Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене шынықтыру жоспар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.24 Кб
Скачать

Күтілетін нәтежелер:

Білу керек: Жай жүгірудің түрлерін біледі.

Меңгеру керек: бірінің артынан бірі жүру, тақтайда тепе –теңдікті сақтап жүру дағдылары.

Жасай білу керек: кеңістікте бағдар алып, тәрбиешінің айтқан дыбыстарын қайталау.

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жүру

Мақсаты: Шеңбер бойымен жүру. Дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылықтарын арттыру, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру.

Биллингвизм: шеңбер-круг, жүгіру-бегать

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Қажетті көрнекі құралдар: суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Қарады саған да,

Шуағын төгіп тұр,

Сәлем күн ана!

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Қарады саған да,

Шуағын төгіп тұр,

Сәлем күн ана!

Ізденуші қозғаушы

-Балалар, дене шынықтыру оқу іс-әрекетімізде біз қандай жаттығулар жасап үйрендік?

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде шеңбер бойымен жүгіріп үйренеміз.

Дене қыздыру жаттығулары.

  1. Қолдарын кезекпен көтеру

  2. Қолдарын алға созып жан-жағына апару, саусақтарын қозғалту

  3. Қолдарын алдарынан басынан көтеріп шапалақтау, қолдарын артқа жасыру

  4. Қатарынан 2-3 рет жартылай отыру

  5. Белге қолды қойып, оңға, солға иілу

Денемізді қыздырып алсақ жаңа тақырыбымызда өткізейік

Кәне, балалар, шеңберге тұрайық.

Шеңбермен жүруді үйренеміз.

3-4 рет шеңбер бойымен жүру.

Ендеше балалар бәріміз ойын ойнап көрейік, ойынның аты

«Өз орныңды тап.»

Ойын:

«Өз орныңды тап.»

Шарты: Балалар шеңбер бойымен жүру арқылы ойын ойнайды. Белгі берілгенде бәрі жан-жаққа жүгіреді.

«Өз орныңды тап» дегенде балалар шеңбер бойындағы орнын тауып жүгіруді жалғастырады.

Белге, мойынға, иыққа, аяққа арналған жаттығуларды үйрену.

Балалар дене қыздыру жаттығуларын жасайды.

Қолдарын кезекпен көтереді.

Қолдарын алға созып жан-жағына апарады, саусақтарын қозғалтады.

Қолдарын алдарынан басынан көтеріп шапалақтап үйренеді.

Қатарынан 2-3 рет жартылай отыру

Белге қолды қойып, оңға, солға иіледі.

Балалар шеңбермен жүруді үйренеді.

Балалар ойынға жақсы қатысады.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не үйрендік?

Қандай ойын ойнадық?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Шеңбер бойымен жүгірдік.

«Өз орныңды тап»