Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП 1-2015 Садирова К..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
771.58 Кб
Скачать

2.2 Хабарлы сөйлем

Хабарлы сөйлем ой білдірудің негізгі құралы болып саналады, сонымен бірге сөйлемнің өзге түрлерімен салыстырғанда жиі қолданылады. Хабарлы сөйлемдер хабар білдіру үшін де, сұраулы сөйлемге жауап мақсатындағы оқиға, хабарды да білдіреді.

Хабарлы сөйлемдердің өзге сөйлем түрлерінен айырықшалайтын грамматикалық, интонациялық ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақ тіліндегі хабарлы сөйлемдердің өзіне тән ерекшеліктерін Р.Әмір былай көрсетеді:

  1. Баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады.

  2. Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемнің интонациясының физикалық көріністері эксперименталдық жолмен зерттеліп, методикасы график түрінде бейнеленген. Бұны тіл білімі сөйлемге тән баяндау сарынды интонация деп атайды.

Татар тілінде хабарлы сөйлем хикәя жөмлә деп аталады. М.З.Зәкиевтің өз сөзімен берсек: «Кушма жөмләләр дә, гади жөмләләр дә, хикәя жөмлә була алалар. Хикәя жөмлә белән сөйләүчә күренешләрне, процессларны факт буларак кына хәбәр итә. Хикәя жөмләдә төшеп баручы (нисходящий) интонация булла. Жөмләнең бер сүзендә басым көчәеп, хәбәрне әйткәндә, тавыш төшеп, түбәнәеп әйтелә. Югары тон белән, гадәттә, логик басым төшә торган сүз әйтелә. Тоташ текстта хикәя жөмләләр бер-берсеннән пауза белән аерылалар. Язуда алар арасына нокта куела».

Көріп отырғанымыздай, татар тіліндегі хабарлы сөйлемдер сипатының ерекшелігі сапасында хабарлы сөйлемнің құрамындағы бір сөзге ой екпіні түсіп, оның ерекше жоғары тонмен айтылатынын атауға болады. Сонымен қатар автор хабарлы сөйлем жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де бола алатынын атап көрсеткен. Бұл ой қазақ және башқұрт тілдеріндегі зерттеулерде де беріліп жүр.

Башқұрт тілінде хабарлы сөйлем атауы қазақ тіліндегі атаумен сай келеді, айырмашылық тек фонетикалық сипатта көрінеді. Ғ.Ғ.Сәйетбатталов хабарлы сөйлемді былай анықтайды: «Хәбәр һөйләмдәр ярзамында ниндәй булһа ла берәй нәмә, күренеш, эш-хәрәкәт, процесс, хәл-вакиға тураһында хәбәр ителә, яңылык һәм белем бирелә. Грамматик тезөлөштәре яғынан хәбәр һөйләмдәр ябай һөйләм формаһында ла, кушма һөйләм рәуешендә лә бирелергә мөмкин. Хәбәр һөйләмдәрзә предикативлык, йәғни мәғәнә яғынан тамамланғанлық, грамматик яктан күбеһенсә өс замандағы хәбәр һөйкәлеше менән сифат қылымдар арқылы белдерелә. Уқыған сақта хәбәр һөйлемдер талғын интонация менән әйтелә, һәм һөйләмдең азағында интонация байтақ түбән төшөрөлә».

Башқұрт тіліндегі хабарлы сөйлемдердің де баяндауыштары, негізінен, ашық райлы етістік пен бар және юк модаль сөздерінің тіркесінен, басқа да сөз таптарынан жасалады. Хабарлы сөйлемдегі сөздердің башқұрт тіліндегі қалыпты орын тәртібі мынадай: анықтауыш, бастауыш, пысықтауыш, толықтауыш, баяндауыш. Башқұрт тіліндегі хабарлы сөйлемнің маңызды ерекшелігі қатарына Ғ.Ғ.Сәйетбатталов компоненттер арасындағы тема-ремалық қатынасты атайды. Өз сөзімен келтірсек: «В повествовательном предложении устанавливается особое соотношение между компонентами, когда один из них обозначает исходное (тему) в сообщении мысли, а другой содержит наиболее существенное (рему). Например: Беззең колхоздағы драма түңәрәге байтактан бирле эшләп килә. Драмкружок нашего колхоза работает давно. В данном предложении беззең колхоздағы драма түңәрәге – тема, данное, а «байтактан бирле эшләп килә» - рема, новое».

Түркі тілдеріндегі жай сөйлемдердің типтерін арнайы зерттеген – А.Н.Нурмаханова. Ол қазақ, қарақалпақ және өзбек тілі материалдары негізінде жай сөйлемдердің грамматикалық және интонациялық ерекшеліктерін анықтаған. Аталған ғалым осы зерттеуінде аталған түркі тілдеріндегі хабарлы сөйлемдердің ортақ сипаттарына мыналарды жатқызады:

1) Хабарлы сөйлемдердің баяндауыштары ашық райлы етістіктерден келеді. Ашық райлы етістіктердің шынайы әрекетті білдіретіні жөнінде кезінде академик В.В.Виноградов «...В формах изъявительного наклонения никак не выражено эмоционально-волевое отношение субъекта к действию. Формы изъявительного наклонения «объективны»», - деп жазған болатын. Ашық райлы етістіктің осы сипаты кей түркі тілдеріндегі атауларында сақталған. Мысалы, башқұрт тілінде оны «хәбәр кылым» (повествовательный глагол), ал азербайжан тілінде «хәбер шәкли», қырғыз тілінде «баяндагыч ыңгай» т.с.с. деп аталады.

2) Баяндауыштары есім сөздерден болған хабарлы сөйлемдерде интонация негізгі қызмет атқарады. Өзбекше: Июнь ойи. Иссиқ. Мамлакатимиз озод. Татарша: Әминә - врач. Қазақша: Дала жаңбыр.

3) Хабарлы болымсыз сөйлем өзбек тілінде -ма, қарақалпақ, қазақ тілінде - ма //-ме, -ба // -бе, -па//-пе болымсыз етістіктің жұрнақтары арқылы жасалады.

4) Болымсыз хабарлы сөйлем баяндауышы есім мен етістік сөзге өзбек тілінде эмоқ – эмас, қазақ, қарақалпақ тілінде емес көмекші етістігінің тіркесі арқылы жасалады. Мысалы: өзбекше: Сунгра олимлик узиб еса буладиган олма эмас. Қарақалпақша: Маған көп уақыт керек емес. Ис сизиң ойлаганыңыздай емес.

5) Үш тілде де болымсыздық өзбек тілінде йуқ, қазақ, қарақалпақ тілдерінде жоқ сөздерімен жасалады. Өзбекше: Мен уни курганим йуқ. Қарақалпақша: Мен оларға хешнәрсе айтқаным жоқ. Қазақша: Ешқандай хабар жоқ.

6) Хабарлы сөйлем баяндауышы есімше және –ган формалы есімшемен өзбек тілінде – эмиш // - миш, қарақалпақ және қазақ тілінде – мыс //-мис, -мыш // - миш тіркесіп, күдіктенуді, болжауды, сенімсіздікті білдіреді. Мысалы: өзбекше: Охири: «Отажон» деб қичқириб юборган эмиш.- Напоследок она, кажется, закричала: «Отец!». Қарақалпақша: Қамекбайдың орнына Мурат баслық боладымыш.- Вероятно, вместо Камекбая председателем будет Мурат.

7) Хабарлы сөйлем баяндауыштары шартты рай тұлғасында да келе алады. Шартты рай белгілі бір іс-әрекеттің орындалу қажеттігіне тілекті, ниетті, мақсатты білдіреді. Бұл кезде шартты райлы етістік өзбек тілінде экан, қазақ, қарақалпақ тілінде екен көмекші етістігімен тіркеседі. Мысалы, өзбек тілінде: У хам декадага борса экан. Қарақалпақ, қазақ тілінде: Көрсем екен.

Тілек, мақсатты, ниетті білдіретін хабарлы сөйлем баяндауышы қалау райдың –ғы//-ги//-қы//-ки жұрнақтары мен кел- көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы, қарақалпақ тілінде: Бирақ, сонда-да журыттың, бәри өз ақсақалына таман жақынлап барғысы келеди. Өзбек тілінде: Мен эса сизни хам чиройли хам хушбуй гулнинг номи билан атагим келди. – А я захотел и вас назвать именем красивого и стройного цветка.

Тілек, мақсатты, ниетті білдіретін хабарлы сөйлем баяндауышы етістіктің өзбек тілінде -моқ, қарақалпақ, қазақ тілінде -мақ // -мек + өзбек тілінде –чи, қарақалпақ, қазақ тілінде - шы//-ші арқылы білдіріледі. Мысалы, өзбек тілінде: Энди сенинг билан туй маслахатини қилмоқчи эдик. – Теперь хотели посоветоваться с тобой насчет свадьбы. Қарақалпақ тілінде: Бул жерде питейн деп турган отыз еки жайдан тағы басқа отызлаған жай салынбақшы.

Тілек, мақсатты, ниетті білдіретін хабарлы сөйлемнің қарақалпақ тілінде жасалу жолы ерекшеленеді. Оның жасалуына – (а) жақ, -(е) жақ қосымшасы қатысады. Мысалы: Ауа, сондай курсты бизде шөлкемлестирежакбыз. – Да, мы хотим организовать такой курс.

Ал татар тілінде болымсыз сөйлемдер инкарь жөмләләр деп аталады. Олардың жасалу жолдарына мыналар жатады:

а) ма-мә: Гали бүген мәктәпкә килмәде.

б) түгел: Әминә врач түгел.

в) юк: Минем ручкам юк.

г) интонация:

- Ул әле кайтканмы?

- Кайткан! (кайтмый ни)

- Язган ди! Язмыйни.

д) сұраулы сөйлемге жауап сапасында жұмсалғанда:

- Ник кенә барсын!

- Ни өчен барыйм соң мин анда!

Татар тіліндегі хабарлы болымсыз сөйлемдердің болымды сөйлемдермен арақатысында ерекшелік байқалады. Ол мынадай: бір хабарлы сөйлем құрамында екі болымсыздық көрсеткіші болса, ол болымды сөйлемге айналады. Бұл туралы М.З.Зәкиев баяндай отырып, мынадай мысал келтіреді: тырышмады түгел – тырышты. Акчасы да юк түгел – Акчасы бар .

Татар тіліндегі хабарлы сөйлем интонациясы ой екпінінің қай сөзге түсуіне байланысты екі түрлі кездеседі: Мысалы: 1) ой екпіні түскен сөз сөйлем ортасында келгенде:

Группа 5 зỳр

аның белән каен

төбендә

Без утырабыз (Г.Б.)

2) Ой екпіні түскен сөз сөйлем басында келгенде:

ИГруппа 1 ртә

белән

кырау

төшә.

Аталған түркі тілдерінің барлығында да хабарлы сөйлем баяндауышы етістіктің рай, шақ, жақ, сандық сипаты арқылы сөйлемге қосымша модалдылық реңкін береді. Негізінен, түркі тілдерінде хабарлы сөйлем баяндауышы қалыпты орын тәртібінде сөйлем соңында келеді, толықтауышты меңгеріп тұрады. Айтылған кезде ойдың, хабардың предикаты ерекше интонациямен айтылады.

Хабарлы сөйлемдердің интонациясын экспериментальды-фонетикалық зерттеу нәтижесінде мынадай сипаты анықталған:

1) хабарлы сөйлемнің айтылуында басқы кезде негізгі тонның жиілігі әлсіз болады, бірте-бірте көтеріледі, сөйлем соңына қарай негізгі тон біртіндеп баяулайды;

2) Негізгі екпін қабылдайтын буынның интонациялық сипатын салыстырғанда, өзбек тіліндегі интонацияның негізгі тонының созылмалы өзгерісі байқалса, қарақалпақ және қазақ тілдерінде ол айқынырақ, күшті байқалады;

3) Лексикалық құрамы жағынан бірдей сөйлемдердің айтылу созылыңқылығы мынадай: өзбек тілінде созылыңқылығы жоғары, қазақ және қарақалпақ тілінде оған қарағанда созылыңқылық дәрежесі төмен;

4) Айтылу қарқындылығының өзгеріс көрсеткіші бойынша: қарақалпақ және қазақ тілдерінде негізгі екпін қабылдайтын буын қарқындылығы айқын, сондай-ақ бұл қарқын екпін түсетін буыннан кейінгі буында да байқалса, өзбек тілінде ол қарқынды басталып, негізгі екпін қабылдайтын буында төмендейді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ тілінде хабарлы сөйлемге қандай анықтама беріледі?

  2. Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер қандай?

  3. Татар тілінде хабарлы сөйлем қалай аталады, зерттеген кім, қандай анықтамаға ие?

  4. Башқұрт тіліндегі хабарлы сөйлемнің жасалу жолдары қандай?

  5. Татар тіліндегі хабарлы сөйлем интонациясы қандай сипатқа ие?