- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Глоссарий:
- •1. Қр Қылмыстық құқығы дегеніміз не?
- •1. Құқық қорғау органдарының пәнінің жүйесі
- •Сот билігінің ұғымы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» қр Конституциялық Заңының қай байбында көзделген.
- •§1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі
- •1.Қр еңбек заңы қашан қабылданды
- •2.Жеке еңбек шарты:
Глоссарий:
Өкілеттілік – лауазымды орнына байланысты және кейбір мәселелерді шешу үшін қажетті субъектіге берілген біртұтас комплексті құқық пен міндеттілік .
Қабілеттілік – заңмен белгіленген , өзінің құқығы мен міндетін өз әрекетімен жүзеге асыру.
Құқық жүйесі – құқықтың ішкі құрамы, бірімен-бірі тығыз байланыстағы нормалар, институттар, құқық салалары және оған қосымшалар.
Қоғам –экономикалық және рухани біртұтастықпен , өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипаттайтын ,белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Құзірет- мемлекеттік орган, сондай-ақ , сол бір немесе өзге лауазымды тұлғаға иеленетін және тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі.
Құқық бұзушылық- қылмыскерлердің кінәлі , құқыққа қарсы, қоғамға зиянды әрекеті, қоғамның мүддесіне мемлекетке , жеке адамға зиян келтіреді.
Қосымша нормативті акт-заңның негізінде және оны орындау үшін шығарылған нормативті акт.
Тапсырма:
Құқық қатынастарының субъектілері
-
Индивидтер (жеке тұлғалар )
Әлеуметтік қауымдастықтар
Ұйымдар (заңды тұлғалар)
Мемлекеттік
Мемлекеттік емес
Тапсырма:
Кестені толытырыңыз.
Құқықтық мемлекеттің белгілері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тест тапсырмалары
Нұсқа 1
1.Алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың мінез-құлықтарын қандай нормалар реттеп отырды:
діни нормалар; С. Әлеуметтік нормалар:
заң нормалары; Д. саяси нормалар; Е. Билікті.
2. Мына құбылыстардың қайсысы тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға жатады:
саяси сана және саяси мәдениет
заңдылық,нормативті- құқықтық актілер,құқықтық сана,мемлекеттік аппарат
салт-дәстүр,ізгілік,мәдениет
әдет-ғұрып,мораль,дін
экономика,өндіргіш күштер,қаржы,салықтар
3.Күштеу теориясы бойынша мемлекеттің туындауына басты себептерді атаңыз:
ақшаның пайда болуы,қалалардың,қолөнер кәсібінің дамуы,пайда болуы
тайпалардың бірін-бірі жаулап алуы,олардың жеңгендерінің үстемдік құруы
таптардың пайда болуы,олардың араларында ымырасыз,бітіспес күрестің туындауы
климаттық жағдайдың өзгеруі,өндіріс құралдарының дамуы
мемлекет құру үшін адамдардың арасында еркін,өз ықтиярларымен келісімдердің жасалуы
4.Мемлекеттің негізгі белгі- нышандары қандай
ұлттық валюта, әскер, полиция
мемлекет егемендігі,жалпыға бірдей ережелерді қабылдау,билік аппаратының және салық жүйесінің болуы
аумақ,халық,әдет-ғұрып
астана,жалау,елтаңба,әнұран
сан алуан саяси партиялар,абақты,банк,қоғамдық ұйымдардың міндетті түрде болуы
5.Гумплович, Дюринг, К.Каутский мемлекет және құқықтың пайда болуы жөніндегі теориялардың қайсысын зерттеп зерделеді?
Патриархалдық : В: күштеу теориясын : С: психологиялық . Д: таптық: Е:органикалық
6.Мемлекет пен құқықтың п.б.таптық теория тұрғысынан түсіндіруді ұсынған ғалымдар:
Нұсқа 2
1.Азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың басты қағидасы:
Мемлекет пен ҚР азаматының өзара жауапкершілігінің қағидасы
Теңдік қағидасы
Әрбір азаматтың міндеттілігі қағидасы
Азаматтың мемлекеттік билікке бағыну қағидасы
Азаматтың мемлекетке қатысты тек қана құқықтары басты қағидасы
2.ҚР аумағында шетелдік мемлекеттердің кәсіподақтарының қызметіне:
Жол беріледі
Шетелдік мемлекеттің кєсіби одақтары ҚР бекітілген халықаралық шарттар шеңберінде әрекет еткен жағдайда жол беріледі
Жол берілмейді
Шетелдік мемлекеттің кәсіби одағының жарғысы ҚР заңнамалық актілеріне қайшы келмеген жағдайда жол беріледі
Олардың қызметтері мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмеген жағдайда жол беріледі.
3.Аумақтық сайлау комиссияларын мәслихаттар мыналардың ұсыныстары негізінде сайлайды:
Облыс әкімдерінің
ҚР азаматтарының
Депутаттыққа кандидаттардың
Саяси партиялардың
Мєслихат хатшыларының
4.ҚР Үкіметінің құрамына кімдер кіреді?
ҚР Премьер- министрі, Премьер- министрдің орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар
Премьер – министр, министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары
ҚР Премьер-министрі, орынбасарлары, министрлер, мемлекеттік комиттер мен агенттіктердің төрағалары
ҚР премьер – министрі, министрлер, агенттіктермен басқа да ведомоствалар төрағалары
ҚР премьер – министрі, министрлер, агенттіктер төрағалары мен облыс әкімдері
5.ҚР Конституциялық Кеңесінің құрамына қанша адам кіреді?
А,7 адам В,15 адам С,4 адам Д,8 адам Е,10 адам
Нұсқа 3
1.ҚР Конституциясы бойынша берілген азаматтардың өлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтары:
A.денсаулықты сақтау, меншік иесі болу, білім алу
B.заң жобаларын талқылауға , қоғамдық және діни бірлестіктерді құру
C.өмір сүру, меншік иесі болу.отбасын құру
D.басқару істеріне араласу, діни бірлестіктерді құру
E.бірлестіктерді құру
2.Қазақстан Республикасының коституциясы егемендік алганнан бері неше рет қабылданды және қашан?
A.1993 ж. 25 ңазан, 1995 ж. 30 тамыз - 2 рет
B.1991 ж. 25 қаңтар - 1 рет
C.1992 ж. 1 шілде, 1993 ж. 15 қараша,1995 ж. 30 тамыз-3 рет
D.1993 ж. 15 қараша
E.1992 ж. 1 шілде
3.Қазақстан Республикасының Үкіметін кім құрады?
A.Президент B.Халық C.Конституциялық кеңес D.Сот E.Парламент.
4.Азаматтардың конституция бойынша берілген міндеттері:
A.Азаматтық борышын өтеу, салық төлеу, конституцияны сақтау
B.Еңбек ету, отбасын құру, білім алу
C.Өмір сүру, сайлауға қатысу
D.Орган арасындағы қатынас
E.салық төлеу
5. Нормативтік қүқықтық актілер неше топқа бөлінеді?
A,2 B.3 C.4 D.5 E.
Нұсқа 4
1.Заңның ең жоғарғы күші дегеніміз нені білдіреді?
A.Заңдылық мемлекеттің жоғаргы өкілеті мен заң шығарушы органы қабылдайды
B.Заңдардың күшін жоюды қабылдаған орган ғана жасайды
C.Барлық құқық актілер заңдарға қайшы келмеуі тиіс
D.Заң үстем E. өкілеттілігі
2.Мемлекеттің функциялары /қызметі/ нешеге бөлініп топталады?
A.3;В) 2; С) 4; D 5;Е) 6
3.Азаматтың құқық бұзушылық дегеніміз -
A.Кәсіпорындар мен мекемелердің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекет B.Белгілі бір тұлғаның әрекеті мен әрекетсіздігі
C.Мемлекеттік немесе қоғамдық басқару тәртібіне, азаматтардың меншігіне, құқығы мен бостандығына нұқсан келтіру мақсатында жасалған құқыққа қарсы кінәлі әрекет
D.Заңсыз әрекеттер, E.заңға қайшы келісім шарт жасау
4.Мәміле дегеніміз:
A.кездесоқ жағдайлардың шиеленісуінен пайда болатын мінез-құлық
B.заңға қайшы келетін белсендігі C.азаматтарға заңға сәйкес іс әрекеті
D.құқыққа қарсы кінәлі әрекет E. інез-құлық ережесі
5.Құқықтық реттеу тәсілдерін көрсетіңіз:A. Мәжбүр ету, сендіру
B.бастапќы тәсіл, туынды тәсіл C. позитивтік міндеттеу, тыйым салу, рұќсат ету
D.мемлекеттік-биліктік нұсќама, бұйрыќтар, жарлықтар, өкімдер
E.әкімгерлік, рұқсат ету, нормативтік
Нормативтік-құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. 16.12.1991 ж.
Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөліністері туралы Қазақстан Республикасының заңы 08.12.1993 ж.
Әдебиеттер:
1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Жеті Жарғы: А,
2001 ж.
Дулатбеков Н, Амандықова С, ТурлаевА; Мемлекет және құқық негіздері. Фолиант. Астана; 2001 ж.
3. Алексеев С.С. «Государства и права» М, 1994 ж.
4. Жоламанов К; Мұхтарова А; Таукелев А; Мемлекет және құқық теориясы. А; 1999 ж.
5. Ағдарбек Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы 2003ж
2-тақырып: Құқық теориясының негіздері,мемлекет жәнеқұқық теориясының қалыптасыуы мен дамуының тарихы
Практикалық сабақтың жоспары:
1. Мемлекет және құқықтың пайда болуы
2. Мемлекет пен құқық түсінігі және белгілері
3. Мемлекет нысаны. Мемлекет механизмі
4. Құқықтың қайнар көздері. Құқық жүйесі
5. Құқықтық қатынастар
6. Құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері
Сабақтың мақсаты: мемлекет және құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
Мемлекеттің алғашқы қауымдық қоғамнан айырмашылық белгілері
Құқық нормасының алғашқы қауымдық құрылым нормасын ерекшелігі неде?
Құқық жүйесіне қандай элементтері кіреді?
Мемлекет механизмінің құрылысына қандай элементтер қіреді?
Құқық түсінігі және белгілерін атаңыз?
Құқықтың қайнар көздерін атаңыз?
Құқық қолдану актісі мен сатылары….
Коғамның саяси жүйесі…
Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде?
Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.
Глоссарий:
Абсолюттік монархия – монархиялық басқару нысанының бірі.бір адамның – монархтық шексіз мемлекеттік билігін сипаттайды
Автономия – мемлекет жерінің бір бөлігінің өзін - өзі билеу нысаны, ішкі мәселесінің шешудегі еркіндігі мен сипаты
Вето – парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы
Заң – ерекше жағдайдағы заң шығару органдарының билігімен қабылдаған, халықтың еркін білдіретін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғары заңдылық күші бар нормативтік акт
Мемлекет – белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы
Азаматтық қоғам – адамгершілік, діни, ұлттық әлеуметтік – экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы
Мемлекеттік аппарат – мемлекеттің алдындағы негізгі мақсаттары, міндеттері іске асыруға қажетті мемлеекттік органдардың жиынтығы.
Демократиялық режим – мемлекеттік
Дуалистік монархия – шектклген монархия түріне жатады, конституция көлемінде әрекет етеді
Заң шығару билігі – халықпен сайланған орган, заң шығару арқылы қоғамның даму стратегиясын жасауға арналған.
Тапсырма:
Төменде көрсетілген кестелерді толытырыңыз:
1. Заң ғылымдарының жүйесін талдап толтырып беріңіз.
Тапсырма: Әрбір заң ғылымының салаларына қысқаша анықтама беру.
Заң ғылымдарының жүйесі
|
Жалпы теориялық заң ғылымы
|
Мемлекет пен құқық туралы жалпы тарихи ғылымдар: _____________________________
_____________________________
_____________________________
|
Салалық заң ғылымдары: ___________________________ _____________________________ ___________________________
|
Қолданбалы заң ғылымдары:
_______________________________
___________________________
______________________
|
Тапсырма: «Мемлекеттің пайда болу теориялар» атты тақырыпқа Портфолио дайындау.
«Мемлекеттің функциялары» деген тақырыпта кестені толтырыңыз.
Мемлекеттің ішкі функциялары |
Мемлекеттің сыртқы функциялары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма: Мемлекеттің пайда бол теориялары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушлығын туғызып келді. Мәселен; Ж.Ж. Руссоның келісім теориясы:
- Мемлекет пайда болуы келісім шарт теориясы негізінде пайда болды.
- Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және даму процестеріндегі бірінші себебі деп санады. (Дюринг, Гумплович, Кауцкий).
– Диалектикалық-материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен- өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасздығымен түсіндіреді. (Маркс, Энгельс, Ленин).
– Мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністеріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғышқы қауымдық қоғамның жоғары топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсіну мен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теория өкілдерінің қатарынан Л. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.
а). Жоғарыда келтірілген Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгі позициялар қандай еді?
б). Мемлекет пен құқықтың пайда болу негізгі теориялары не себептен көп деп ойлайсыз?
в). Барлық ұлттарда мемлекеттің пайда болуының жалпы алғы шарттары қандай деп санайсыз?
«Мемлекеттің пайда болу туралы теорияларының» анықтамаларын толтырыңыз.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар:
Теологиялық - |
Патриархалды - |
Шарттық - |
Күштеу теориясы |
Психологиялық - |
Органикалық
|
Ирригациялық |
Материалистік |
Тапсырма: Парламентті монархияның белгілерін талдап беріңіз.
Кестені толтырыңыз.
-
Құқықтың белгілері
Тапсырма: Дуалистік монархияның белгілерін атаңыз.
Құқықтық реттеушіліктің негізгі құрамды бөліктерін атаңыз...
Тапсырма:
Кестені толтырыңыз. Құқық салаларының жіктеңіз.
Конституциялық құқық |
|||
Негізгі салалар |
|
||
|
|
|
|
Процессуальды құқық |
|||
|
|
|
|
Арнайы сала |
|
||
Кешенді сала |
|
||
Тапсырма: Мемлекет адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып қалыптасуына байланысты, мемлекеттің формаларымен, оның әлеуметтік жағы мен функцияларыда өзіндік қызмет атқарады.
а) Мемлекеттің формасы дегеніміз не?
б) Мемлекет формасындағы үш негізгі элементті атаңыз?
в) Басқару формасы дегеніміз не? Монархиялық және республикалық басқару формасын қысқаша мағлұмат беріңіз..
г) Беларусь Республикасында не себепті аралас республикалық басқару формасы? Аралас басқару формасының ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
Мәнжазба тақырыптары:
Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары
Мемлекет түсінігі және белгілері
Мемлекеттің құрылыс нысаны
Құқытық норма тісінігі мен құрылымы
Блиц-тесттер:
1. Мемлекеттік органдар әрекетінің аумақтық сипатына байланысты бола алады:
A) Федералды;
B) Жалпы өкіметті;
C) Алқалы;
D) Құқық жасаушы;
E) Өкілді.
2. Құқықтың негізгі қағидалары:
A) Демократизм, әділдік, бостандық, тендік;
B) Құқықтық міндеттерден басымдылығы;
C) Әлеуметтік әділетсіздік;
D) Моральдық міндеттілік;
E) Анархизм, цинизм.
3. Қазақстан Республикасының құқықтың қайнар көздерінің қайсысы негізгі болып табылады?
A) Нормативтік-құқықтық акт;
B) Сот үлгі ісі (прецедент);
C) Мононорма;
D) Құқықтық әдет-ғұрып;
E) Нормативтік шарт.
4. Мына нормативтік құқықтық актілердің қайсының ең жоғары заңдық күші бар?
A) Конституция;
В) Үкіметтің қаулысы;
C) Жоғары сот пленумының қаулысы;
D) Президент жарлығы;
E) Конституциялық заң.
5. Құқық бұзылу нәтижесінде туындайтын жағымсыз салдар құқықтық норманың қандай элементіне тән:
A) Санкция;
B) Диспозиция;
C) Гипотеза-диспозиция;
D) Диспозиция-санкция;
E ) Гипотеза;
6. Құқықтанудың негізін қалайтын ғылымды атаңыз?
A) Мемлекет пен құқық теориясы;
B) Еңбек құқық ғылымы;
C) Қылмыстық құқық ғылымы;
D) Криминалистика;
E) Әкімшілік құқық ғылымы.
7. Мемлекеттік биліктің ел ішіндегі басымдылығы (үстем болуы) және елден тыс аумақтағы тәуелсіздігі деген белгісі:
A) Мемлекет егемендігі;
B) Құқық субъектілігі;
C) Құқық қабілеттілігі;
D) Құқық шығармашылық ісі;
E) әрекет қабілеттілігі.
Осы заманғы мемлекеттердің құқық қорғаушылық қызметтері неде?
A) Мемлекет – қоғамдағы құқық бұзушылықпен күреседі және азаматтардың құқықтарын қорғайды;
B) Мемлекет – елдің шекарасын қорғайды, тысқары жат жерлерде орналасқан;
С) ресми өкілі болады;
D) Мемлекет – тұрмысы төмендерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге, студенттерге және тағы басқаларға қамқорлық көрсетеді;
E) Мемлекет – елдің экономикалық саясатын анықтайды.
Төменде көрсетілген заңды ұғымдардың қайсысы мемлекеттік экономикалық функциясына кіреді?
A) Шетелдерден инвестиция тарту, кәсіпкерлікке жағдай жасау;
B) Мәдениетті, білімді, медицинаны дамыту;
C) Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға көмек көрсету, зейнетақымен қамсыздандыру;
D) Құқықтық тәртіпті қорғау;
E) Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы қалай түсіндіріледі:
A) Конституцияда көрсетілген процедуралар мен халықтың еркіне сәйкес;
B) ұйымдастырылған биліктің заңдылығы;
C) Билік органдардың арнайы құрылымдық ұйымдары;
D) Барлық мемлекеттік билік органдардың құрылым ұйымы;
E) Мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарына биліктің сәйкес келуі.
Нормативтік-құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. 16.12.1991 ж.
Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөліністері туралы Қазақстан Республикасының заңы 08.12.1993 ж.
Әдебиеттер:
1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Жеті Жарғы: А,
2001 ж.
Дулатбеков Н, Амандықова С, ТурлаевА; Мемлекет және құқық негіздері. Фолиант. Астана; 2001 ж.
3. Алексеев С.С. «Государства и права» М, 1994 ж.
4. Жоламанов К; Мұхтарова А; Таукелев А; Мемлекет және құқық теориясы. А; 1999 ж.
5. Ағдарбек Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы 2003ж
3- такырып: Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері
Практикалық сабақ жоспары: .
1. Конституциялық құқық –жетекші құқық саласы ретінде
2. ҚР Конституциясының тісінігі және мәні
3. ҚР Констициясында мемлекет нысанының негізгі белгілерінің бекітілуі.
4. ҚР-ғы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің түсінігі.
5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің конституциялық құрылысы, оның ерекшеліктері, ұйымдастырылу ерекшеліктері, басқару нысанының белгілері туралы студенттерге түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен арақатынасы
ҚР-ғы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Референдумды өткізу тәртібі. Референдум шешімдері
ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, оның мемлекеттік билік
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен арақатынасы
ҚР Парламентінің жоғары билік органдары жүйесіндегі орны мен рөлі.
ҚР Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі: құрамы, құрылу тәртібі, оның мүшелерінің өкілеттік мерзімі
Сот жүйесінің орны және рөлі
Глоссарий:
Министрлік – тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органы.
Өкілеттілік – лауазымды орнына байланысты және кейбір мәселелерді шешу үшін қажетті субъектіге берілген біртұтас комплексті құқық пен міндеттілік .
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы.
Преамбула – нормативтік актінің кіріспе бөлігі , онда оны қабылдаудың себептерін көрсететін жағдайлар көрсетіледі , сол құжаттың алдындағы мақсаты және міндеті баяндалады .
Референдум- Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірдің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдердің
Сайлау жүйесі – заңмен белгіленген ережелер, қағидалар және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Сайлау округі – Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау үшін сайлаушылардың мөлшермен бірдей саны ескеріліп құрылған аумақтық бірлік.
Фракция – саяси партияның немесе заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы.
Қабілеттілік – заңмен белгіленген , өзінің құқығы мен міндетін өз әрекетімен жүзеге асыру.
Құқық жүйесі – құқықтың ішкі құрамы, бірімен-бірі тығыз байланыстағы нормалар, институттар, құқық салалары және оған қосымшалар.
Қоғам –экономикалық және рухани біртұтастықпен , өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипаттайтын ,белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Құзірет- мемлекеттік орган, сондай-ақ , сол бір немесе өзге лауазымды тұлғаға иеленетін және тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі.
Құқық бұзушылық- қылмыскерлердің кінәлі , құқыққа қарсы, қоғамға зиянды әрекеті, қоғамның мүддесіне мемлекетке , жеке адамға зиян келтіреді.
Қосымша нормативті акт-заңның негізінде және оны орындау үшін шығарылған нормативті акт.
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы.
Республика Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Шетелдік азамат – Қазақстан азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігі жөнінде дәлелдемесі бар тұлға.
Кіші топпен жұмыс (работа в малых группах)
1-топ Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша «Адам мен азамат» бөлімі бойынша Қазақстан республикасында азаматтықтың конституциялық негіздерін атаңыз (баптары бойынша).
2-топ Қазақстан республикасының азаматтығына кім ие бола алады?
Мәнжазба тақырыптары:
ҚР конституциялық құрылысы түсінігі
Мемлекет егеменділігі
Мемлекеттік құрылыс нысаны
Идеологиялық және саяси плюрализм
Конституциялық-құқықтық нормалар.
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі.
Конституциялық Кеңестің құзыреті және оларды жүзеге асыру нысаны.
ҚР Үкіметінің құзыреті және оның қызметі.
ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық функциялары.
Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылу және қызмет етуінің конституциялық қағидалары.
Блиц – тесттер:
1. ҚР тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды:
A) 1978 ж;
B) 1926 ж;
C) 1937 ж;
D) 1993 ж;
E) 1995 ж.
2. ҚР қазіргі қолданып жүрген Конституциясы қай жылы қабылданды:
A) 1995 ж;
B) 1993 ж;
C) 1998 ж;
D) 1978 ж;
E) 1991 ж.
3. ҚР 1995 ж. Конституциясына қай жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
A) 7. 10. 98 ж;
B) 7. 11. 98 ж;
C) 7. 12. 98 ж;
D) 7. 09. 98 ж;
E) 7. 08. 98 ж.
4. Мемлекет егемендігін қалайша түсінеміз:
A) Экономикалық тұрақтылық;
B)Мемлекеттің өзінің ішкі сыртқы саясатын айқындауда еркіндігінің болғанымен, тәуелсіздігінің болмауы;
C) Мемлекеттің өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда өзге мемлекеттен тәуелсіз болуы;
D) Ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруда, бір мемлекеттің екінші мемлекетке түгелдей тәуелді болуы;
E) Мемлекеттің өзінің ішкі сыртқы саясатын айқындап, іске асыруда өзге мемлекеттердің ықпалынан тәуелсіздігі мен еркіндігі.
5. ҚР территориясында қандай тіл мемлекеттік болып табылады және қандай тіл ресми түрде оған теңестірілген:
A) Қазақ және орыс;
B) Қазақ және ағылшын;
C) Орыс және ағылшын;
D) Қазақ және татар;
E) Қазақ және өзбек.
6. Адам мен азаматтың мен бостандығын мазмұнына қарай былайша жүйелеуге болады:
A) Негізгі және қосымша;
B) Жеке және ұжымдық;
C) Жеке бас және азаматтық;
D) Саяси және экономикалық;
E) Әлеуметтік және мәдени.
7. Адамның элеуметтік құқы мен бостандығы не үшін қажет:
A) Адамның рухани және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыру үшін;
B) Материалдық өндіріс пен оны бөлу, өз мүмкіндігін жүзеге асыру үшін;
C) Адамның мәдени құндылығын қанағаттандыру үшін;
D) Адамның моральдық қажетін өтеу үшін;
E) Адамның ішкі сенімін қанағаттандыру үшін.
8. Адамның негізгі табиғи құқығы:
A) Өмір сүру;
B) Жеке басқа қол тигізбеушілік;
C) Қадір – қасиеті;
D) Ар ождан бостандығы;
E) Жеке бостандық.
9. Адамның белгілі бір мемлекет мүшесі болуынан қандай өзара заңды құқықтар мен міндеттер туындайды:
A) Азаматтық;
B) Өкілеттік;
C) Кворум;
D) Апатрид;
E) Стандарт.
10. Ешқандай келеспеушілікке жол бермейтін тең құқықтар мен жауапкершілік қағидалары:
A) Заң мен сот алдында барлығының теңдігі;
B) Іс-әрекетінің еркіндігі;
C) Заңды мінез-құлық;
D) Нормалардың сақталуы;.
E) Прецедент.
Нормативтік-құқытық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.
2. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 25.10.1990.
Әдебиеттер:
Сапаргалиев Г. Конституционное право Республики Казахстан: Академический курс. Алматы: Жеті Жарғы, 2005.
Амандыкова С.К. Конституционное право Республики Казахстан.Астана.2001.
Сагындыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы. Білім. 1999.
Баишев Ж. Конституционное право Республики казахстан. Учебно-методическое пособие. Алматы: Жеті Жарғы. 2001.
Ащеулов А. Т. Конституционное право Республики Казахстан: учебник. Алматы, КазГЮА, 2001.
Баишев Ж.Н. Конституционное право Республики Казахстан: учебник. Алматы: Жеті Жаргы, 2001.
Сапаргалиев Г.С.Конституционное право Республики Казахстан: Учебник. Алматы: Жеті Жаргы, 2001.
Конституция для всех: Учебное пособие. Алматы, 2002.
Ащеулов А. Т. Этапы становления конституционного законодательства и конституционализма // Мир закона. 2000. №8.
4-тақырып. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықтық негіздері
Практикалық сабақ жоспары:
Әкімшілік құқықтың түсінігі.
Мемлекеттік қызметшілер.
Атқарушы билік органдары.
Сабақтың мақсаты: Әкімшілік құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
Қандай қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың пәні болып табылады?
Әкімшілік құқықтың жүйесіне түсінік беріңіз.
Әкімшілік-құқықтық реттеу әдістерін атаңыз.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?
Қоғамдық бірлестіктерге түсінік беріңіз.
Глоссарий:
Мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік лауазым.
Әкімшілік айыппұл.
Өкім
Тапсырма -1 Осы әкімшілік әдістердің әрбіреуіне анықтама бере отырып,
«Қ.Р-ның әкімшілік құқық бұзушылық кодексін пайдалана отырып осы әдістерді баптар бойынша жіктеп беріңіз.
Мәнжазба тақырыптары:
1. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері.
2. Әкімшілік құқықтың қатынастар.
3. Әкімшілік құқықтың субъектілері.
4.Мемлекет басқаруды үйымдастыру.
5. Әкімшілік құқық бұзышылық.
Блиц-тесттер:
Әкімшілік құқықтың жалпы бөлімін қай институттар оқытады?
А) мемлекеттік меншікті басқару;
В) оқу басқармасы;
С) әдістеме басқармасы;
D) әділет басқармасы;
Е) ішкі істер басқармасы.
Әкімшілік құқықтың ерекше бөліміндегі нормалар жекелеген институттар мемлекеттік өмірдегі қандай нормаларыменен пайданылады?
А) әкімшілік құқық субъектісі;
В) басқарудың әдістемелік түрі;
С) басқарудың әдістемелік түрі;
D) мемлекет меншігін басқару;
Е) әкімшілік құқыққа кіргізу.
Әкімшілік құқық пәні:
А) әкімшілік әсердің шаралары;
В) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар;
С) әкімшілік нормалар;
D) құқық әдістерін реттейді;
Е) әкімшілік әдіс.
Құқықтық әдісті реттейтін әдістердің қандай түрін білесіз?
А) мемлекеттік қызметті іске асыру;
В) мемлекеттік меншікті басқару;
С) әдістер, амалдар, тәсілдер жиынтығы, солар арқылы әкімшілік құқық белгілі қатынастарға әсер етеді;
D) әкімшілік процесс;
Е) әкімшілік әсер шараларын қолданатын шарттар.
Әкімшілік құқықтың ғылыми пәні және құқық саласы ретіндегі айырмашылығы неде?
А) әкімшілік құқықтық құбылыстарды көрсету тәсілдері мен оларды зерттеу нәтижелері;
В) әкімшілік құқықтың құбылыстар туралы қорытындыларымен ойлау жүйесі;
С) тиісті заң саласында;
D) басқа ғылымдардың әдіс-тәсілдерінде;
Е) атқару-басқару іс-әрекеттің процесстерінде.
6. Субъективтік жақтың белгілеріне жатпайды:
А) Мотив;
В) Мақсат;
С) Менмендік;
D) Есі дұрыстық;
Е) Қасақаналық.
8.Әкімшілік өндірудің мақсаттарына жатпайды:
А) Жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу;
В) Әкімшілік заңдардың нормаларымен қаралған әрекет үшін сәйкес жауапкершілік шарасы;
С) Құқық бұзушыны тәрбиелеу;
D) Құқық бұзушыны көтермелеу;
Е) Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу.
9.Құқық бұзушылықтың құралы немесе оның тікелей объектісі болып табылатын затты еріксіз, ақысыз алу әкімшілік өндірудің қай түріне жатады:
А) Айыппұл;
В) Мүлікті реквизициялау;
С) Ескерту;
D) Тәркілеу;
Е) Әкімшілік қамау.
10.Басқарудың құқықтық емес нысандарна жатқызылады:
А) Құқықтық нысандар;
В) Нормативтік-құқықтық актілерді дайындау;
С) Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;
D) Ұйымдастырушылық әрекеттер;
Е) Келісімшарт жасасу.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
ҚР Конституциясы (өзгертулер мен толықтырулармен). 1998 ж.
ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс. Алматы 2001 ж.
Сборник нормативных актов по административному праву РК. Алматы 1997
«ҚР азаматтығы туралы» ҚР-ның заңы. 20. 12. 91.
«ҚР-да шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы. 31. 05. 96.
«Нормативтік актілер туралы» ҚР заңы. 24. 03. 98.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңы. 18. 12. 95.
«Мәдениет туралы» ҚР заңы. 15. 07. 96.
Қосымша әдебиеттер:
Таранов А. А. Административное право РК. Алматы, 2000 г.
Ибрагимов Х. Ю. Административное право РК. Алматы, 2000 г.
Административное право РК. Отв. ред. А. А. Таранов. Общая часть, Алматы 1996 г.
Алехин А. П. Административное право РФ. Часть 1. Москва 1994 г.
Юридические понятия и термины: пособие по разъяснению юридических и административно-управленческих понятий. Ахметов Р. И. и др. Алматы 1997 г.
Ахметов Р. И., Ибрагимов Х. Ю. Основные понятия и термины административного права и АД ОВД: учебное пособие. Алматы 1999 г.
5- тақырып : Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері.
Сабақтың жоспары:
1. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
2. Қылмыст
3. Қылмыстық жаза.
4. Қылмыстық жауапкершілік
5. Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары
6. Сыбайлас жемқорлықпен бацланысты қылмыстар үшін жауапкершілік
Сабақтың мақсаты: Қылмыстық құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
Қылмыстық құқықтың ұғымы.
Қылмыстың құрамы.
Жаза жүйелері, түрлері.
Қылмыстық жауаптылық.
Глоссарий:
Қылмыс.
Гипотеза
Диспозиция
Санкция
Қылмыс құрамы.
Жаза
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.
Жемқорлықпен күрес.
Тапсырма: Қылмыстың құрамының белгілерін толтырыңыз.
Қылмыс құрамының элементтері |
Элементтердің қажетті белгілері |
Элементтердің факультативті белгілері |
1. Қылмыс объектісі |
|
|
2. Қылмыстың объективті жағы |
|
|
3.Қылмыс құрамының элементтері |
|
|
4.Қылмыстың субъективтік жағы |
|
|
Тапсырма: Есеп: Пианистің саусақтарын қасақана кесіп тастады. Бұл денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады. Сонда пианист не нәрседен айрылды? Әлбетте пианино тарту мүмкіндігінен және екібастан пианистің мүддесіне зақым келд ме?. Бұл жерде қылмыс объектісі не?
Тапсырма: Қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер......................
А...................
Б...................
В.....................
Г...................
Мәнжазба тақырыптары:
1.Қылмыс құқығының ұғымы, міндеттері мен қағидалары.
2.Қылмыстық заң,ерекшеліктері мен маңызы.
3.Қылмыстың құрамы сипаттары мен белгілері.
4. Қылмыстарды топтастыру.
5.Жаза, оның түрлері
Блиц-тесттер:
