- •Дәрігер нұсқауы бойынша енгізіңіз:
- •Бүйрек ұстамасы.
- •Қышқыл және сілтілермен улану кезіндегі алғашқы көмек
- •Барбитураттармен улану кезінде жедел көмек көрсету
- •Фосфорорганикалық қосындалармен улануда жедел көмек
- •Алкогольмен улану кезіндегі алғашқы көмек
- •Наркотикалық заттармен улану кезіндегі жедел көмек көрсету
- •Экг қою техникасы
- •Буын пальпациясы
Бүйрек ұстамасы.
Мақсаты: «бүйрек шаншуы» ұстамасын жою
Көрсеткіші: ауырсынуды жою және зәрдің дұрыс шығуын қамтамасыз ету.
Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ
Мүмкін болатын асқынулар:жедел обструктивті пиелонефрит,жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы калькулезді пиелонефрит, калькулезді гидронефроз, нейрогенді артериальды гипертензия, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі.
Керекті заттар: бір реттік шприцтер, бір реттік система, мақта шариктері, спирт70 градусті, анальгин 50%-2мл, баралгин 5мл, атропин 0,1%-1мл,платифиллин 0,02%-2мл,но-шпа 2%-2мл, папаверин 2%-2мл,штатив, грелка жылы сумен, ваннаға арналған ыстық сумен таз(судың температурасы 40-50 градус).
Іс-әрекет алгоритмі:
1.науқасты тыныштандырып жатқызыңыз;
2.көп мөлшерде жылы сұйықтық беріңіз;
3.беліне жылтқыш , аяғына ыстық ванна беріңіз;
4.инъекцияда салатын дәрілерді дайындаңыз:
Дәрігер тағайындауымен салыңыз:
1.атропин сульфат 0,1%- 1мл б/е,
2. немесе папаверин гидрохлорид 2 % - 2мл б/е,
3.немесе но-шпа 2 %- 2 мл б/е,
4.немесе платифиллин гидротартрат -0,2 %-1-2мл б/е,
5.немесе анальгин 50%-2 мл б/е,
6.немесе баралгин 5мл к/т, б/е,
Ескерту:егер ұстамаға жылы су процедуралары , спазмолитиктер, аналгетиктер көмектеспесе,наркотикалық дәрілер,новокаин блокадасы қолданылады.Ауруханада емделуге жедел жатқызу.
Қышқыл және сілтілермен улану кезіндегі алғашқы көмек
Мақсаты: удың ағзаға түсуін тоқтату, уды ағзадан шығару
Керекті құрал жабдықтар: тонометр, фонедоскоп, таз, клеенка, су, стерильді асқазан зонды, вазелин майы, воронка, стерильді: бір рет қолданылатын шприц, мақта шариктері, этиль спирті 70%, резинке бұрау, қолғап, дезерітіндіде қысқыштар, лоток, дәрілік препараттар: 1 мл 1% димедрол ерітіндісі, 1 мл фентанил, 120 мг преднизалон, 1 мл 0,1% атрапин ерітіндісі, 10 мл 10% кальций глюканат ерітіндісі. 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 400 мл 4% натрии гидрокарбонат ерітіндісі, 2 мл 20% кофеин ерітіндісі, 400 мл реополиглюкин ерітіндісі.
Іс әрекет алгаритмі:
Асқазанды жуу
Ауру синдромын басу үшін фентанил 1 мл б\е енгізу.
Преднизалон 120 мг к\т енгізу
Атрапин ерітіндісін 1 мл 0,1% т\а енгізу
Димедрол 1 мл 1% б\е енгізу
Кальции глюканат ерітіндісі 10 мл 10% к\т енгізу
Эуфиллин ерітіндісі 10 мл 2,4% к\т енгізу.
Натрий гидрокарбонат ерітіндісін 400 мл 4% к\т тамшылатып
Кофеин ерітіндісін 2 мл 20% т\а енгізу
Тез арада токсикология бөлімшесіне госпитализация жасау
Бүйірінен жаткызып зембілде тасымалдау
Барбитураттармен улану кезінде жедел көмек көрсету
Мақсаты: удың ағзаға түсуін тоқтату, уды ағзадан шығару
Керекті құрал жабдықтар: тонометр, фонедоскоп, өттегі баллоны, маска,дәке салфеткалары, таз, клеенка, су, стерильді асқазан зонды, вазелин майы, воронка, стерильді бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері, 70% этил спирті, резенке бұрау, қолғап, қысқыш дизерітіндіде,лоток, дәрілік препараттар: 10 мл 0,5% бемигрид ерітіндісі, 400 мл 5% глюкоза ерітіндісі, 2 мл сульфокамфокаин, 2 мл 20% кофеин ерітіндісі.
Іс әрекет алгоритмі:
Асқазанды жуу
Ылғал өттегі беру
Бемигрид ерітіндісі антидотын 10 мл 0,5% енгізу
Реополиглюкин ерітіндісін 400 млк\ттамшылатыпенгізу.
Натрий гидрокарбонат ерітіндісін 300 мл 4% к\ттамшылатыпенгізу.
Глюкоза ерітіндісін 400 мл 5% к\ттамшылатыпенгізу.
Сульфокамфокаин 2 мл б\е енгізу.
Кофеин ерітіндісін 20% 2 млб\еенгізу
Токсикологиялық бөлімшеге тасымалдау
Бүйіренен жатқызып зембілде тасымалдау
