- •Мәтіндік және графикалық материалдарды рәсімдеу ережелері
- •Мазмұны
- •1 Қолдану саласы, жалпы ережелер
- •2 Түсіндірме жазбаның мазмұны мен құрылымына қойлытаны талаптар
- •3 Түсіндірме жазбаның рәсімделуіне қойлатын талаптар
- •4 Графикалық материалды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
- •5 Құжаттың белгіленуі
- •Қосымшалар
- •Негізгі жазбалар
4 Графикалық материалды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Дипломдық және курстық жұмыстардың графикалық бөліктері құрастырушылық құжаттардың бірыңғай жүйесінің (ҚҚБЖ) әрекет етуші стандарттарына сәйкес орындалуы қажет.
Графикалық құрастырушылық құжаттардың негізгі бөлігі 1 форма бойынша (МСТ 2.104,-01), құрылыс сызбалары үшін 3 формасы бойынша (МСТ 21.101-97), мамандандырудағы негізгі жазба 2 және 2а формасы бойынша (МСТ 2.104-01) орындалады.
Сызбалар мен мамандандырулардың негізгі жазбалары, сызбалардың шартты белгілері (шифрлары) Г,Д,Е қосымшаларында берілген.
Әр сызбада өлшемі 14 х 70 мм болатын, 180° бұрылған негізгі жазба графасы болуы қажет, , негізгі жазба ұзын бойға орналасса бұл графа жоғарғы сол бұрышында, ал қысқа бойға орналасса, жоғарғы оң бұрышта жасалынуы қажет.
А4 форматында негізгі жазба тек қысқа бойға ғана орналастырылады.
Сызбалардағы барлық жазбалар МСТ 2.304-81 бойынша стандартты шрифтпен орындалады, әріптер мен цифрлар биіктігі 3,5 мм, трафареттерді қолдануға болмайды.
Жобаланатын құралдар күрделі емес жәнежалпы түрінің сызбасы техникалық тапсырмамен қарастырылмағандықтан, құрамалы сызбалар орындалады және ол барынша толық болуы қажет. Бұндай жағдайда құрамалы сызба өнімді құрастыру үрдісі үшін ғана емес, сонымен бірге сол бойынша бөлшектердің ұмысшы сызбасын құрастыру үшін де қажет (Боголюбов С.К. Сызу - М.: Машина құрастыру, 1981ж, 240-243 бет).
Өнімнің құрамалы сызбасы өнім құрылымын толық танып білуге қажетті кескіндер мен қиылыстар түрлерінің жеткілікті санынан тұруы қажет. Құрамалы сызбада габариттік, жалғастырушылық, монтаждық және анықтамалық өлшемдер, сонымен бірге өнімді дайындауға қажетті нұсқаулар мен талаптар болуы қажет.
Техникалық шарттар мен талаптар сызба бойында негізгі жазбаның үстіне орындалады, мәтінді негізгі жазбаның сол жағында 185 мм жалпақтықта орындауға рұқсат етіледі. Сипаттаманың әрбір талабы немесе өлшемі араб цифрларымен реттік нөмірлерін қою арқылы сөйлем түрінде жазылады.
Құрамалы сызба мен жалы түр сызбасында өнімнің әрбір құрамдық бөлігіне позиция нөмірі беріледі және олар бір қатарды көрсетеді. Позиция нөмірлері контур сыртында негізгі жазбаға параллель және жолға немесе колоннаға бір горизонталь сызықта немесе вертикаль сызықта топтастырылады.
Позиция нөмірлері түсіндірме жазбадағы құрылым сипаттамасы мен жұмыс істеу принциптеріне сәйкес және мамандандыруда көрсетілген позициялар нөміріне сәйкес қойылады.
Бірнеше бөлшектерден құралған әрбір өнімнің бірінші бетіне 2 формасы бойынша келесі беттеріне 2а формасы бойынша мамандандыру құрастырылады.
Жұмыс сызбаларының бөлшектері МСТ 2.109-73 бойынша түсіндірме жазбаның құрастырушылық бөлігінде өлшемдері анықталған немесе мықтылық есебімен анықталған бөлшектер үшін ғана сызылады.
Бөлшектің жұмыс сызбасында оның дайындалуы мен бақылануына қажетті барлық мәліметтер көрсетілуі қажет. Бұл мәліметтер өз ішіне өлшемдер, шектік ақаулар, бетінің біркелкі еместігі, материалы және т.б. туралы мәліметтерді біріктіруі қажет.
Жоспарлы сызбалар жабдықтарды орындарына орналастырғаннан кейін жасалынады, оларда ғимарат өлшемі, монтаждық-бекіту өлшемдері, жұмыс орындарын орналастырудың шартты белгілері, электр энергиясын, суды, сығымдалған ауаны, жергілікті желдеткіш ауаны, машина орындарын және т.б. жіберу нүктелері көрсетілуі қажет.
Жоспарлы сызбада бос орында ғимараттар экспликациясы мен шартты белгілердің түсінігі жазылады. Ғимарат атауын оның ауданын, өндірістің жарылғыш, өртті-жарылғыш және өрт қауіпсіздігі бойынша дәрежесін көрсете отырып, тікелей сызбаға жазуға рұқсат етіледі. Өндіріс категориясы учаске атауының астында орналасқан 8х5 мм тікбұрышта кішкентай әріптермен жазылады. Ғимарат ауданы төменгі оң бұрышта көрсетіледі және жіңішке тұтас сызықпен сызылады.
Жабдықтар тізімі сызбаның негізгі жазбасының үстінде немесе А4 форматындағы жеке парақтарда (Е қосымшасы) орындалады.
