- •Мәтіндік және графикалық материалдарды рәсімдеу ережелері
- •Мазмұны
- •1 Қолдану саласы, жалпы ережелер
- •2 Түсіндірме жазбаның мазмұны мен құрылымына қойлытаны талаптар
- •3 Түсіндірме жазбаның рәсімделуіне қойлатын талаптар
- •4 Графикалық материалды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
- •5 Құжаттың белгіленуі
- •Қосымшалар
- •Негізгі жазбалар
3 Түсіндірме жазбаның рәсімделуіне қойлатын талаптар
3.1 Жалпы талаптар
Түсіндірме жазба мәтіндік құжаттың түпнұсқасы болып табылады және МСТ 2.105-95 сәйкес әзірленуі қажет.
Мәтіндік құжаттардың түпнұсқалары МСТ 2.301-68 бойынша А4 (210 х 297мм) форматты ақ жазу қағазының бір жағына орындалады, үлкен кестелер мен иллюстрациялар салу кезінде келесі тәслдердің бірімен А3 (297 х420мм) форматты қағазға орындауға болады:
- МСТ 2.304-81 бойынша қолжазба, сызба әріптермен, әріп немесе сан биіктігі 2,5 мм-ден кем болиауы керек немесе қолмен айқын да, анық жазумен барлық құжат бойы бояумен, сиямен немесе бір түсті сиямен (қара, күлгін, көк) жазу;
- баспа тәсілімен, Times New Roman шрифті, шрифт өлшемі 14, жол аралық интервал 1 – 1,5.
Түсіндірме жазбаның әр беті рамкаға алынуы керек, оның сол жағы беттің шетінен 20 мм-ге шеттетілген, ал қалған үш шетінен 5 мм-ге шеттетілген болуы қажет.
Негізгі жазбалар А4 форматты беттің қысқа жағының бойына орындалады (Д қосымшасы). Тараудың бірінші бетінде негізгі жазба 2 формасы бойынша орындалады, ал келесі беттерде 2а формасы бойынша орындалады.
Рамка мен мәтін шетіне дейінгі қашықтық жол басында 5 мм-ден кем емес, ал жол соңында 3 мм-ден кем емес болады.
МСТ 2.104 – 68 бойынша (2 немесе 2а формасы) мәтіннің жоғарғы жолы мен жоғарғы рамкаға дейінгі аралық және мәтіннің төменгі жолы мен төменгі рамкаға дейінгі аралық 10 мм-ден кем болмауы керек.
Мәтіндегі азат жол 15-17 мм аралықтан кейін басталады.
Мәтіндік құжаттарды бүлдіруге болмайды.
Құжатты орындау кезіндегі қате жазулар мен графикалық жаңсақтықтарды тазартуға немесе ақ бояумен бояп, оның орнына машинамен жазу тәсілімен немесе сиямен, немесе тушьпен қолмен жазуға болады.
Түсіндірме жазбаның немесе есептің беттерін араб цифрларымен нөмірлейді, титул беті мен жобалау тапсырмасы беттердің жалпы нөмірлену санына кіреді, бірақ оларға нөмір қойылмайды. Беттерді нөмірлеудегі нөмір санын қоймауға немесе литерация жасауға болмайды.
Қажет болған жағдайда құжат мәтінін тарауларға, бөлімдерге және тармақтарға бөлуге болады.
Тараулар барлық құжат бойында нүктесіз араб цифрларымен нөмірленеді және азат жол сызығынан басталады. Бөлімдердің нөмірленуі әр тарау шегінде жүргізіледі және өз ішіне аралары нүктемен бөлінген тарау нөмірі мен бөлімнің кезекті нөмірін біріктіреді, азат жол сызығынан бастап жазылады. Бөлім нөмірін жазғаннан кейін нүкте қойылмайды. Тараулар мен бөлімдер бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
Мысалы:
3 Құжаттың үшінші тарауының атауы
3.1 Үшінші тараудың бірінші бөлімінің атауы
3.1.1
3.1.2 Құжаттың үшінші тарауының бірінші бөлімінің тармақтары
Егер тарау немесе бөлім бір ғана тармақтан тұрса, ол да нөмірленеді.
Сонымен бірге қажет болған жағдайда тармақтар да тармақшаларға бөлінуі мүмкін және олар да әр тармақ шегінде нөмірленеді, мысалы: 3.2.1.1 , 3.2.1.2 , 3.2.1.3 және т.б.
Тармақтар мен тармақшалардың ішінде санамалаулар болуы мүмкін. Әрбір санамаланған тармақ алдында сызықша қойылады, ал қажет болған жағдайда құжат мәтінінде оған сілтеме болса, жақшамен қоршалған кіші әріп қойылады. Әрі қарай бөлшектеген жағдайда жақшаға алынған араб цифрлары қойлып, жазу азат жол сызығынан бастап жазылады, мысалы:
а) _________________________
ә)__________________________
1) ______________________
2) ______________________
б) _________________________
Әрбір тармақ, тармақша және санамалау азат жол сызығынан бастап жазылады.
Әрбір тарау негізгі жазбамен 2 форма бойынша жаңа беттен басталады.
Тараулар мен бөлімдердің тақырыптары болуы қажет. Тармақтардың, ережеге сай тақырыптары болмайды. Тақырыптар бас әріппен жазылып, нүкте қойылмайды және асты сызылмайды. Тақырыптағы сөздерді тасымалдауға болмайды. Егер тақырып екі сөйлемнен тұратын болса, олардың арасына нүкте қойылады.
Тақырыптар арасындағы, тақырып пен мәтін арасындағы аралық екі интервал (бір жол).
Тақырып пен мәтінді бөлек беттерге жазуға болмайды.
Құжат мәтіні қысқаша, нақты және артық талқылаусыз болуы қажет. Жазуға болатын қысқартулар тізімі МСТ 2.316-68 көрсетілген.
Міндетті талаптарды жазған кезде мәтінде тиіс, қажет, талап етіледі, жіберілмейді, рұқсат етіледі және т.б. сөздер қолданылады.
Құжатты баяндау үшін хабарлы түрдегі сөздерді жазуға болады, мысалы: қолданылады, көрсетіледі және т.б.
Құжаттарда белгілі стандарттармен белгіленген немесе жалпыға бірдей ғылыми-техникалық әдебиеттерде қолданылатын ғылыми-техникалық терминдер, түсініктер мен анықтамалар қолданылуы тиіс.
Құжат мәтінінде ауызекі сөйлеу тілінің сөз құрылыстары, кәсіби сөздер және еркін сөзжасамдар қолданылмауы тиіс.
Кестелердегі өлшемдер мен формулалардың құрамына кіретін әріптік белгілерді ұғындыру жағдайында болмаса, физикалық өлшемдер сандарсыз қолданылған болса, оларды қысқартуға және № (нөмір), % (пайыз) белгілерін, математикалық белгілерді сандық ұғымдарсыз қолдануға рұқсат етілмейді. Өлшем бірлігі мен сандық белгіні бір-бірінен ажыратуға болмайды, яғни оларды әрбір жолға немесе әрбір бетке тасымалдауға келмейді.
Мәтіндегі бөлшек сандарды ондық бөлшек ретінде келтіру қажет, сандық белгіні ондық бөлшек ретінде жазу мүмкін болмаған жағдайда оларды жай бөлшек ретінде арасына қисық сызық қою арқылы бір жолға жазуға рұқсат етіледі.
3.2 Формулалар
Мәтіндегі формулалар жай жақшалармен бөлінеді. Әр формуладан жоғары және төмен ең кемінде бір жол қалдырылады (екі интервал).
Формулалар тура нөмірлену арқылы араб цифрларымен нөмірленеді, олар формула деңгейінде оң жағынан дөңгелек жақшалармен қоршалынады. Тарау шегінде формулаларды нөмірлеуге болады, бұл жағдайда формуланың нөмірі арасы нүктемен бөлінген тарау нөмірінен және формула нөмірінен құралады.
Формула құрамына кіретін таңбалар мен сандық коэффициенттердің түсініктері бұдан бұрын мәтінге келтірілмеген болса, тікелей формуланың астында келтіріледі. Әрбір таңбаның түсінігі олардың формуладағы жазылу тәртібіне қарай берілуі қажет, түсініктің бірінші жолы «қайда» деген сөзбен басталады және одан кейін ешбір белгі қойылмайды.
Мысалы:
Ток күші I, А, келесі формула бойынша анықталады:
I=U/R, (3.1)
қайда I –ток күші, А;
U- кернеу, В;
R- кедергі, Ом.
Формуланы шартты белгілермен жазғаннан кейін, теңдеу бөлшектерінің сандық белгілерін қойғаннан кейін есептік өлшемнің анықтамасы жеке келтіріледі.
Егер функцияның бірден үшке дейінгі шешуін табу керек болса, ондай жағдайда есептеу негізгі мәтінде келтіріледі. Функцияның анықталатын белгілерінің саны көп болған жағдайда есептердің нәтижелерін кестеге біріктірген дұрыс.
3.3 Кестелер
Кестелер көрсеткіштерді барынша көрнекі, ықшам, жалпыланған және салыстырмалы түрде көрсету үшін қолданылады.
Кестенің үстіне сол жақ жоғарғы бұрышына «Кесте» деген сөз нөмірмен бірге жазылуы қажет, кейін кестенің атауы бас әріптен басталып жазылады, ол нақты және қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауындағы сөздер тасымалданбайды. Кесте атауының асты сызылмайды.
Кестені сол немесе келесі бетке тасымалдаған кезде тақырыбы тек бірінші бөлімнің үстіне жазылады, ал кестенің басқа бөліктеріне «Кестенің жалғасы (нөмір)» деп жазу қажет.
Кестенің тақырыбы мен басын жеке беттерге орналастыруға болмайды.
Кестелер тура нөмірлену арқылы араб цифрларымен нөмірленеді. Кестелерді тарау шегінде нөмірлеуге болады, мұндай жағдайда кестенің нөмірі аралары нүктемен бөлінген тарау нөмірінен және кесте нөмірінен құралады.
Мәтінде кестеге сілтеме болған жағдайда кестеге «Кесте» сөзін жазып нөмірін көрсету керек.
Кестелер сол, оң жағынан және астынан сызқтармен шектеледі, кесте ішіндегі горизонталь және веритикаль сызықтар, бөліп тұратын жолдар мен графалардың жоқтығы кестені пайдалануды қиындатпаса, оларды жүргізбеуге рұқсат етіледі. Кестенің басы басқа бөлігінен жеке сызықпен бөлініп тұруы қажет.
Кесте графалары мен жолдарының тақырыптары бас әріптен басталып жазылуы қажет, графалардың тақырыпшалары жекеше түрде және ережеге сәйкес кесте жолдарына параллель түрде жазылады, бірақ қажет болған жағдайда оларды перпендикуляр етіп орналастыруға болады. Тақырытар мен тақырыпшалар соңында нүкте қойылмайды.
Тақырыптар мен тақырыпшалардың графаларын диагональ сызықтармен бөлуге болмайды.
Кестені бірнеше бөліктерге бөлген кезде оның басы қайталанып келеді және оның графалардың немесе жолдардың нөмірдерімен ауыстыруға рұқсат етіледі. Сонымен бірге олар кестенің басқа да бөліктеріне ауысатын графалары мен жолдары араб цифрларымен нөмірленеді .
Егер бет соңында кесте үзіліп, оның жалғасы келесі бетте болатын болса, онда оның бірінші бөлігінің астыңғы жағынан кестені бөліп тұратын сызық жүргізілмейді.
Мысал:
2.2 кесте ТЖ аймағының жабдықтар ведомосы
Атауы |
Типі, моделі |
Саны |
Габариттік өлшемі, мм |
Алатын аумағы, м2 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 2 тіреулі көтергіш |
П-133 |
9 |
- |
- |
2 жартылай автомат дәнекерлеуші |
BIMAX 152 |
1 |
600х500 |
0,30 |
2.2 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
3 Қайраушы станок |
ОМР-86 |
1 |
850х550 |
0,47 |
4 агрегаттарды тасымалдауға арналған арба |
ОГ-151 |
2 |
1700х890 |
3,03 |
5 -------------- |
|
|
|
|
Барлығы Fжалпы |
25,21 |
|||
«Реттік нөмірі» графасын кестеге енгізу құпталмайды, қажет болған жағдайда көрсеткіштердің, параметрлер мен басқа да мәліметтердің реттік нөмірлері бірінші графада (жақтауында) тікелей көрсеткіш атауының алдында жазылуы тиіс.
Егер кесте графаларында келтірілген барлық көрсеткіштер бір ғана өлшем бірлігімен белгіленсе, онда оның белгісі кестенің үстіңгі оң жағында көрсетілуі тиіс, ал кестені бөліктерге бөлген жағдайда оның әрбір бөлігінің үстінде болуы қажет.
Бір жолдағы барлық мәліметтерге жалпы өлшем бірлігін оның атауынан кейін жазу қажет, қажет болған жағдайда жеке графаға немесе өлшем бірлігін жазатын жолға шығаруға рұқсат етіледі.
Бір графаның жолдарында қайталанып келетін екі немесе одан да көп сөзден тұратын мәтіндер бірінші қайталанған кезде «сол» деген сөзбен алмастырылса, одан әрі тырнақшамен алмастырылады. Кестеде жеке мәліметтер болмаған жағдайда сызықша қою қажет.
Кестеде қайталанылатын сандар, математикалық белгілер, пайыз бен нөмір белгілері, материал маркаларының белгіленуі, өнімдердің тарауларының типтері, құжат нөмірлерінің белгілерін тырнақшамен алмастыруға рұқсат етілмейді.
Мәтін түрінде келтірілген көрсеткіштік сандық белгісі көрсеткіш атауының бірінші жол деңгейінде жазады.
3.4 Иллюстрациялар
Түсіндірме жазбаның иллюстрациялары (суреттер, сұлбалар, диаграммалар) сыу құралдарын пайдалана отырып, қара бояумен немесе сиямен, не болмаса, компьютер мен принтерді қолдану арқылы жазылады.
Барлық иллюстрациялар саны біреуден көп болса, тарау шегінде араб цифрлрамыне нөмірленеді. Иллюстрация нөмірі аралары нүктемен бөлінген тарау нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады, мысалы:
1.2 сурет
Иллюстрацияны түсіндірме жазбаның барлық мәтінің бойына нөмірлеуге болады.
Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда атауы мен түсініктемесі (сурет астындағы мәтін) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі және оның атауы түсініктеме мәліметтен кейін жазылады және келесі тәртіппен орналастырылады: «1 сурет – Құрал бөлшектері».
Мәтінде иллюстрацияға сілтеме «қараңыз» деген қысқартылған сөзбен беріледі, мысалы: (2,3 сурет)
3.5 Сілтемелер
Дипломдық немесе курстық жобаның (жұмыстың) түсініктеме жазбасы әдеби көздер негізінде құрастырылады.
Әдебиет көздеріне сілтемелер әдебиет тізімі бойынша реттік нөмірін көрсете отырып келтіру қажет. Бет нөмірі мен кесте нөмірі және т.б. да осы жерде көрсетіледі.
Мысалы: (2.1сурет)[3], (4 кесте) [2].
