Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тапсырмалар құқық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.01 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Институтут Экономика және құқық

Кафедра Мемлекет және құқық теориясы

2 курс студенттеріне арналған

5В010300-«Педагогика и психология», 5В010500-«Дефиктология»,

5В010100-«Мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу», 5В012300 –«Әлеуметтік педагогика», 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В012000-«Кәсіптік білім», 5В010800-«Дене шынықтыру», 5В060200-«Информатика», 5В070500-«Математиканы компьютерлік моделдеу»

«Құқық негіздері» пәнінен практикалық сабақтарға

Әдістемелік нұсқаулық

Ақтөбе қ.

2014

Орындаушы

Аға оқытушы, құқық магистрі ____________ Молдабеков Е.Б.

«___»____________ 20__ ж.

КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Хаттама № __ “__” _______________ 20 _ ж.

Кафедра меңгерушісі

З.ғ.к, доцент _______________ Нурлин А.Қ.

Алғы сөз

«Қазақстан Республикасының құқық негіздері» пәнің негізгі мақсаты – қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтық жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік – құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси – құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.

оқу - әдістемелік кешенінің мақсаты - студент дәрістен алған білімдерін, семинар және өз бетіндік жұмыс сабағында ұштастыра білу үшін және тәжірибеде пайдалануды дағдыға айналдыра отырып, мынандай міндеттерді алға қою қажет:

А) түсінік болуы:

Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқытары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормалары туралы түсінік алу.

Б) білу керек:

Алған білімінің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды, оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық қағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімнің тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік – құқықтық құбылыстарды параллель мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасынан ашу.

В) істеу алу керек:

  • құқықтық құбылыстарды аналитикалық талдау жасауға;

  • алған құқықтық білімді өмірлік тәжірибеде пайдалануға;

  • өз беттеріңше құқықтық нәтижесі бар шешімді қабылдауға;

  • кез-келген құқықтық жағдайдың мәнін түсінуге;

  • таным көкжиегін кеңйтуге, заңдарда бекітілген құқықтарыңызды дұрыс қолдануға, заңды міндеттеріңізді толық орындауға қабілеттеріңізді дамытуға.

«Құқық негіздері»оқу курсы студенттердің құқықтық санасының дамуына және құқықтық мәдениеті деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

«Құқық негіздері» курсы оқу жоспарына сәйкес, 2 кредит сағатқа есептелген. Аудиториялық сағат саны –30 сағат, оның ішінде: 15 сағат дәріс, 15 сағат практикалық сабақ, 60 сағат СӨЖ.

Бұл пәнді оқып - үйренуде студенттер Әлеуметтану, Философия, Саясаттану, Қазақстан тарихы, ҚР мемлекет және құқық тарихы. пәндеріндегі алған білімдерін негізге алады.

Құқық негіздер курсының пәні және жүйесі.

1-тақырып: Құқық негіздер курсының пәні және жүйесі

Практикалық сабақтың жоспары:

1.Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.

2.Құқықтың түсінігін анықтауға нормативтік және кең қадам.

3.Құқықтың пайда болуы.

4.Құқықтың мәні.

5. Қоғам өміріндегі құқықтың ролі

6.Құқықтың әсер етуінің негізгі бағыты.

7.Құқықтық нормалардың түсінігі және

Сабақтың мақсаты: Құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру

Бақылау сұрақтары:

              1. Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы қауымдық қоғамнан айырмашылық белгілері

              2. Құқық нормасының алғашқы қауымдық құрылым нормасын ерекшелігі неде?

              3. Құқық жүйесіне қандай элементтері кіреді?

              4. Мемлекет механизмінің құрылысына қандай элементтер қіреді?

              5. Құқық түсінігі және белгілерін атаңыз?

              6. Құқықтың қайнар көздерін атаңыз?

              7. Құқық қолдану актісі мен сатылары….

              8. Коғамның саяси жүйесі…

              9. Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде?

              10. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.