- •Мәтіндік және графикалық материалдарды рәсімдеу ережелері
- •Мазмұны
- •1 Қолдану саласы, жалпы ережелер
- •2 Түсіндірме жазбаның мазмұны мен құрылымына қойлытаны талаптар
- •3 Түсіндірме жазбаның рәсімделуіне қойлатын талаптар
- •4 Графикалық материалды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
- •5 Құжаттың белгіленуі
- •Қосымшалар
- •Негізгі жазбалар
2 Түсіндірме жазбаның мазмұны мен құрылымына қойлытаны талаптар
2.1 Түсіндірме жазбаның құрылымы
Түсіндірме жазбаның материалы келесі тәртіппен орналастырылады:
А) титул беті;
Б) диплом, курстық жобалауға немесе өндірістік практикаға тапсырмалар;
В) реферат;
Г) мазмұны;
Д) кіріспе;
Е) жоба бойынша түсіндірмелері мен есептері бар негізгі бөлім;
Ж) қорытынды;
З) әдебиеттер тізімі
2.2 Титул беті мен тапсырмалар
Титул беті түсіндірме жазба мен практика бойынша есептің бірінші беті болып табылады, титул беттерінің үлгілері А, Б, В қосымшаларында берілген.
Диплом жобасының тапсырмасын жоба жетекшісі береді, циклдық комиссия төрағасы қол қойып, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасарымен бекітіледі.
Әр мамандық үшін дипломдық, курстық жобалау бойынша тапсырмалар түрі мен мазмұны циклдық комиссия отырысында құрастырылып, бекітіледі.
2.3 Реферат
Рефератта құжаттың қысқаша мазмұны ашылады және түсіндірме жазбада қолданылатын негізгі сөздер келтіріледі.
«Реферат» сөзі тақырып ретінде мәтінге симметрия болып бастапқы әрпінен бастап барынша үлкен әріптермен жазылады және нөмірленбейді.
2.4 Мазмұны
Жоба мазмұны өз ішіненөмірлер және тарау атаулары, сонымен бірге кіріспе, түсіндірмелері мен есептері бар негізгі бөлік, қорытынды және бет нөмірлері көрсетілген әдебиеттер тізімі бар түсіндірме жазба элементтерін біріктіреді.
«Мазмұн» сөзі тақырып ретінде мәтінге симметрия болып бастапқы әрпінен бастап барынша үлкен әріптермен жазылады және нөмірленбейді. Мазмұнға кіріктірілген атаулар кішкентай әріптермен жазылады (бастапқысынан басқа).
2.5 Кіріспе
Кіріспе заманауи шешуге келетін техникалық немесе экономикалық мәселенің жағдайын сипаттауы қажет және дипломдық немесе курстық жобаның тақырыбына байланысты болуы керек.
«Кіріспе» сөзі тақырып ретінде мәтінге симметрия болып бастапқы әрпінен бастап барынша үлкен әріптермен жазылады және нөмірленбейді.
2.6 Негізгі бөлім
Жобаның түсіндірме жазбасының негізгі бөлімнің мазмұны жобалауға арналған тапсырмаларға сәйкес құрастырылатын бірнеше тараудан тұрады. Негізгі бөлімнің құрылымы, есеп жасау тәртібі, олардың көлемі мен мазмұны сәйкес мамандықтар бойынша циклдық комиссиялар құрастырған оқу құралдарымен және әдістемелік нұсқаулармен регламенттеледі.
Тараулардың атаулары азат жолдан бастапқы әрпінен бастап барынша үлкен әріптермен жазылады.
2.7. Қорытынды
Диплом жобасының қорытындысы жеке парақта орындалады, «Қорытынды» сөзі мәтінге симметриялы түрде үлкен әріптермен жазылады және нөмірленбейді. Қорытынды диплом жобасының нәтижесі бойынша қысқаша қорытындыдан, оларды пайдалану бойынша ұсыныстардан, жобаны енгізу тиімділігінің экономикалық бағалануынан тұруы қажет.
2.8 Әдебиеттер тізімі
«Әдебиеттер тізімі» сөзі тақырып ретінде барынша үлкен әріптермен жазылады және нөмірленбейді.
Әдебиеттер тізіміндегі әдебиет көзі олардың мәтінде пайдп болу тәртібіне байланысты орналастырылады, мәтіндегі әдебиет көзіне сілтемелер болған жағдайда тізім бойынша тік бұрышты жақшамен қоршалған нөмірі көрсетіледі, барлық әдебиет көзі араб цифрларымен нөмірленеді.
Оқу құралдары (оқулықтар, анықтамалықтар, оқу-әдістемелік құралдар және т.б.) туралы мәліметтерде автордың тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптеріне, кітап атауы, басылып шыққан жері, баспа атауы, басылып шыққан жылы, бет саны көрсетілуі керек. Авторлардың тегі атау септігінде кітапта немесе оқу құралында жазылған тәртіппен жазылуы қажет. Басылып шыққан жері мен баспа атауы ьолығымен атау септігінде, шыққан жылы толығымен сандармен «жыл» деген сөздің жазылуынсыз, бет саны «бет» деген сөздің жазылуы арқылы, яғни қысқартылған түрде «б» деп жазылуы керек.
Мысал:
Крамаренко Г.В., Барашков И.В. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету - М.: Көлік, 1982 - 368б.
