Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
800 шт на каз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

60 Жастағы науқаста келесі симптомдар анықталады: дисфагия, дисфония, дизартрия. Бұл жағдайда қандай синдром туралы ойлауға болады//

Таламикалық синдромы//

Джексон альтернирлеуші синдром//

+Бульбарлы синдром//

Вебер альтернирлеуші синдромы//

Мийяр-Гублер альтернирлеуші синдромы

***

Науқаста гиперкинетикалық синдромы анықталады. Бұл жағдайда қандай жүйенің зақымдануы туралы ойлауға болады//

+Экстрапирамидтік//

Пирамидтік//

Вегетативті//

Сезімталдық//

Бас ми қыртысы

***

А. науқас бас айналу, қозғалыс координациясының бұзылуына, аяқтардағы әлсіздікке, жүрісінің қиындауына, зәр мен нәжіс шығаруының тоқталуына шағымданады. Анамнез мәліметтері: үш ай бұрын көз көру қабілетінің кенет жойылып, бірақ содан соң спонтанды түрде қайта қалпына келгені анықталған. Жағдайның нашарлауы 2 аптаның ішінде пайда болған. Объективті түрде төменгі спастикалық парапарез және мишықтық атаксия анықталған. Қандай қосымша зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді//

Ангиография//

Краниография//

+Контрасттеумен өткізілетін бас мидың МРТ-сы//

Бас ми қан тамырларының УДДГ-сы//

Спондилография

***

АҚҚ қысымы с.б. бойынша 200/120 мм-ге дейін жоғарылайтын артериялық гипертензиямен ауруатын 45 жасар науқас, кенет, эмоциялық стресстен кейін оң жақтағы аяқ-қолының әлсіздігі мен сөйлеу қабілетінің бұзылуын сезген. Неврологиялық статуста: моторлы афазияның элементтері, оң жақты мұрын-ерін қыртысы тегістелуі, тілдің оң жаққа қарай девиациясы, жеңіл дәрежелі оң жақты гемипарез анықталады. Бұл симптомдар үш сағаттың ішінде регрессияланған. Қандай профилактика әдістерін тағайындайсыз//

Витаминотерапия//

+Гипотензивті терапия//

Антибиотикотерапия//

Седативті терапия//

Спондилография

***

32 жасар А. науқас көздің қосарланып көруіне, бастың айналуына, жүрген кезде шайқалуына, аяқтардағы әлсіздікке, жүрісінің қыиндауына шағымданады. Неврологиялық статуста: сол жақтағы ішке қарай қитарлану, мишықтық атаксиясы және төменгі спастикалық парапарез. Бас мидың МРТ-сында демиелинизация ошақтары анықталады. Патогенетикалық емі ретінде қандай препаратты тағайындау қажет//

Маннит//

Пирацетам//

+ Бетаферон//

Цераксон//

Актовегин

***

40 жастағы науқаста, ЖРВИ-дан 2 апта өткен соң аяқтарында әлсіздік және жансыздану байқалды. Бұлшықеттерінің әлсіздігі тез арада қолдарына жайылып, дауысы өзгеріп, жұтынуы киындай басталды. Зерттеу кезінде: тетрапарез, терең рефлекстерінің жойылуы, гипалгезия «шұлық» және «қолғап» түрінде, Ласег симптомы анықталады. Дисфагия, дисфония. Жұтыну рефлекстің жойылуы. Сіздің емдеу тактикаңыз//

Трентал//

Финлепсин//

Мильгамма//

+ Плазмаферез//

Аскорбиновая кислота

***

20 жастағы науқас әйел. Ауруы жедел түрде басталған, босанғаннан кейін оң жаққа қараған кезде қосарлану (диплопия) пайда болды. Диплопия екі аптадан кейін регрессияланған. Бір жылдан соң жүрген кезде теңселу, аяғында әлсіздік пайда болып, дизартрия байқалды. Объективті түрде қарағанда: эйфория, горизонталды нистагм. Құрсақ рефлекстері жойылған. Төменгі спастикалық парапарез. Бабинский симптомы екі жағынан анықталады. Саусақ-мұрын сынамасында интенционды діріл және теңселу, дисдиадохокинез, дисметрия байқалады. Ромберг сынамасында теңселеді. Несеп шығаруында императивтік білінуі (позыв) бар. Ең маңызды параклиникалық зерттеуді тағайындаңыз//

Бас сүйектерінің рентгенографиясы//

+ Бас мидың МРТ-сы//

Қанның жалпы анализі//

Бас ми қан тамырларының УДДГ-сы//

Электромиография

***

АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады//

Ас қорыту жүйенің зақымдалуы//

+ Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы//

Тыныс алу жүйенің зақымдалуы//

Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы//

Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

***

Доғашықтардың, таңдай кілігей қабатының гиперемиясы, цианозы, бірен-саран петехиялар. Қай ауруға осы арандағы белгілер тән//

Аденовирусты инфекция//

Энтеровирусты инфекция//

Парагрипп//

+ Грипп//

Риновирусты инфекция

***

40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады. Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық. Аурудың ағымын бағалаңыз//

Вирусты гепатит В, ауыр ағымы//

Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IVдәреже//

Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже//

Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже//

+ Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

***

20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы. Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады. Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес//

0 дәрежесіне//

I дәрежесіне//

+ II дәрежесіне//

III дәрежесіне//

IV дәрежесіне

***

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ. Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия. Сіздің болжам диагнозыңыз//

Иерсиниоз//

Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1//

Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2//

Жеделдеу (баяу) бруцеллёз//

+ Жедел бруцеллёз

***

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған. Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз//

+ Псевдотуберкулёз//

Жәншау (Скарлатина)//

Лептоспироз//

Қызылша//

Листериоз

***

35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жанұясында барлығы сау. Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн//

Дексаметазон//

Цефтриаксон//

Ацикловир//

+ Иммуноглобуллин//

Вакцина

***

21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ. Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында. ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%. Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес//

+Билирубин жалпы– 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 2,1 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л//

Билирубин жалпы – 235 мкмоль/л; тікелей – 198 мкмоль/л; АлАТ – 0,46 мккат/л; сілтілі фосфатаза 6,3 мккат/л//

Билирубин жалпы – 20,0 мкмоль/л; тікелей – 3,0 мкмоль/л; ; АлАТ – 0,40 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,2 мккат/л//

Билирубин жалпы – 67 мкмоль/л; тікелей –7 мкмоль/л; АлАТ – 0,42 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л//

Билирубин жалпы – 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,9 мккат/л; сілтілі фосфатаза 5,1 мккат/л

***

25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39°С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген. Жанұясында барлығы сау. Қарағанда: дене қызуы 38,2°, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсынады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған. Емхана жағдайында бұл аурудың ерте диагностикасында келтірілген зерттеудің қайсысы қолданылады//

Серологиялық зерттеу//

Паразитологиялық зерттеу//

Биохимиялық зерттеу//

Бактериологиялық зерттеу//

+ Копроцитологиялық зерттеу

***

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин. Бұл пациетті емдеу барысында қай тактика басқалардан көрі артығырақ//

Асқазан-ішекті жуып тазарту//

Ауыз арқылы регидратация жүргізу//

+ Жасанды дем алдыру аппаратына қосу//

К/т глюкокортикостероидтерді еңгізу//

Гемодиализді жүргізу

***

55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған. Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған. Зерттеу жоспарында қателік табыңыз//

Бауырдың биохимиялық сынамасы//

Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау//

Несепті өт пигметтеріне зерттеу//

Іш қуысы мүшелерінің КТ және УДЗ//

+ Зонд арқылы өтті тексеруге алу

***

16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39°С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,5°С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б. Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет//

Пенициллин натрий тұзы//

+ Левомицетин сукцинат натриі//

Тетрациклин//

Цефтриаксон//

Кларитромицин

***

Туберкулинді сынамада гиперергия кезіндегі химиопрофилактика курсының ұзақтығы//

Изониазид (Н) 3 ай бойы бір реттік және А және В тобындағы поливитаминдермен бірге//

+Изониазид (Н) + этамбутол (Е) 2 ай бойы бір реттік А және В тобындағы поливитаминдермен бірге//

Изониазид (Н) 6 ай бойы және А, В тобындағы поливитаминдермен бірге//

Изониазид (Н) + рифампицин (R) 3 ай бойы//

Изониазид (Н) 2 ай бойы

***

Алғашқы анықталған ТМБ+ туберкулезді науқастың интенсивті фазасы химиотерапиясында препараттар қосылысының ең биімді схемасы (категория I)//

S + H (4 ай)//

H + E (5 ай)//

+ H + R (4-7 ай)//

H + R + E (8 ай)//

H + R + Z (12 ай)

***

Егер қақырықта ТМБ болмаса, онда инфильтративті туберкулезді және бейарнамалы пневмонияны ажырату анықтамада аурудың этиологиясын анықтауға неғұрлым көп мүмкіндік беретін келесі//

Бактерия бөлушімен анамнезінде қатынас//

Объективті мәліметте//

Зақымдалудың орналасуы//

Жалпы қан анализі//

+ Қабыну өзгерістерінің сіңу жылдамдығы

***

34 жастағы науқас Т., жедел ауырған: кенеттен температурасы 38,5°С дейін көтеріліп, қалтырап, қатты терлеп, кеуде клеткасының сол жағы ауырып, демалғанда ентігіп, сырқаттанған. 4 ай бойы әлсіздіктің өршуі, дене салмағының 12 кг дейін төмендеп кетуі байқалады. 3 жыл бұрын бас бостандығынан айырылып, сол жерде туберкулез науқастарымен контакта болған. Артқы оң жақ жауырын үштігі ортасында және алдында ІІІ қабырғаға дейін перкуторлы қысқару дыбысы естіледі. Аускультативті көптеген ылғалды сырылдар. Гемограммада: Нв-102 г/л, Эр.-4,1×1012 г/л; Цв.п.-0,75; L-11,8×109 г/л, э-8, п/я-52, с/я-21, л-8, м-12, СОЭ-54 мм/сағ. ТМБ микроскопия әдісімен (3+) табылған. Манту 2 ТБ сынамасы–теріс. Жалпы шолу рентгенограммасында гомогенді емес орташа және жоғары қаттылықтағы оң жақ өкпенің тұтас инфильтрациясы, оның ішінде толып жатқан ұсақ және орташа ыдырау қуыстары көрінеді. Алынған мәліметтердің негізінде қандай диагноз қоюға болады//

Бронхоэктаз ауруы//

Обырдың (рак) өкпе қуысты формасы//

Абсцесті (іріңдік) пневмония//

+ Казеозды пневмония//

Силикоз

***

11 жасар Г. ТҚД стационарына әлсіздік, тез шаршау, жүдеу, субфебрилді температура шағымдарымен түскен. Анамнезі: туберкулезбен ауыратын туысқанымен контактта болу себебімен тексерілген. Манту 2 ТБ сынамасы – 15 мм. Асқазан шаймасынан ТМБ табылмаған. Кеуде клеткасы жалпы шолу рентгенограммасында: сол жақ өкпесінің түбір дағы кеңейген, деформацияланған, сыртқы контуры тегіс емес жайылма, жоғарғы бөлігінде диаметрі 1,5×2,5 см, орташа интенсивті, бір текті контуры жайылған, фокусты дақ көрінеді. Осы мәліметтер бойынша қандай диагноз қоюға болады//

Кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезі//

+ Алғашқы туберкулез комплексі//

Түйінді өкпе туберкулезі//

Өкпе туберкулемасы//

Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі

***

Клиникалық симптомокомплексі неге неғұрлым сәйкес: кенеттен кеуде шаншуы, үдемелі ентігу, көгеру, өкпеде қорапты перкуторлық дыбыс, өте әлсіз тыныс//

Пневмония//

Плеврит//

+Спонтанды пневмоторакс//

Миокардтың инфаркті//

Қабырға аралық невралгия

***

Деструктивті туберкулезді абсцестен ажырату анықтау кезінде ем жүргізу тиімді//

Саңырауқұлақтарға қарсы препараттармен//

+Кең спектрлі әсерімен антибиотиктермен//

Туберкулезге қарсы препараттармен//

Жүрек гликозидтерімен//

Ұлануға қарсы дәрілермен

***

19 жастағы науқас Ж. Дене ыстығы 38°С дейін көтеріліп жедел сырқаттанған. Шағымы – кілегейлі іріңді сипаттағы қақырықты жөтел, терең дем алғанда кеуде клеткасының оң жағындағы ауырсыну, әлсіздік, тершеңдік. Стационар жағдайында тексерген кезде тері жамылғысы әдеттегі ылғалды және түсі өзгермеген. Аускультативті: везикулярлы тыныс, оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде ылғалды сырыл естіледі. Перкуторлы: өкпе дыбысы тұйықталған зақым жерінде. СОЭ – 18 мм/сағ. Манту 2 ТБ сынамасы – 9 мм. Микроскопияда ТМБ табылмаған. Рентген орташа интенсивтілікті, гомогенді емес, контуры айқындалмаған диаметрі 4 см оң өкпенің төменгі бөлігіндегі қараю анықталады оның ішінде жарықтану көрінеді. Науқаста диагностикалық фибробронхоскопия жасалынған: сол жақ бронх қалыпты жағдайда, оң жағы – төменгі бөлікті бронхта кілегейлі-іріңді сипаттағы бөлінулер байқалады. Кілегейлі қабығы қызарған. Қолқаның жаймасуында ТМБ табылған. Клинико-рентгенологиялық бейнелеу негізінде болжам диагноз қойыңыз//

Абсцесті (іріңдік) пневмония//

Бронхоэктаз ауруы//

+Инфильтративті өкпе туберкулезі//

Обырдың (рак) қуысты формасы//

Солитарлы киста

***

Шашыранды өкпе туберкулезі ыдырау фазасы БК+, науқасқа I категория бойынша ем жүргізілді. Изониазид тамырына 6% ертінді түрінде енгізілді. 3 есе аса препараттың дозасы қате жіберілгеніне байланысты, науқаста жеке бұлшық тобында сіреспе, сана сезімін қысқа мерзімге жоғалту пайда болды. Бірінші ретте жедел дәрігерлік көмек беруге сіздің нұсқауларыңыз//

Пирацетам тағайындау//

Кардиостимуляторлар тағайындау//

Реанимациялық бөлімшеге науқасты аудару//

+2,5 г дозада В6 витаминді тамырға жіберу//

Миорелаксанттар жіберу және басқарулы тыныс алуға көшу

***

Өкпенің милиарлы туберкулезі алғашқы анықталған науқасына DOTS I категориясымен ем басталды, бірақ 2 аптадан кейін токсикалық гепатиттің белгілері пайда болды. Науқасты әрі қарай емдеуінің тиімді нұсқасын алыңыз//

+Уақытша препараттарды тоқтату, гепатопротекторлар тағайындау//

Этамбутолды қабылдауын тоқтату//

Резервті препараттармен емдеуді бастау//

DOTSII категориясына қайта тіркеу//

Емді жалғастыру

***

Емханада профилактикалық тексеруде кезінде лауазымды контингент жұмысшысы (босандыру бөлімінің медицина бикесі) флюорографиямен тексерілген, өкпеде өзгерістер жоқ деп қортынды берілді. 8 айдан кейін біртіндеп жағдайы нашарлау кезінде (интоксикациялық және кеуделік синдромдар белгісі білінді), сол емхананың дәрігеріне барды және флюорографиялық қайта тексеру кезінде: өкпеде сол жағында жоғарғы артқы сегментінде айқын емес ошақты-фиброзды өзгерістер, жанында сақина тәрізді тұйық 3 см дейін қараю байқалды, туберкулезге күдіктенді. Науқастың диагнозын дәлелдеуге фтизиатр-дәрігердің ең тиімді іс-әрекетін көрсетіңіз//

науқастың бұрынғы флюорограммасын қайта оқу//

+өкпе томографиялық зерттеуі//

тыныс алу мүшелерін рентгеноскопиялық зерттеу жүргізу//

өкпе ангиографиясын тағайындау//

өкпені компьютер томографиялық зерттеу жүргізу

***

Бала 3 жаста туберкулезге қауіп тобынан. Туберкулезбен ауыратын атасымен қысқа уақыттық контактіде болған. Жұғылықты анықтау мақсатында 2 ТБ Манту сынамасы жүргізілген. Папула - 10 мм. БЦЖ тыртығы 5 мм. Алдыңғы 2 ТБ Манту сынама нәтижесі: 1 жаста - 6 мм, 2 жаста - 4 мм. Аймақтық жалпы дәрігердің жүргізу керек тактикасы//

+ Өкпе R-графиясы, ЖКА, ЖЗА, фтизиатр кеңесі, химиопрофилактика//