Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Правила оформ текст и граф матер каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
300.03 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Торғай аграрлы-техникалық колледжі

Бекітемін «________»

«___» ________2014ж

колледж директоры

Шамшин А.Ж.

Мәтіндік және графикалық материалдарды рәсімдеу ережелері

(курстық, дипломдық жобаларды, практика бойынша есептерді)

Арқалық 2014

Құрастырушы авторлар:

Байгереев Т.С. – Торғай аграрлы-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Кожахметов Д.Ш. – Торғай аграрлы-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Мажитова Н.Ж. - Торғай аграрлы-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Досымов Т.Д. - Торғай аграрлы-техникалық колледжінің жалпы техникалық пәндер оқытушысы

Ережелер арнайы пәндер циклдық комиссиясында қарастырылған және мақұлданған.

АПЦК төрағасы: ______________________ Мажитова Н.Ж.

«___» ____________ 2014 жыл

Мазмұны

1 Қолдану саласы, жалпы ережелері 4

2 Түсіндірме жазбаның мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар 4

3 Түсіндірме жазбаның рәсімделуіне қойлатын талаптар 6

4 Графикалық материалды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар 10

5 Құжаттың белгіленуі 11

А қосымшасы. Курстық жобаның (жұмыстың) түсіндірме жазбасының титул беті 13

Б қосымшасы. Практика бойынша есептің титул беті 14

В қосымшасы. Диплом жобасы түсіндірме жазбасының титул беті 15

Г қосымшасы. Құжаттың белгіленуі 16

Д қосымшасы. Негізгі жазбалар 17

Е қосымшасы. Мамандандыру формасы 19

1 Қолдану саласы, жалпы ережелер

1.1 Осы ережелер дипломдық, курстық жобалар мен жұмыстардың, практика бойынша есептердің талаптарын, құрылымын және ережелерін белгілейді.

1.2 Ережелердің талаптары міндетті болып табылады. Дипломдық, курстық жобалар мен жұмыстардың тарауларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен зерттемелер осы нұсқауларды жоққа шығарып немесе оған қарама-қайшы болмауы керек.

1.3 Дипломдық, курстық жұмыстар мен жоболар, өндірістік практика бойынша есептер мәтіндік және графикалық материалдан тұрады. Мәтіндік құжаттарға түсіндірме жазбалар (есептік-түсіндірме) мен өндірістік практика бойынша есептер жатады. Графикалық материалдарға түсіндірме (есептік түсіндірме) жазбаға жатпайтын сызбалар, сұлбалар, кестелер, диаграммалар жатады.

1.4 Оқу жобаларын бірыңғайлау мен стандарттау колледж білім алушылары орындайтын оқу құжаттарын рәсімдеудің бірыңғай ережелерін қамтамасыз етуге бағытталған.