Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коучинги+ уроки 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.54 Mб
Скачать

Дарынды балалармен жұмыс жасау технологиясы

Тақырыбы

Дарынды балалармен жұмыс жасау технологиясы

Мақсаты

Талантты және дарынды оқушылар жайлы заманауи түсінік беру. Сынып ішінен ерекше қасиетке ие оқушыларды анықтап, олармен жұмыс жүргізудің жолдары жайлы айту.

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Оқу нәтижесі

Талантты және дарынды балалар жайындағы заманауи түсініктерін кеңейтеді. Олардың қажеттілігін анықтауда жағдай туғызу керектігін түсінеді.Фриманның 9 критерийін басшылыққа алады.

Түйінді идеялар

Талантты және дарынды балалардың мінез-құлқының пайдалы тізімін жасап ұсындық.

Ресурстар

А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары, видео

Оқыту әдістері

ОүБ және оқуды бағалау

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

Дерек көздері

Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары

Тапсырмалар

Топтық тапсырмалар, постер қорғау, жеке жұмысқа тапсырмалар, стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, рефлексия

Оқуға арналған тапсырма

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Коучинг барысындағы коуч пен қатысушылардың іс-әрекеті

І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Сергіту сәті

(2 мин)

«Жүректен жүрекке»

Мұғалімдер жасырын қағаздарды ашып,бір - біріне қарап өзінің жүрек жарды жылы тілектерін айтып өтеді. Ақылды-көз, сенімді-аяқ, дана-бойын, өжет-мінезін, жан-жақты-қабағын, еңбекшіл-кірпігін, шығармашыл-бетін, сабырлы-кеудең, дамыған-ерін, ерекше-мұрының, қабілетті-шашың,талантты-қолың, дарынды-маңдайың.

Топтық жұмыс

(5 мин)

Топқа бөлу (3 мин) Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

Сыни ойлауға арналған сұрақтар

1.Үйде бір қыз отыр. Егер қыз тұрып кеткен жағдайда, сіз оның орнына отыра алмайсыз. Қыз қай жерде отыр? Ж: тізеде отыр. 2.Кенгуру жолбарыстан неге қорықпайды? Ж: Cебебі жолбарыс Австралияда өмір сүрмейді. 3.Сөмкенің ішінде 5 алма бар. 5 Бала алмаларды тең бөліп алды. Бірақ сөмкеде бір алма қалды. Не үшін? Ж: Біреу алманы сөмкесімен алды. 4.Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде кездеседі? Ж: Үстел теннисі

(7 мин)

Мұғалімдерге талантты және дарынды балаларды анықтау үшін іс- әрекет ұйымдастыру

«Қағазды умаждау»

А- 4 парағын оң қолға ұстап умаждайды, содан кейін сол қолымен оны ашып түзетеді. (Мақсатымыз: сол қолмен қағазды түзету қандай қиын болса, баланың бойындағы дарындылықты ашу да сондай қиын екенін түсіну.)

Талантты және дарынды оқушының бойындағы қасиеттерін аша білу.

«Мінсіз оқушы» сипаттамасын топтастырып жазады.

(10 мин)

Талантты және дарынды балаларды анықтай отырып, олардың ұқсастықтарын, айырмашылықтарын білу

Ой қозғау.

1.Дарынды”, “талантты” ұғымдарына қандай түсінік бере аласыз?

2. «Бұлақ көрсең, көзің аш» деген халық даналығына түсінік беру. 3. «Мінсіз оқушы» сипаты (15 минут)

4. «Сиқырлы қорапша».

Тірек сөздерді қолдану  арқылы дарынды оқушыға сипаттама береді.

Слайдпен таныстырылым көрсету.

«Венн диаграммасын құру» арқылы жүзеге асады. Әр топ өз пікірін дәлелдейді.

Таныстырылымды тыңдайды

Сергіту сәті. «Мінездер сыры»

(3 мин)

«Мінездер сыры»

Бір бет қағазды екі бүктеп бір бұрышын қию, осылайша қағазды бүктелгенше бір бұрышынан қиып отыру. Әр түрлі өрнектер пайда болады.

Топтық жұмыс

(20 мин)

1.Эссе жазыңыз. «Менің қиялымдағы дарынды оқушы».

2. Суреттердің образына ену. (10 мин) Бірігіп рөлдік образға көрсетілім қорғау.

3.Постермен жұмыс. "Дарындылық моделін" құрастыру (20 минут)

Әр топ постерлерін қорғайды.

Қорытындылау

(7 мин)

Слайд көрсетіледі.

Жеке жауаптар тыңдалады.

Жалпылама ақпарат

(5 мин)

Талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізудің түрлері. Қысқаша айтып өту.

Таныстырылымды тыңдайды

Рефлексия

(3 мин )

1.Бүгінгі коучинг сабағы сізге түсінікті болды ма? ------------------------ 2.Не жақсы өтті? -------------------------- ---- 3.Не жақсы өтпеді? ----------------------------- 4.Өзіңіз сабақта нені қолдана аласыз?---- 5.Нені өзгерткіңіз келеді?-------------------- 6.Сізге не ерекше қызық болды?----------- 7. Сізге ең пайдалысы не болды?-------

Сұрақтарын қойып, өз ойларын стикерге жазып бекітеді.

Кері байланыс

(3 мин )

«Хаттар ұяшығы»

Стикер қағаздар таратылады. Оған сабақтың әр бөлімінің ұнаған, ұнамаған тұстарын жазып, хаттар ұяшығына салу.

Тапсырманы орындайды.