- •5В130100 - «Жалпы медицина»
- •Алматы, 2016 ж Мазмұны
- •Силлабус
- •Бағдарлама
- •2. Тәжірибелік дағдылар:
- •3. Коммуникативтік дағдылар
- •Құқықтық құзыреттілік
- •3. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Оқыту әдістері:
- •6. Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері
- •Химия пәні бойынша студенттердәі құзыреттіліктерін бағалау критерийлері Дәрістер
- •Тәжірибелік сабақтар
- •Химия пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері
- •Химиядан студенттердің құқықтық құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Химия пәні бойынша студенттің коммуникативті құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Химия пәні бойынша студенттің өздігінен білім алу құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Бағалардың градациялық шекарасы
- •7. Консультация мен емтихандардың өткізілу уақыты:
- •Дәрістер кешені
- •Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (практикалық, семинар, лабораториялық)
- •Тұз қышқылы ерітіндісінің тығыздығы мен концентрациясы
- •1 Тәжірибе. Мыс (іі) және темір (ііі) иондарын бір-бірінен бағаналық хроматография әдісімен бөлу
- •2 Тәжірибе. Тағам өнімдеріндегі темір(ііі) ионын қағаздық хроматография әдісімен анықтау
- •Зертханалық жұмысты дұрыс жазу үлгісі
- •Бақылау:
- •Қорытынды:
- •2 Тәжірибе. «Желатиннің ісіну дәрежесіне ортаның рНның әсері»
- •3.1. Калий перманганатына әсері
- •Студенттердің өзіндік жұмыСтарЫна арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Алматы, 2016 ж
- •Студенттердің білімін бақылау-бағалау құралдары (Студенттердің білімін, біліктілігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін)
- •Алматы, 2016 ж
- •Тәжірибелік дағдыларын қабылдау үшiн сұрақтар
- •Тест тапсырмалары
- •I тарау. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Номенклатурасы. Изомерия.
- •III тарау. Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі. Қаныққан көміртек атомындағы нуклеофильді орын басу реакциялары.
- •IV тарау. Нуклеофильді реакциялардағы карбонильді қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі.
- •V тарау. Тіршілік процесіне қатысушы гетерофункциональды қосылыстар.
- •VI тарау. Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер.
- •VII тарау. Сабындалатын және сабындалмайтын липидтер.
- •VIII тарау. Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар.
- •Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары
- •Тәжірибелік дағдылардың тізімі
Бағдарлама
Кіріспе
Берілген бағдарлама медициналық оқу орнының «Жалпы медицина» мамандығына арналған. Жоғары білімнің қазіргі жаңашыл шарттарына сәйкес шешуші міндеті болып іргелі оқыту табылады. Химия іргелі ғылым, сондай-ақ тірі ағзадағы процестерді тану және зерттеу құралы болып табылады. Сондықтан, медициналық мамандықтағы студенттер осы ғылымның негізгі идеялары, заңдары мен әдістерін жақсы игеруі қажет. Бағдарлама бойынша бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидты химия курсының аса маңызды тақырыптарының негізін қарастыру жоспарлануда.
«Химия» пәні биохимия, молекулярлы биология, физиология, фармокология, гигиенаның кейбір тарауларын меңгеруге теориялық базаны дайындайды және медицина-биологиялық, клиникалық пәндерді игергенде фундаментальды ғылымнан алынған ғылыми шешімді және зерттеудің жаңашыл әдістерін толық қамтуын қарастырады.
Жоғары медициналық білімді жетілдірудің маңызды міндеті болып пән аралық байланысты кеңейту және фундаментальды, медицина-биологиялық және клиникалық пәндердің интеграциясы болып табылады.
Пәннің мақсаты:
Студенттерде адам организмін зерттеуде біртұтас физика-химиялық, жаратылыс тану тұрғысынан шешім қабылдау, сондай-ақ ірі организмде жүретін маңызды биохимиялық процестер мен әр түрлі тепе-теңдіктердің химиялық және физика-химиялық аспектілерінің негізін қалыптастыру.
Пәннің оқыту міндеттері:
Тірі ағзада жүретін биохимиялық процестерді сипаттау үшін және ситуациялық есептерді шығара білу үшін физикалық және коллоидты химияның негізгі заңдылықтарын білуді үйрету;
Ерітінділердің концентрациясының сандық сипаттамасын, сонымен қатар олардың коллигативтік қасиеттерін, қышқыл мен негіз ерітінділерінің қышқылдығы жайлы, буферлік ерітінділердің әсер ету механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;
Табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен биополимерлердің құрылымының олардың химиялық қасиетіне әсері жайлы түсінік қалыптастыру;
заттар, оның ішінде тірі организмдегі органикалық компоненттер мен дәрілік препараттардың химиялық құрамы, құрылысы, қасиеттері және биологиялық белсенділігі арасындағы өзара байланыс туралы түсінікті қалыптастыру;
әдеби көзі мен мәліметтердің электронды базасымен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқытудың соңғы нәтижелері
Пәнді оқып білу барысында студент келесі құзыреттілектерді игеруі тиіс:
1. Білім
Химиялық термодинамиканың теориялық қағидалары, биоэнергетиканың негізі ретінде термодинамиканың 1 және 2 бастамаларын;
ерітінділердің құрамын анықтаудың негізгі әдістері;
ерітінділердің коллигативті қасиеттері, олардың организмдегі атқаратын ролі;
атомдар мен молекулардың құрылыс теориясын, комплексті қосылыстардың координациялық құрылыс теориясын, хелатотерапия туралы түсінік;
биогенді элементтер химиясын;
қышқылдық-негіздік тепе-теңдік мәнін және организмдегі буферлі жүйелердің функциясын;
тотығу-тотықсыздану процестерінің теориясын;
жоғары молекулалы қосылыстар және биополимерлердің табиғаты мен физика-химиялық қасиеттерін;
органикалық қосылыстардың классификациясы және номенклатурасының ережесі;
химиялық реакциялардың типтері мен механизмін;
табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластарының электронды құрылысын,изомериясын;
биохимиялық процестерде өзара өзгеріске ұшыраудың негізі ретінде органикалық қосылыстардың маңызды кластары мен функционалды топтарының түрлі айналулар жолдары;
органикалық қосылыстардың құрылысы мен химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерінің биологиялық белсенділікпен өзара байланысы;
тіршілік ету процестерінде биологиялық реттегіштер мен биополимердің атқаратын ролі.
