Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Менеджмент каз. для МАГИСТР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.1 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

«БЕКІТЕМІН»

ОӘК төрайымы,

академиялық мәселелер жөніндегі проректор

_________Е.Әмірбекұлы «____»__________ 2016 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

(ПОӘК)

«Менеджмент»

6М050700 – «Менеджмент», 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6М050600 «Экономика», 6М050900 «Қаржы», 6М050800 «Есеп және аудит»

Оқу нысаны: күндізгі

Факультет «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру»

Кафедра «Менеджмент»

АСТАНА

2016

Оқу әдістемелік кешен «Менеджмент» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарлама және осы пәннің оқу жоспары негізінде 6М050700 – «Менеджмент», 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6М050600 «Экономика», 6М050900 «Қаржы», 6М050800 «Есеп және аудит» мамандықтарының магистранттары үшін Нүркенова Мақпал Жаңбыршықызымен құрастырылған.

Пәннің оқу әдістемелік кешені «Менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған және талқыланған

«____» тамыз 2016ж. Хаттама № 1

«Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.д., профессор Турекулова Д.М.

Пәннің оқу әдістемелік кешені Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеттің әдістемелік кеңесінде бекітілген

«____» _____________ 2016ж. Хаттама № ____

Мазмұны

1

Пәннің типтік бағдарламасы

2

Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы

3

Силлабус

4

Пәнді қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік карта

5

Лекциялық кешен

6

Семинарлық сабақ жоспары

7

Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқау

8

СӨЖ өткізуге әдістемелік нұсқау

9

СОӨЖ ұйымдастыруға әдістемелік нұсқау

10

Емтихан сұрақтары

11

Пәнді оқуға арналған программалық және мультимедиялық бағыт

12

Мамандандырылған аудиториялар тізімі

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті пәннің типтік бағдарламасы «менеджмент»

АЛҒЫ СӨЗ

Бұл пән басқарудың мазмұнын жан-жақты ашады; басқару туралы білімдер кешенін құрайды; әртүрлі басқару қызметін жүзеге асыру, басқару жүйелерін талдау және оларды жобалауда нақтылы дағдыларды тудырады.

Бұл бағдарлама басқару теориясының дамуының тарихи жағдайлары; менеджменттің теориялық аспектілері, оның технологиясы; менеджмент әдістері мен функциялары; персоналды басқару логикаға сәйкестілік түрде қарастырылған. Менеджмент рыноктық қарым-қатынастарындағы экономикалық тәуелсіз өндіріс буынына қажетті, басқарудың ерекше түрі ретінде қарастырылады және ол рынок конъюнктурасы мен бәсеке-күрес жағдайларын сергек сезінуге қабілетті, икемді талапты экономикалық басқару жүйесі болып табылады.

“Менеджмент” пәнінің бағдарламасы жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтарына арналған.

Бағдарлама жоғары оқу орындарында пәннің жұмыс бағдарламасын құрастыруға негіз болуы тиіс. Басқа оқу пәндерінің көлемі мен мазмұнына және жоғары оқу орнының бағдарламасына байланысты кейбір тақырыптар және оларды оқуға бөлінетін сағаттарының көлемі өзгеруі мүмкін.