Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭК СД каз исправ ррр .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.42 Кб
Скачать

Фосфорорганикалық қосындалармен улануда жедел көмек

Мақсаты: удың ағзаға түсуін тоқтату, уды ағзадан шығару

Керекті құрал жабдықтар: тонометр, фонедоскоп, өттегі баллоны, маска,дәке салфеткалары, таз, клеенка, су, стерильді асқазан зонды, вазелин майы, воронка, стерильді бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері, 70% этил спирті, резенке бұрау, қолғап, қысқыш дизерітіндіде,лоток, дәрілік препараттар: 3 мл 0,1% атропин ерітіндісі, 400 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісі, 120 мг преднизалон, 10 мл 25% магний сульфат ерітіндісі.

Іс әрекет алгоритмі:

  1. Асқазанды жуу

  2. Ылғал өттегі беру

  3. Антидот енгізу: атропин ерітіндісі 3 мл 0,1% к\т 5 мин интервалымен қарашығы кеңейгенше

  4. Глюкоза ерітіндісі 400 мл 5% к\т енгізу

  5. Натрий хлорид ерітіндісі 400 мл 0,9% к\т тамшылатып енгізу

  6. Преднизалон 120 мг к\т енгізу

  7. Тырысулар кезінде магний сульфаты 10 мл 25% енгізу

  8. Токсикологиялық бөлісшеге тасымалдау

  9. Бүйірен жатқызып зембілде тасымалдау

Алкогольмен улану кезіндегі алғашқы көмек

Мақсаты: удың ағзаға түсуін тоқтату, уды ағзадан шығару

Керекті құрал жабдықтар: тонометр, фонедоскоп, өттегі баллоны, маска,дәке салфеткалары, таз, клеенка, су, стерильді асқазан зонды, вазелин майы, воронка, стерильді бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері, 70% этил спирті, резенке бұрау, қолғап, қысқыш дизерітіндіде,лоток, дәрілік препараттар: 6 мл 20% кофеин ерітіндісі , кардиамин ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, налоксон 0,05% 2 мл, глюкоза 40% 20 мл, тиамин 2 мл, 400 мл 4% натрий гидрокарбонаты, 10 мл 30% натрий тиосульфат ерітіндісі, мл аскарбин қышқылы, 2 мл реланиум, 20 мл 40% глюкоза ерітіндісі.

Іс әрекет алгоритмі:

1.Асқазанды жуу

2.Антидот енгізу: нашатыр спиртін иіскелету

3.Кофеин ерітіндісін 20% 6 мл к\т енгізу

4.Кардиамин физиологиялық ерітіндімен 2-4 мл к\т енгізу

5.Сананың бұзылысында: налоксон 0,05 2 мл + глюкоза 40% 20 мл+ тиамин 2 мл к\т баяу енгізу

6. 400 мл 4% натрия гидрокарбонат ерітіндісін к\т тамшылатып енгізу

7.10 мл 30% натрия тиосульфат ерітіндісін к\т баяу енгізу

8. 5 мл аскорбин қышқылын к\т енгізу

9. мл реланиума 20 мл 40% глюкоза ерітіндісімен к\т жай енгізу

10. Токсикологиялық бөлісшеге тасымалдау

11.Бүйірен жатқызып зембілде тасымалдау

Наркотикалық заттармен улану кезіндегі жедел көмек көрсету

Мақсаты: удың ағзаға түсуін тоқтату, уды ағзадан шығару

Керекті құрал жабдықтар: тонометр, фонедоскоп, өттегі баллоны, маска,дәке салфеткалары, таз, клеенка, су, стерильді асқазан зонды, вазелин майы, воронка, стерильді бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері, 70% этил спирті, резенке бұрау, қолғап, қысқыш дизерітіндіде,лоток, дәрілік препараттар: 4-6 мл 20% кофеин ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, 2 мл кардиамин ерітіндісі, налоксон,0,05% ерітінді 4 мл, 5% глюкоза ерітіндісі 400 мл, реопилиглюкин ерітіндісі 400 мл, натрий гидрокарбонаты 4%-300 мл.

Іс әрекет алгоритмі:

  1. Асқазанды жуу

  2. Ылғал өттегі беру

  3. 4-6 мл 20% кофеин ерітіндісі физиологиялық ерітіндімен бірден к\т енгізу.

  4. 2 мл кордиамин ерітіндісін бірден к\т енгізу

  5. Антидот енгізу: к\т налоксон 0,05% ерітінді 4 мл тыныс алуы қалпына келгенше

  6. 5% глюкоза ерітіндісін 400 мл к\т енгізу

  7. Реополиглюкин ерітіндісін 400 мл к\т тамшылатып енгізу

  8. натрия гидрокарбонат 4% -300 мл к\т енгізу

  9. Токсикологиялық бөлісшеге тасымалдау

  10. Бүйірен жатқызып зембілде тасымалдау

Ескерту: налоксон әсері болмаған жағдайда жасанды тыныс аппаратына қосу.