Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораторны_ работы по ээо каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.52 Mб
Скачать

7.1 Сурет – Үш фазалы асинхронды электр қозғалтқышының бір фазасы үзілгендегі статор желісіндегі кернеу (а)

Сонда электр қозғалтқыштың қалыпты жұмыс істеуі кезінде К1 орындаушы реле катушкасы бойынша өтетін тоқ іске қосылу тоғынан аз болады (7.2 сур). Едәуір асыра жүктелу пайда болғаннан бастап, К1 реле катушкасының тізбегіндегі тоқ күрт жоғарлайды, реле іске қосылып, қорғалатын электр қозғалтқыш ажыратылады.

Өлшенетін (бақыланатын) U1 және U2 кернеулер үш, екі және бір фазалық айналдырушы ток трансфор­маторларын пайдаланатын қозғалтқыштың фазалық тоқтарынан қалыптасады.

Қуаты үлкен электр қозғалтқыштарды қорғау үшін фаза сезгіш құрылғыларда тоқтың фаза айналдырушы трансформаторларын қолданады.

Трансформаторлардың магнит сымдарының терезелеріне өткізілген, электр қозғалтқыштың статор фазаларының тізбектерінің сызықтық сымдары олардың бірінші қайтара орамдары болып табылады.

Көрсеттгендей, фаза сезгіш қорғау құрылғылары кернеудің тұрақсыздық және электр желісінде симметрия жоқ жағдайларында жақсы жұмыс істейді, себебі желіде симметрия болмағанда бақыланатын U1 және U2 кернеулер арасындағы γ' бұрышының шағын өзгерулері орындаушы реле катушкасындағы ток шамасына әсер етпейді. Фаза сезгіш қорғау құрылғыларының негізгі модификациялары Латвия АША - ның электротехника кафедрасында (А. О.Гриндулис, В. В. Зейбот) жетілдірілген.

Фазасезгіш қорғау құрылғысының (ФУЗ) базалық схемасы екі фаза айналдырушы ток трансформатордан, косинустық сипаттамасы бар сақиналы фазалық детектордан және шығу релесінен тұрады.

ФУЗ электр қозғалтқышты негізгі апатты тәртіптерден - толық фазалы емес тәртіптен, сыналану және іске қосылмаудан қорғайды.

Жұмысшы тоқтардың әр түрлі диапазондарына сәйкес ФУЗ серияларын шығару жөнге салынған (1 - У модификациялары).

  1. U1 және u2 өлшенетін кернеулерді қалыптастырушы; 2-фазалық детектор; 3- асыра жүктелуді бақылау схемасы к1- орындаушы реле

7.2 Сурет - фуз-м фазасезгіш құрылғысының құрылымдық схемасы және детектордың косинустың сипаттамасы

Қуаты 17 кВт-тан артық электр қозғалтқыштарда ФУЗ токтық типтік трансформатормен бірге қолданылады, оның екінші оралымдарын нейтралмен жұлдызша түрінде жалғап, осындай схема бойынша жалғанған ФУЗ шығуларына қосады.

Аса ұзақ емес асыра жүктелулер ФУЗ-дың базалық (қарапайым) схемасына әсер етпейді және оның іске қосылу екпіндігі жоқ, сондықтан бұндай жағдай қозғалтқышты жалған қосылуға әкеліп соқтырады.

ФУЗ-М жетілдірілген құрылғысы фазаның үзтуі кезінде базалық болып жұмыс істейді, ал асыра жүктелу кезінде асыра жүктелуді бақылау схемасы іске қосылады (7.2 сур.).

ФУЗ-М құрылғының жұмысы оны пайдалануға арналған нұсқауда және техникалық мінездемесінде толық баяндалған.

ФУЗ-М кемшілігі - оған кейбір жанама апатты тәрлптер (қоршаған ортамен жылуалмасу нашар, жиі іске қосылу т.б.) әсер етпейді.

Бұл кемшілік ФУЗ-У құрылғының модификациясында жойылған. Ол апатты тәртіптердің фазалық токтық температуралық анықтау принципін жүзеге асырады (температура көрсетісші - позистор, қозғалтқыштың оралымында емес, корпусына орналған). ФУЗ-дың басқа модификациясы ФУЗ - У мүмкіндіктеріне қосымша - статор оралымынын оқшауының кедергісі тө­мен болған кезде қозғалтқыштың іске қосылуын болдырмайды.

ФУЗ-ды қолданып УСУЗ-сораптар қозғалтқыштарын қорғау және басқару станциясы әзірленген. Станцияның қорғау функциялары ФУЗ-М сияқты, сонымен бірге сораптың құрғақ жүрісі кезіндегі қозғалтқыш жұмысын болдырмайды және статор оқшаулауының кедергісін бақылайды.