Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАСТАНДАЫ ЕРЕКШЕ ОРАЛАТЫН ТАБИИ ТЕРРИТОРИЯЛАРДЫ ЙЫМДАСТЫРУ МСЕЛЕСІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.02 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ

15.07.2015

0

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен басқару, дамыту мəселелерi Қазақстан Республикасы экономикалық саясатының негiзгi мiндеттерi болып саналады. Соңғы жылдары қабылданған бағдарламалар, тың тұжырымдар мен заңдық-құқықтық актiлер – мiне, осының айғағы. Осы жағдайда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) табиғатты қорғау, сақтау саласының басым бөлiгi ретiнде қарастырып, оны тұтастай дамыту мiндетiн орындау тек табиғат қорғау мамандарының ғана емес, қоғамда өмiр сүретiн əрбiр адамның мiндетi əрi мемлекеттiң əлеуметтiк — экологиялық — экономикалық болашағын айқындайтын негiзгi, нақты факторларының бiрi.

Адамзаттың кездестіретін проблемаларының ішінде ең бастысы, бұл- адамның өзінің өмір сүруі тәуелді болатын биологиялық түрлілікті сақтау. Дегенмен, биота барлық стрестік факторлерге төзімсіз, әсересе антропогендік факторлерге. Сондықтан да сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, ерекше экологиялық, ғылыми және реакциондық маңызы бар бірегей эталонды учаскелерді, табиғи, тарихи–мәдениет кешендер мен нысандарды сақтаудың ең тиімді шаралары – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жасау болып табылады.Қазақстандағы ЕҚТА ауданы елдің барлық ауданының (қорықтар, ұлттық парктер және басқа қорғалатын аумақтар түрлері) 8,2% құрайды, ал әлемдік танылған стандарт бойынша 10-12% кем емес [1].

Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-қатердің бірі — қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық, дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы-JUCN) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі — қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық және практикалық мәселелері мен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.

ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады. 2003 жылы Дурбан қаласында (ОАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қорытындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориалдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:

— қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды.

— 1992 жылдан бері әлемдегі қорғалатын табиғи территориялардың жалпы саны және олардың көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің 12%-ынан көбі қорғалады, тек территорияның, 10%-ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған.

— әлемдік мұраның табиғи және табиғи-мәдени нысаналар саны 101-ден 172-ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар қорғау қажеттілігі одан да бетер ақиқат болып отыр.

Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының басқа саладағы мүдделерімен байланысы толық емес еді. Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы қабылдады. Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің 10%-ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.

Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын территориялардың әлемдік жүйесінің дамуына маңызды рөл атқарады. Біздің мемлекетімізде қорық құру тарихы 1922 жылдан басталады. Бұл жылы мәдени және көне табиғи ескерткіштерді қорғау жөніндегі Түркістан комитеті құрылған, ол алғашқы рет сол аймақта қорық құру қажеттілік мәселесін көтерді. 1926 жылы Орта Азия мен Қазақстанда бірінші рет Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылды [2].

Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның қорықтары, ұлттық бақтары, қорықшалары мен табиғи ескерткіштері құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан, үлкен мемлекеттік қорғалатын территорияларының біртұтас жүйесінде болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан ауыр экономикалық жағдайды бастан өткізді, бұл жағдай қорғалатын табиғи территорияларды зор шығынға ұшыратты. Қаржының жетіспеушілігі жұмысшы адамдар санын қысқартуға және табиғат қорғау жөніндегі көптеген жете зерттелген мәселелердің жабылуына әкелді. Жағдай тек соңғы 6-7 жыл шамасында ғана оңалып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік экономикалық жүйеге одақтасуға және әлемдік бірлестіктің толық құқықты мүшесі болуға талпынып жатыр. Бұл мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық өмірдің көптеген жақтарын өзгертуді талап етеді. Осындай талаптардың бірі қорғалатын табиғи территориялардың ұлттық жүйесінің дамуы болып табылады, оның көлемі мемлекеттің бар территориясының 10%-ынан жоғары, сонымен қатар қорғалатын табиғи территорияның жалпы жүйесіне енген болу керек. Осы жолда біздің мемлекетіміз айтарлықтай жетістіктерге жетті.

1997 жылдың 17 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөніндегі» ҚР Заңы негізін құрайтын заң шығару базасы жете дайындалды. Заң табиғат қорғау мемлекеттерін құру және олардың жұмыстары жөніндегі мәселелерді реттейді. Қазіргі заң шығаруға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи территориялар — бұлар мемлекеттік табиғи-қорықтың қорын қорғау және қалпына келтірумен қамтамасыз ететін қорғаудың құқықты шаралар жүйесі немесе шаруашылық жұмыстардың реттелетін ережелері бар жер, су, орман және жер қойнауы байлықтары. Қорғаудың құқықтық шаралары төмендегідей бөлінеді: қорықтық, яғни қоршаған ортаның табиғи жағдайын бүлдіретін кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады; және қорықшалық, яғни мемлекеттік табиғи — қорықтық қор нысаналарын сақтауға қауіп төндірмейтін және олардың өсіп-дамуына зиян келтірмейтін шаруашылық және кез-келген жұмыстарға тек белгілі маусым мен уақытта рұқсат беріледі. Қазақстан Заң шығаруында ұйымдастырылу мақсатына қарай, қорғау шаралары мен нысаналарды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қорғалатын табиғи территорияның 11 түрі бар:

— биосфераны қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;

— мемлекеттік ұлттық бақтар;

— мемлекеттік табиғи қорлар;

— мемлекеттік табиғи бақтар;

— табиғи мемлекеттік ескерткіштер;

— мемлекеттік қорықтық аймақтар;

— мемлекеттік табиғи қорықшалар;

— мемлекеттік зоологиялық бақтар;

— мемлекеттік ботаникалық бақтар;

— мемлекеттік дендрологиялық бақтар;

— мемлекеттік табиғи қорықтар-сепартерлер [3].

Соңғы жылдары жаңа қорықтар мен ұлттық бақтар ұйымдастырылды. 2005 жылдың соңында Қазақстанның 113 қорғалатын табиғи территорияларының жалпы көлемі 21036283,2 га болды.

Қазіргі күнде біздің елімізде жалпы көлемі 1075498 га 10 мемлекеттік табиғи қорықтар бар. Республиканың қорғалатын табиғи территориялар жүйесі даму үстінде және қорғалатын табиғи территориялардың жалпы және аймактық жүйесіне біртіндеп еніп жатыр. Соңғы жылдары Дүниежүзілік Банкі және Жалпы Экологиялық Қордың қолдауымен Батыс Тянь-Шань мен Алтайда трансшекаралық қорғалатын территориялар мен экологиялық дәліздер құру жөніндегі жобалар іске асты. Қазақстан реформа жүргізе отырып әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына сеніммен кірді [4]. Қазақстанда жаһандық маңызы бар экожүйелер қатары бар, оған солтүстік шөлейттер, реликтілі қылқанды ормандар мен тау экожүйелері кіреді. Қазақстанның шөлейт және тау жүйелері, ең маңызды экологиялық аймақтарды (орталық–азиялық шөлейттер мен ортаазия таулы далалары және орманды массивтерді) қамтитын Әлемдік жабайы табиғат Қорының Жаһандық Тізіліміне енгізілген. Қазақстанда ландшафтық және биологиялық түрліліктің азаюы мен жойылуының негізгі факторлары болып, өмір сүру ортасына антропогенді және техногенді әсер ету және аридизация мен шөлейттенудің табиғи үдерістері жатады. Биологиялық түрлілікті жоғалту табиғи экожүйелердің бұзылуы, аумақтың су режимінің өзгеруі, орман массивтерінің жоғалуы, биологиялық ресурстарды шектен тыс пайдалану, өндірістік және иррагациялық сулардың шығарылуы, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін енгізу әсерінен жалғасуда.

Болашақ ұрпаққа табиғат байлығын кемелiне келтiре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алар орны ерекше. Қорық табиғаты – биосфераның барлық деңгейiнде пайда болатын табиғи үрдiстердi тереңнен танып зерттеуге мүмкiндiк бередi жəне ғылыми мақсатқа жетуге жол ашады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8,5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау); 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералықрезерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 – 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та 15,8%, Жапонияда 14%, т.б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешіміменЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.[1][2]

1. Табиғатты қорғау мәселелері. Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне  қарамастан барлық адамдардың экологиялық  деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера  ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде  биосфера  ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы  бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи  орта, табиғат қорғау мәселереі көтерілді.

1972 жылы  Стокгольмге "Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977т жылы Тбилиси қаласына  БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары "Экологиялық білім беру” туралы 40 астам шешімдер қабылданып оның ғаламдық, стратегиялық жоспаралар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.

XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В. М. Корсунский, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуты ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады.Мәселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт – Петербург, т.б.) Биосфера,  Экология, Табиғат қорғау, т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог - ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан - қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды.

Экологиялық білім беруде және жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет профессоры А. С. Бейсенованның жетекшілігімен Республика "Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау” және  "Мектеп оқушыларына экологиялық білім беру” тұжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы География  - экология факультеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әль – Фараби атындағы университетте (ҚазМҰУ), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия - экология, география - экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми зерттеу инститтуттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүогізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламеннті мен үкіметі "Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау” Заңын (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі ”тұжырымдамасы (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспарын (1996) т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.

Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол түралы пікір таластар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымдарын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.

2. Ерекше қорғауға алынған териториялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Кез-келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып,дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

1) оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;

2) жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар.Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды.Дүние жүзінднгі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда.Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га;Вуд-Буффало(Канада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гобий қорығы (Моғолстан) – шамамен 4 млн. га.

Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдарболып табылады.

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше.Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр.Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен,радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың – 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.

Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың  хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта және бір-бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналасуы қажет.

Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП), ФАО, МСОП-ның ұсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Конгрестің жұмысы нәтижесінде 1984 жылы «Биосфералық қорықтар бойынша жұмыс жоспары» қабылданды.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жердің жоғарғы форумында Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияға қол қойылды. Конвенцияның негізгі мақсаты биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен оның элементтерін тұрақты қорғау болып табылалы. Биосфералық қорықтардың осы конвенцияны орындауға көмек беруге мүмкіндіктері бар. Ұлттық саябақтар мен қорғауға алынған территориялар мәселесі бойынша Каракас (Венесуэла, 1992 жыл) қаласында өткен төртінші Дүниежүзілік Конгресте биосфералық қорықтарды басқаруға жаңалықтар енгізілді және биорезерваттардың жаңа формалары жасалды. Мысалы, «Кластерлік» және трансшекаралық  қорықтар. Биорезерваттардың дамуы саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды. Оны қазір «Интернет» жүйесі жүзеге  асыруда.

Биосфералық қорықтар туалы Халықаралық конференция (Севилья, 1995 жыл) XXI ғасырдағы биосфералық қорықтардың рөлі мен дамуының Севилья стратегиясын жасады.

Биосфералық қорықтар өзара толықтырушы үш функцияны атқаруы керек:

генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер, экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы;

                          тұрақты экономикалық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму функциясы;

                          зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету функциясы. Сонымен қатар, білім беру, мамандарды дайындау, жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты мониторингті жүзеге асыру.

Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.

1.Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.

2.Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.

3.Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын ттұрақты игеру мен тиімді пайдалану мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мүмкін.

1996 жылдың мамыр айында Алматыда биосфералық резерваттар туралы Халықаралық конференция өтті. Жоспар бойынша Қазақстандағы бірінші биорезерват Қорғалжын қорығының негізінде түзілді. Олай болса, биосфералық қорықтар жаңа рөл атқара бастайды. Олар тек осы аудандарда өмір сүретін халыққа табиғатпен тепе-теңдікте болатын ортамен дамуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге де жағдай жасайды. Яғни, олар болашақтағы тұрақты дамудың мүмкіндігін көрсетеді.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу  тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.

Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Секвойялардың биіктігі 100 – 110 м, жасы 3 – 3,5 мың жылға дейін жетеді.

Беловеж нуында биіктігі 42 м, диаметрі 9 м болатын емен ағашы өсіп тұр. Ұзақ өмір сүретін ағаштарға арша жатады. Жекеленген ағаштардың жасы 2000 жылдан асады.

Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері - үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің бірінде Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Сонымен қатар, «Қараүңгір», «Көкбұлақ» (Түлкібас  ауданы), «Жылауықата» (Төлеби ауданы) және  т.б. үңгірлерді атауға болады.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады.Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы  мүмкін.