшін утопистік социализмнің алғашқы ірі еңбектерін Т.Мордың «Утопия» және Т.Кампанелланың «Күн қаласы» еңбектерімен танысу ұсынылады.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;42;57;77;89;108;110;111;
124;136-148.
№6. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
ХҮІІ ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық ілімдер (Г.Гроций, Б.Спиноза)
ХҮІІ ғ. ағылшын төңкерілісі кезеңіндегі саяси идеялар
Т.Гоббстың саяси және құқықтық ілімдері
Дж. Локктың саяси және құқықтық ілімдері
Тапсырмалар:
Семинар сабағы сұрақтары бойынша ауызша жауап дайындау
Тақырып бойынша қорытынды жасау
Әдістемелік нұсқаулар:
Аталмыш тақырыпты оқып-зерттеуді мемлекет және құқық туралы буржуазиялық ілімдердің, буржуазияның саяси-құқықтық идеологиясының әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық алғы шарттарын қарастырудан бастаған жөн. Голландия мен Англиядағы ерте буржуазиялық төңкерілістер буржуазиялық саяси-құқықтық дүниетанымның дамуына әкеліп соқты. Мемлекет пен құқыққа буржуазиялық көзқарастар негізіне сол кезеңде прогрессивті болған адамның «табиғи құқықтары» (өмір сүру құқығы, еркіндік, теңдік құқығы, жеке меншікті иемдену және жарлық ету құқығы, ар-ождан бостандығы және өзгелер) концепциясы қаланды.
Оған жақын «қоғамдық келісім» концепциясы мемлекеттің индивид өміріне араласу құқығын шектеді. Бұл концепция адамның «табиғи жағдайдан» шарт көмегімен мемлекет жағдайына ауысуы теориясынан тарады.
Голландиядағы буржуазиялық төңкерілістер кезеңіндегі мемлекет және құқық туралы ілімдерді қарастыру барысында мемлекет пен құқық туралы ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан Гуго Гроций мен Бенедикт Спинозаның саяси-құқықтық көзқарастары мәнін ұғыну шарт.
Ағылшын буржуазиялық төңкерілісі кезеңіндегі саяси ойлар туралы айтқанда оның европалық деңгейдегі бірінші төңкеріліс болғандығын және соған байланысты оған қатысушы жақтардың қай-қайсысы болмасын (индепенденттер, левеллерлер, диггерлер) өздерінің саяси талаптарын шығармашылықпен негіздеуге тырысқандығын ескерген абзал.
Томас Гоббстың саяси теориясының өзіндік айрықшылығын айтқан жөн, ол «табиғи құқық» концепциясы мен мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясынан мемлекеттің шексіз билігі шығатындығын негіздейді.
Жаңа дворяндардың буржуазиямен компромисі идеологы бола тұрып Джон Локктың билік басына келген буржуазияның мүддесін көрсететіндігін және өзіндік ерекшелігі бар биліктің жіктелуі теориясын негіздейтіндігін атап өту керек.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;40;51;52;55;74;76;105;109;
136-148.
№7. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
Ағартушылардың саяси-құқықтық идеологиясының жалпы сипаттамасы, оның эволюциясы
Вольтердің саяси-құқықтық көзқарастары
Ш.Л.Монтескьенің құқық және мемлекет туралы ілімі
Жан Жак Руссоның саяси және құқықтық ілімі
Якобиншілердің (Жан Поль Марат, Максимилиан Робеспьер) саяси-құқықтық идеологиясы
Утопистік социализм және коммунизмнің (Мелье, Морелли, Мабли, Бабеф) саяси-құқықтық идеялары
Тапсырмалар:
Семинар сабағы тапсырмалары бойынша ауызша жауап дайындау
Франциядағы ХҮІІІ ғасырдағы саяси-құқықтық идеологияның барлық негізгі бағыттарын енгізе отырып қысқаша тұжырымдама жасау
Әдістемелік нұсқаулар:
1789-1794 жж. Буржуазиялық төңкерілісті дайындаған француздық саяси-құқықтық ойлар «табиғи құқық», қоғамдық келісім және халықтық егеменділік концепцияларын феодалдық мемлекеттік-құқықтық институттарды сынау үшін кеңінен қолданды. Адам құқықтары идеясын қалыптастыру маңызды қадам болды. Француз ағартушылары идеяларының сатылы дамуын оқып-зерттеу барысында олардың саяси позицияларын дифференциалды түрде қарастыра білу қажет. Оз заманы үшін алдыңғы қатарлы пікір білдірген Вольтердің саяси-құқықтық көзқарастарына назар аудару керек.
Ерте буржуазиялық идеология мемлекеттік механизм теориясымен көп айналысты. Бұндай механизм идеалы билікті бөлісу туралы ілімдерде орын алды. Оның негізін салушы ретінде танылған Монтескье еңбектерін қарастырғанда географиялық және саяси факторлардың заңдар қалыптастыруға тигізетін ролі туралы, саяси еркіндік пен заңдылық туралы доктриналарына назар аудару қажет.
Жан Жак Руссо ілімінде қоғамдық келісім идеясы барынша жан-жақты қаралған. Әсіресе, «жалпы ерікпен» жүзеге асырылатын халық егеменділігі теориясы өзіндік мазмұнымен айрықша көрінеді. Руссоның қоғамдық келісім доктринасымен танысу студенттерге ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. кең таралған осы теорияны толығырақ игеруге мүмкіндік береді.
Қоғамдық келісім теориясы адамзат қоғамының мемлекеттік тарихи болмысқа ауысуының тәсілдері мен салдарын түсіндіру үшін ғана қолданылмайды, сонымен бірге, саяси құрылымның тиімді үлгісінің идеологиясын құру үшін керек. Қоғамдық келісім теориясы өз заманы үшін прогрессивті маңызға ие болғанын түсіну қажет: а) оның көмегімен саяси-құқықтық ойлар теологиялық ілімдерден ажыратылды, мемлекеттік билік құдай еркінің емес, адам еркі мен санасының жемісі екендігі бекітілді; ә) осы теорияға сүйене отырып, ерте буржуазия идеологтары мемлекеттік биліктің халық алдында жауапкершілігі принципін ұсынды. Жауапкершілік азаматтардың «табиғи құқықтарына» қол сұқпау міндетіне негізделді. Нәтижесінде шексіз монархия қоғамдық келісімді бұзатын, халық құқығын қанайтын билік ретінде танылды. Тікелей демократия теоретигі – Руссоның тұғырнамасын ерекше қарастыру керек.
1789-1794 жж. Француз буржуазиялық төңкерілісі кезеңіндегі саяси-құқықтық идеяларды қарастыру барысында Робеспьер мен Мараттың төңкерілістік демократизміне және төңкерілістік үкімет теориясына назар қою қажет. Сондай-ақ утопистік социализм идеологтары – Мабли, Морелли, Мельенің саяси көзқарастарымен танысу жөн. Мельенің қоғам мен мемлекетті төңкеріліссіз түбегейлі қайта құру мүмкін емес деген ойын Бабеф әрі қарай дамытып, коммунистік қоғам орнатудың төңкерілістік жоспарын дайындаған.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;49;57;66;76;79;84;102;106;
109;122;136-148.
№8. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
АҚШ-тың саяси-құқықтық ойларының қалыптасуы
Радикалды демократтардың (республикашылар) саяси және құқықтық идеялары
«Федералистердің» саяси және құқықтық идеялары
Тапсырмалар:
Семинар сабағының сұрақтары бойынша ауызша жауап дайындау
Тақырып бойынша қысқаша тұжырымдама жасау
Әдістемелік нұсқаулар:
АҚШ буржуазиялық төңкеріліс идеологтары Европадағы идеялық-саяси қозғалыспен тығыз байланысты болғандықтан, саяси-құқықтық актілерде, АҚШ тәуелсіздігі туралы Декларацияда табиғи құқық, қоғамдық келісім және халықтың төңкеріліске құқығы идеяларын бекітті. «Табиғи құқық» әрекеттегі заңнаманың негізі және бағалау өлшемі ретінде танылды. «Табиғи құқықты» бұзушы заңдардың бағынуды талап ете алмайтындығы айтылды. Осыған байланысты, феодализмнің барлық саяси-заңдық тағайындалымдары дұрыс емес деп жарияланды. АҚШ-тың осы кезеңіндегі алдыңғы қатарлы саяси-құқықтық ойлары Европадағы антифеодалдық күресті идеологиялық жабдықтауға ықпал етті. Джефферсон мен Пейннің саяси көзқарастарын қарастыра отырып, олармен дайындалған халық егеменділігі теориясының төңкерілістік рухпен ажарланғанын көреміз.
«Федералистер» деген ортақ атаумен ХҮІІІ ғ. соңында АҚШ күшті федералды орталыққа бағынатын одақтық мемлекет ретінде дамуын жақтаған саясаткерлер мен юристердің тобын айтамыз. Оның қатарына Дж. Вашингтон, Дж. Адамс, А.Гамильтон, Дж. Джей, Г.Моррис, Дж. Мэдисон және басқалар кіреді. Олардың көзқарастары 1787 жылғы АҚШ Конституциясында көрініс тапты. Федералистер мен олардың оппоненттері республикашылардың конституционализм, федерализм, өзара тежеу және қарсы салмақ көрсету жүйесі, соттық конституциялық бақылау, конституцияны кеңейте талқылау туралы концепциялары саяси-құқықтық теорияның дамуына американдықтардың енгізген ерен үлесі болып табылады.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;40;45;56;76;106;112;114;
136-148.
№9. ХҮІІІ ғ. соңы-ХІХғ. басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
Құқық пен мемлекет туралы И.Канттың ілімі
Г.В.Ф.Гегель құқық пен мемлекет туралы
Құқықтың тарихи мектебі (Г.Гуго, Ф.Савиньи, Г.Пухта)
Тапсырмалар:
Семинар сабағы сұрақтары бойынша ауызша жауап дайындау
Канттың құқық және мемлекет туралы ілімі бойынша білім базасының логикалық схемасын құрастырыңыз
Гегельдің құқық және мемлекет туралы ілімі бойынша білім базасының логикалық схемасын құрастырыңыз
Әдістемелік нұсқаулар:
ХҮІІІ ғ. соңы-ХІХғ. басындағы Германияның саяси және құқықтық ілімдерін оқып-зерттеуді осы тұста Германияда қалыптасқан тарихи және әлеуметтік –экономикалық жағдайды ұғынудан бастау керек. Елдегі таптық күрестің ерекшеліктерін және оның саяси-құқықтық идеологияда көрініс табуын түсіну шарт. Неміс буржуазиясында сатылы төңкерілістік қасиеттердің болмауы абстрактілі идеалдың болуына және қоршаған шындықты талдау барысында күрделі абстрактілі терминологияға әкеліп соқты.
Канттың саяси – құқықтық көзқарастарын түсіну үшін оның философиялық ойларын ұғыну қажет. Танушы субъектіге байланыссыз алынған шын өмір адамға белгісіз болып қалады, Кант терминологиясына сәйкес «өздік зат» деп аталады. Кант адам тәжірибесінен адам санасының шынайы өмір құбылыстары мәнін дұрыс бейнелеу қабілетіне дәлел таба алмады. Дегенмен табиғатпен қатар болмыстың ерекше түрі – ерікті әрекеттер дүниесі, яғни жақсылық немесе жамандық тұрғысынан бағалауға болатын адам бостандығы дүниесі болады. Ерікті, еркін әрекеттер дүниесінде табиғаттың табиғи заңдарынан ерекше заңдар – адамгершілік заңдары әрекет етеді. Канттың ойынша, адамгершілік заңдары әрбір саналы жан үшін міндеттілік күші болуы және оларды саналы жан түсінігінен шығару қажеттігі болды. Бұл моральдық заңдарды Кант «қатаң императив» деп атады. Қоданыстағы заңдарға қатысты олар «табиғи құқық» ретінде көрінді.
Канттың құқық түсінушілігі адам тұлғасына тән еркіндікпен байланысты екенін білу керек. Құқық бір жанның екіншіге қатысты бұзықтығын жалпы объективті еркіндік заңы көмегімен шектейтін белгілі бір шарттардың жиынтығы. Кант нақты жағдайда жеке тұлғаның еркіндігі адамгершілік бұзуы мүмкін екенін таныған. Осыдан мемлект және мемлекет ішінде әрекет ететін құқық тарапынан мәжбүр етудің қажеттілігі келіп шығады. Бірақ ол қатаң императив қағидасына сай болуы тиіс.
Этика мен құқықтан Кант мемлекетті қарастыруға көшеді. Кант мемлекетті құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдардың бірлігі ретінде түсінеді. Мемлекет жақсылығы құқықтың үстемдігі мен оны қорғаудан көрінеді. Осы ойлар Кантты «құқықтық мемелекет» концепциясының негізін салушы ретінде санауға мүмкіндік береді. Студент Канттың ұсынған халық егемендігі принципінің ерекшеліктерін білуге және оның буржуазиялық реформизмнің барынша ерте және типтік идиологі екенін түсінуі керек. Қорыта келгенде, Кант ұсынған «мәңгі дүние» тағайындау жобасы ерекшеліктерін түсіну керек.
Гегельдің саяси - құқықтық ілімін талдау барысында оның мемлекет пен құқықты «философиялық» түсіндіруге тырысатындығын есте ұстау керек. Ол мелекеттің, құқықтық жүйенің дамуы мен ауысуының нақты тарихи үрдісін зерттеу үшін қоғамдық болмыстың идеалды бастауы ретіндегі еркіндік пен саналыққа қозғалысты ашу керек деп санады. Қоғам мен қоғамдық қатынастарды талдауды Гегель қоғамдық байланыстың жәй түрін: өзге жандармен байланысты жеке тұлғаны қарастырудан бастайды. Бұл қатынастар негізделетін принциптерді: адамдардың теңдігі, жеке меншік, табиғатқа қатысты адам бостандығын жүзеге асыру, жеке еріктің шартта келістіру, бұзақылық үшін жаза – Гегель «абстрактілі құқық» деп атаған. Оны түсіндіру барысында Гегель «өзіндік құқық» және «құқық нысаны түріндегі емес құқық» терминдерін қолданады және аталмыш принциптердің өмір сүруі оны мемлекеттің тануына бағынышты емес деп санайды. Гегель философиялдық пен позитивтікті ажыратады.
Гегель «құқық» терминін үш мағынада қолданады: 1) құқық еркіндік ретінде («құқық идеясы»); 2) құқық еркіндіктің белгілі бір дәрежесі және нысаны ретінде («ерекше құқық»); 3) құқық заң ретінде ( «позитивтік құқық»). Гегельдің құқықтық ілімінде оны абстрактілі құқық концепциясы маңызды роль атқарады, меншік, шарт және өтірік мәселелерін көтереді. Абстрактілі құқық мәнін құқық негізінде жек тұлғананың еркіндігі жататындығымен сипатталады. Еркіндік жеке бұзықтықтың саналы өзін - өзі шектеуден көрінеді. «Адам бол және өзгелерді адам ретінде құрметте». Тұлға еркіндігін жеке меншік құқығында жүзеге асырылады. Адамдар ерікті тұлға ретінде тең болғандықтан, жеке меншікке де тең құқығы бар. Еркіндік пен құқықты гегельдік түсіну құлдық пен басыбайлыққа қарсы бағытталады. Жеке еркіндіктен ажырату әділетсіз және жойылуға тиісті.
Гегельдің азаматтық қоғам мен саяси мемлекетті ажырата қарауын және азаматтық қоғамды қарама-қайшылықтарға толы, барлығының бырлығымен соғыс ретінде қарауын білу керек. Гегель аса бай азаматтық қоғамның өзі аса кедейлікпен күресу үшін жеткіліксіз бай деп санаған. Сондай – ақ оның азаматтық қоғам ішіндегі әулетке жіктеуін білу қажет.
Гегельдің азаматтық қоғам мен мемлекет арақатынасы туралы ережелерін ұғыну шарт. Ол азаматтық қоғамның дамуы мемлекетті қажет етеді, оның көлемінде жанұя азаматтық қоғамға бастау болады деп санаған. Бұл идеялар идеалистік сипатта болған. Дегенмен де олар үлкен теоретикалық роль атқарған.
Мемлекет сана, еркіндік пен құқық, «ұлы адамгершілік ағза», «құдайдың дүниеге шеруі» ретінде қарастырылып жалпы мүддені білдіреді деп санаған. Гегельдің билікті жіктеу концепциясын ұғыну және оның саяси идеалы концитуциялық монархия болғандығын білу керек. Ол жартылай феодалдық режимнен буржуазиялық құрылымға бейбіт түрде көшуге мүмкіндік береді.
Қорытындысында Гегельдің халықаралық құқыққа көзқарасын ұғыну және ойшылдың «саналы шындық, шын саналы» деген ойын түсінген жөн.
Құқықтың тарихи мектебі идеяларын оқу барысында бұл мектептің құқық мазмұны туралы мәселені емес, ол қалай пайда болады, тарихы қандай деген сұрақтарға назар аударатындығын ескерген жөн. Бұл мектеп төңкерілістік сипаты болғандығы үшін табиғи құқықтық теорияны сынға алады. Құқықтың тарихи мектебінің рекциялық сипатын ескеру қажет. Дегенмен құқықтың тарихи мектебі құқықты заңды, дамушы құбылыс ретінде қарастырды және жемісті әдістемелік ережелері бар.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;50;61;62;106;128;136-148.
№10. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
Француздық либерализм (Б.Констан, А.Токвиль)
Ағылшын либерализмі (И.Бентам, Дж. Милль)
Неміс либерализмі (Л.Штейн, В.фон Гумбольт)
Социализм идеологтарының саяси-құқықтық көзқарастары (Сен-Симон, Фурье, Оуэн)
Тапсырмалар:
Семинар сабағының сұрақтары бойынша ауызша жауап дайындау
«ХІХ ғ. І жартысындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық идеология: негізгі бағыттары мен мәселелері, көрнекті өкілдері» тақырыбында конспект дайындау
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты оқып-зерттеу барысында Батыс Европада капитализмнің дамуы тап күресінің шиеленісуімен байланысты екендігін естен шығармау қажет. Ол буржуазиялық саяси институттарды теріске шығарған феодалдық реакция идеологтарының (құқықтың теократиялық мектебі) ілімдерінде, буржуазиялық либерализм идеологтарының ілімдерінде және ХІХ ғасырдың басындағы утопистік социализмде көрініс тапты.
Өндірістік капитализм және еркін бәсекелестік кезеңіндегі либерализмнің үстем буржуазиялық саяси доктрина ретіндегі ерекшеліктерін түсіне білу керек. Төңкерілістік сипаттағы табиғи-құқықтық доктринаны буржуазияның мүддесін қорғаушы рухта қайта қарастырудың себептерін ұғыну жөн.
Әрі қарай буржуазиялық қоғамның мемлекеттік-құқықтық мекемелерін қатаң сынға алған утопистік социалистердің саяси идеяларының ерекшеліктерін қарастырған дұрыс. Сонымен бірге, студенттер ұлы социалист-утопистердің саяси күрестің барлық нысандарына теріс қарау себебін анықтай білуге тиісті.
Сен-Симон, Фурье және Оуэннің болашақ қоғамдағы мемлекеттің экономикалық роліне деген көзқарастарын оқып-зерттеу және олардың қоғамдық құрылымды қайта құру идеялары утопистік сипатта болса да, прогрессивті мағынасы болғандығын игеру керек.
Әдебиеттер:1-16;18-20;22;30;31;78;80106;109;136-148
№11. ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ.басындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
Батыс Европадағы марксизм саяси-құқықтық ілімі (К.Маркс, Ф.Энгельс)
Позитивизм негізін салушылардың саяси және құқықтық концепциялары (О.Конт, Г.Спенсер)
Заңдық позитивизм. Джон Остин.
Әлеуметтік позитивизм (Р.фон Иеринг, Л.Гумплович)
Тапсырмалар:
Семинар сұрақтары бойынша ауызша жауап беруге дайындалу
Жазбаша қорытынды жасау: «Батыс Европадағы марксизмнің саяси-құқықтық ілімдері»
«Құқықтануда жаңа мектептердің пайда болуы: заңдық және әлеуметтік позитивизм» тақырыбында білімдер базасының логикалық схемасын құрастырыңыз.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты қарастыру барысында буржуазиялық саяси және құқықтық теориялар дамуының капитализмнің әрі қарай гүлденуін негіздеген әлеуметтік алғышарттарына тоқталу керек. Дегенмен де, ХІХ ғ. соңына қарай еркін бәсекелестік монополия үстемдігіне жол бере бастағанын ескерген жөн. Имперализмнің қалыптасуы әлеуметтік қайшылықтардың өткір шиеленісімен сипатталды. Марксизм ықпалы артты. Буржуазиялық мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық әрекетін кеңейте отырып, қоғамдық өмірдің әртүрлі аймақтарына белсенді араласа бастайды. Бұның барлығы либералдықтан бастап реакциялыққа дейінгі әртүрлі буржуазиялық саяси-құқықтық теориялардың кең таралуын туындатты.
Аталмыш кезеңнің буржуазиялық саяси және құқықтық теориялары жеңіске жеткен таптың идеялары ретінде қалыптасқанын анық түсіну керек. Олар капиталистік қоғамның мемлекеттік мекемелері мен құқықтық жүйелерінің мызғымастығына сенімді. Сондықтан, саясаткерлер мен заңгерлер басты міндет ретінде әрекеттегі мемлекеттік механизмді (парламент, сот жүйесі, атқару билігі органдарын) зерттеу және олардың жалпы белгілерін анықтау деп түсінді. Құқыққа көзқарас та осы тәріздес еді. Тек мемлекетпен тағайындалған нормалар ғана құқық ретінде танылды. Құқық нысанының белгілері анықталынып, жалпы теоретикалық құқықтық конструкциялар қалыптастырылды.
Танымдық жағынан ХІХ ғ. екінші жартысындағы буржуазиялық саяси және құқықтық ілімдер метафизикалық әдістемені теріске шығарып, позитивизм негізінде дамыды. Мемлекет пен құқықтың позитивистік теориясы екі түрде көрініс тапқанын білу және түсіндіре алу керек. Біріншісі – заңдық позитивизм, әрекеттегі мемлекет механизмін зерттеумен, мемлекеттік мекемелер мен құқықтық жүйелердің белгілерін анықтаумен шектеледі. Өкілдері: Д.Остин, К.Бергбом, А.Эсмен, Г.Ф.Шершеневич. Екіншісі – әлеуметтік позитивизм, құқықты өзге әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста қарастырады. Өкілдері ретінде Р.Иеринг, Г.Спенсер, Л.Гумпловичті атауға болады.
ХІХ ғ. екінші жартысындағы буржуазиялық теориялардың көптігіне және әртүрлілігіне қарамастан, студент олардың таптық тұрғыдағы жалпы идеялық бағытталғандығын көрсете білуге тиісті.
Әдебиеттер:1-16;18-20;22;30;31;73;106;109;113;136-148
№12. ХІХ ғ.- ХХ ғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
ХІХ ғ. І жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ойлар
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ілімдер
Большевиктердің саяси-құқықтық идеологиясы
Тапсырмалар:
Аталмыш тақырыпты оқулық, хрестоматия және қосымша әдебиеттерге сүйене отырып оқу және семинар сұрақтарына ауызша жауап беруге дайын болу
«ХІХ –ХХ ғғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ойлардың басты бағыттары және олардың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша конспект дайындау. Әр бағыттың саяси-құқықтық мәселелерін ашу, көрнекті өкілдерін атау керек.
Әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпта феодализмнің ыдырау үрдісін, капиталистік қатынастардың дамуын, Ресейдегі басыбайлыққа қарсы шаруа күресінің ұлғаюын, патша үкіметінің реакциялықтан либерализмге ауысуын көрсету маңызды. Міне осы тұрғыдан М.Сперанский жобасын, оның басыбайлыққа қатынасын, мемлекеттік биліктің мүмкін болатын құрылымына көзқарасын қарастыру қажет.
Дворян төңкерілісшілерінің, дворяндық қозғалыс идеологтары П..И. Пестель, Н..М. Муравьев жобалары Ресейдегі саяси-құқықтық ойлардың дамуының өзіндік кезеңі болып табылады. Бұнда олар ұсынған экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттік қайта құрудың мазмұны мен мәнін игеру маңызды. П.Я. Чаадаевтің «филосрфиялық хаттары» төңірегінде болған дау барысында орыс қоғамдық-саяси ойлар батысшылар мен славянофилдер деген екі бағытқа бөлінді. Студент осы бағыттардың негізгі ережелерінің сипатын білуге тиісті.
Төңкерілісші демократтардың саяси-құқықтық ілімдерін зерттеу барысында А..И. Герценнің тек шаруа қауымы арқылы ғана социалистік құрылымға ауысуға болады деген көзқарасын ұғыну қажет. Социал-утопист Н.Г. Чернышевский өз идеалын жүзеге асыру жолы шаруа көтерілісі деп біледі. Олардың мемлекет пен құқық мәнін, ерекше белгілері, Ресейдегі құрылымның тарихи шектері мен сипаты, халықтың төңкерілістік күресіндегі мемлекет ролі туралы көзқарастарын да білу керек. Революционер –демократтардың Ресейдің саяси және құқықтық ойларын әрі қарай дамытуға тигізген ықпалын білген жөн.
ХІХғ. 60-70жж. Төңкерілістік халықшылардың саяси пікірлерін ұғыну барысында мемлекетті жоюды талап ететін М..А. Бакулин ілімін қарастыру керек. П. Л. Лавров концепциясын қарастырғанда, оның халықты төңкеріліске үгіт-насихат көмегімен дайындау керектігі туралы идеясын ескерген жөн. П. Н. Ткачевтің самодержавиеге, билік пен төңкерілісті жүзеге асыру нысандарына көзқарасын зерттеу керек.
Большевизмнің саяси-құқықтық идеологиясын оқу барысында Ресейде марксизмнің пайда болуына назар аудару керек. Ресейге 80ж. басында Г. В. Плеханов басқарған «еңбек азаттығы» маркстік тобы пайда болды. Олар халықшылардың саяси идеологиясына, ревизионизмге қарсы күрес жүргізді. Бірақ ол проретариат диктатурасын дұрыс бағаламады, шаруа ролін түсінбеді, буржуазия ролін жоғары бағалады. Осының бәрі оның меньшевиктік көзқарасын негіздеді. ХХ ғ. басында Ресей социал-демократиясында большевизм бағыты РСДРП ІІ съезінде құрылды. Оның көрнекті өкілдері В. И. Ленин, Н. И. Бухарин, И. В. Сталин.
Большевизмнің саяси-құқықтық идеяларын сипаттау үшін оның идеологтарын осы ережелерден қуат алғанын және оның мәндік кеңістігінде қалуды игі іс деп санағанын білу керек. Оның мысалы, пролеториат диктатурасы жүйесіндегі коммунистік партияның орны мен ролінің лениндік концепциясы. Большевиктік ой саяси конъюктураға тез бейімделді, дамып отырды.
Орыс либерализмі саяси-құқықтық концепциясымен танысу кезінде либералдық ойдың самодержавие мен басыбайлық дәстүріне қарсы тұру барысында пайда болғанын ұмытпау керек. Ресейдегі либералдық идеологияның басты белгісі оны буржуазиялық емес топтар: дворяндар, мемлекеттік шенеуіктер, профессорлар, журналистер дамытуы болып табылады. Оған эклектизм, синкретизм, компромистік, жартылық, төңкерілістік емес сипат тән . Либералистік доктринаның негізгі ережелерін: кәсіпкерлік еркіндігі мен жеке ынтаға сүйенген капитализм, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, қоғамның зайырлы сипаты, саяси плюрализм, жалпыға бірдей сайлау құқығы,парламент, конституциялық монархия немесе республика, «құқықтық мемлекет» және заңдылық режимі білу керек. Либералдық саяси-құқықтық ойдың негізі құқыққа құрметті тәрбиелеу болып табылады.
Либералдардың ірі өкілі юрист, әлеуметтанушы, тарихшы және қоғамдық қайраткер – Б. Н. Чичерин. Оның мемлекет пен құқыққа қатысты көзқарастарын зерттеу қажет.
ХІХ ғ. соңы – ХХғ. басында либералдық идеология шектеулі монархия және құқық пен құқықтық тәртіп мәселелерін қарастырды. Оның орталығын жеке психологиялық қасиеттері мен белгілері болатын тұлға құрайды. Осы кезеңде Ресейде заңдық ғылым қарқынды дамыды. Оның позитивистік құқық теориясы мен психологиялық құқық теориясы түрлерін білген жөн. заңдық позитивизм (С.В. Пахман, Г. П . Шершеневич) абсолюттік мемлекет қажеттілігіне қызмет етсе де, құқыққа құрмет қалыптастыру мен заңдылықты нығайтуға объективті ықпал етті. Әлуметтік позитивизм (С. А. Муромцев, М. М. Ковалевский) күрделі қоғамдық процестерді түсіндіріп, мемлекет, құқық, саясатты өзге әлеуметтік құбылыстармен байланыстыра қарастырды.
Ресейде ХІХғ. ІІ жартысында психологиялық ой дамыды. Құқықтың психологиялық аспектілерін қарауға Н. М. Коркунов үлкен үлес қосты. Дегенмен психологиялық теория мен құқық мектебін жасауда Л. И. Петражицкий көп еңбек сіңірді.
Әдебиеттер:1-16;18-20;22;32;41;52;68;73;83;87;101;106;115;
117;128;134;136-148
№13. ХІХ ғ. ІІ жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар
Сұрақнама:
ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлардың жалпы сипаттамасы
Қазақ ағартушыларының саяси-құқықтық идеялары, олардың ерекшеліктері
ХХ ғ. І ширегіндегі Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар
Тапсырмалар:
Семинар сабағы сұрақтарына ауызша жауап беруге дайындалу
«ХІХ ғ. ІІ жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойдың негізгі бағыттары (ерекшеліктері, көрнекті өкілдері, мәселелері)» тақырыбын талдауға қатысу
Әдістемелік нұсқаулар:
Сабаққа дайындалу Қазақстанның қоғамдық-саяси және құқықтық ойлары тарихын зерттеу және оны тұтас үрдіс ретінде қарастыру керек. Мына мәселелерге ерекше: 1) Қазақстанның ұлы ойшылдарының қоғамдық–саяси көзқарастары мен халық философиясы жүйесінің объективті мазмұнын түсіндіруге; 2) прогресивті қазақ қоғамдық-саяси және құқықтық ойлары даму тарихындағы байланыс пен ұрпақ жалғастығын ашуға назар аудару керек.
Қазақстанның қоғамдық-саяси және құқықтық ойларын аса бай көп ғасырлық тарихқа ие. Оның бастауы фольклорда көрініс тапқан халық философиясы, ол дамыған тілдік мәдениетте өз дәуірінің ұлттық риторикасының және құқықтық мәдениетінің байлығын қамтыған. Кейіннен ол ХҮІ – ХІХ ғғ. қазақ ақын, жырауларының шығармашылығында бейнеленіп, ХІХғ. қазақ ағартушыларының шығармашылығына және ХІХ ғ. соңы – ХХғ. басы қазақ демократиялық интеллигенция еңбектеріне ауысты.
Әдебиеттер:1-20;22-25;27-28;36-38;43;46;53;58-60;63;64; 69-71;82;86;90-93;98-99;103;107;119-120;132;136-148
№14. ХХ ғасырдағы Европа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
ХХ ғасырдың негізгі құқықтық теориялары
ХХ ғ. саяси ғылымның саяси-құқықтық концепциясы
Ұлттық-социализмнің саяси-құқықтық идеологиясы
КСРО-дағы саяси және құқықтық ойлар
Тапсырмалар:
«ХХ ғасырдың саяси және құқықтық ойларының белгілері және негізгі бағыттары» тақырыбы бойынша конспект дайындау
«КСРО-дағы саяси және құқықтық ойлар» мәселесін ауызша талдау
Әдістемелік нұсқаулар:
Тақырыпты оқу барысында осы жылдарды сипаттайтын негізгі дүниежүзілік тарихи құбылыстар мен оқиғалар тізімін білу керек. Оларға монополистік капитал дәуірі, империализм, социалистік төңкеріліс, екі жүйенің қарсы тұруы, отарларды азат ету, «шынайы социализм» дағдарысы, капитализмнің трансформациялануы және Батыста «әлеуметтік мемлекеттің» құрылуы жатады.
Аталмыш кезеңде саяси ойлардың ролі өзгеретіндігіне назар аудару керек. Бұны саяси партиялардың қоғамдық өмірдің маңызды және үнемі әрекет етуші факторына айналуымен түсіндіруге болады. Әрине, саяси ойдың саяси мүдде мен күреспен байланысы бұрынғы кезеңдерде де болған, бірақ ХІХ ғасырдың соңынан бастап бұл жалпы тәртіпке айналып, тұрақты сипат алады. Осыған байланысты ХХ ғасырдың саяси ойшылдарының арасында саясаткерлер мен қоғамдық қайраткерлер ерекше орын ала бастайды. Саяси-құқықтық ой жеке іс болудан қалып, қоғамдық маңызы артады.
Тақырып бойынша жұмыс ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары мен концепцияларын зерттеумен байланысты болуға тиісті. Осы концепциялар мен бағыттардың тарихи және теоретикалық тамырларын, кейінгі дамуын және қазіргі маңызын ашу керек. Тиісті саяси-құқықтық концепцияның зерттеу барысында олардың гносеологиялық және аксиологиялық аспектілері байланысын, қалыптасу логикасы мен механизімін, құқық, мемлекет және саясат аймағында жалпы адамзаттық құндылықтардың таралуы мен дамуы қарастырылады.
Әдебиеттер:1-16;18-20;22;30;31;76;83;84;101;106;109;111;
114;118;121;123;125;127;129;130;136-148
№15. ХХ ғ. Қытайдағы, Үндістандағы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси және құқықтық идеялар
Сұрақнама:
Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары (М.Ганди, Д.Неру)
Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары (Сун Ятсен, Мао Дзэдун)
Посткеңестік кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси-құқықтық идеялары
Қазақстанда тәуелсіз мемлекет қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі саяси және құқықтық идеялар
Тапсырмалар:
« Ұлт-азаттық қозғалысының саяси-құқықтық идеологиясының жалпы сипаттамасы» сұрағы бойынша конспект жасау
«ХХ ғасырдағы Шығыс елдерінің саяси және құқықтық ойлары» тақырыбы бойынша пікірталасқа дайындалу
Әдістемелік нұсқаулар:
Сабаққа дайындалу барысында ұлт-азаттық қозғалысына тән саяси ойлардың бағыттары мен міндеттерінің жан-жақтылығын атап өту керек. Саяси және құқықтық аймақтарда Шығыс дәстүрі күшті мемлекеттік билік идеяларында көрініс табатынына назар аударамыз. Осы шығыстық саяси мәдениетке тән қасиет Батыспен жақындасуға тырысқан саяси қайраткерлер мен ойшылдарға да тән. Шығыстың саяси ойлары Саяси және құқықтық ілімдер тарихы курсы бағдарламасына сәйкес екі үлкен мемлекет Қытай мен Үндістанды мысалға ала отырып қарастырылады. Үндістанға тәуелсіздік үшін күрестің бейбіт жолы, қоғамдық өзгерістердің бірізділігі, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың біркелкі дамуы тән. ХХ ғасырдағы Үндістандағы көрнекті саяси қайраткер және идеолог ретінде тәуелсіздік үшін күрестің көсемі Махатма Ганди мен тәуелсіз мемлекеттің бірінші премьер-министрі Джавахарлал Неруді танимыз. Олар капиталистік құрылымды терістеп, әлеуметтік әділеттілікті бекітуге тырысқан. Ганди мұрасында ежелгі ұлттық дәстүрлер, үнді өркениетін жаңғырту тілегі айқын көрінеді. Неру батыс пен шығыс мәдениеттерінің синтезі арқылы прогреске жетуге ниеттенді.
Қытайдың азаттық қозғалысында 1905 жылы Сунь Ятсен басшылығымен құрылған «Біріккен одақ» мүшелері ядросын құраған төңкерілістік-демократтық күштер басым болды. Қытай төңкерілісі көсемі ұлттық типтегі социализмге бой ұрған. Қытайдың Коммунистік партиясының идеологиясының қалыптасуына әсер еткен жағдайлар мен факторларды білу қажет. Қытайдың Коммунистік партиясының басшысы Мао Дзэдун марксизмді жартылай отар аграрлық мемлекет жағдайына КСРО тәжірибесін есепке ала отырып жақындатуға тырысты. Азаматтық соғыс логикасы оны күштеуді абсолюттендіруге және күрестің қатал нысандарына әкеліп соқтырды. «Мәдени төңкеріліс» кезеңінде де осы бағыт негізсіз қолданылды.
Қазақстандағы және посткеңестік кеңістікте пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси және құқықтық идеяларын оқып-зерттеу барысында қайта құру мен КСРО-ның құлауы кезеңіндегі оқиғалардың хроникасын білу керек. Қазақстанда егемендіктің де-юре қалыптасуы мемлекеттік тәуелсіздік, егемендік ұлттық-мемлекеттік құрылыс туралы идеялар қалыптасуы қалай және қандай тарихи, саяси жағдайда жүзеге асқанын білу маңызды. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму концепциясының саяси-құқықтық идеяларын оқып-зерттеуге үлкен назар аудару қажет.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;31;48;64;75;83-84;88;97;99-100;
104;109;118;126;127;131;133;136-148
