Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораторны_ работы по ээо каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.52 Mб
Скачать

№3 Лабораториялық жұмыс

Қысқа тұйықталған асинхрондық қозғалтқыш пайдалану кезінде алдын – ала диагностикалау

Жұмыстың мақсаты: Асинхрондық электр қозғатқышты бөлшектемей-ақ ақауын іздеу диагностика әдістерін игеру және оқып білу. Ақауын іздеу нәтижесі бойынша электр қозғалтқыштың техникалық жағдайы туралы қорытынды жасау.

Жұмыс бағдарламасы

1. Пайдалану кезінде электр қозғатқышта пайда болған ақауларды оқып білу.

2. Электр қозғатқышты бөлектемей-ақ диагностика әдістерін меңгеру және оқып білу.

3. ЕЛ-У4 аппараттының құрылымы мен жұмыс принципін, қолдануын оқып білу.

4. Электр қозғалтқыштың диагностикалау журналын толтыру.

Жалпы мәліметтер

Еліміздеп ауыл шаруашылығында 15млн. астам қысқа түйықталған асинхрондык қозғатқыштар сондықтан оларды тиімді пайдалану және сенімділігін арттыру мәселелері өте маңызды.

Ақауын іздестіруді пайдалану электр қозғатқыштардың істен шығуын алдын-ала ескеруге, келешекте пайдалануға жарамдығын анықтауға және жөндеу жұмыстарының көлемі мен уақытын белгілеуге септігін тигізеді.

Қандай болмасын жинау менін, бөлшектеу тіпті квалификациясы ең жоғары мамандар жүргізсе де, қозғатқыштардың қызмет мерзімінің азаюына, сенімділігінің төмендеуіне әкелетіні белгілі. Алдын-ала болжауды іс жүзінде пайдалануға кіргізу, техникалық жағдайын анықтау мақсатында электр қозғатқышты бөлшектеу регламенттік операция болудан қалады.

Ақауын іздеу диагностика жөндеуді тек қажетті жағдайда ғана жүргізуге /эл. қозғатқыштардағы бөлшектердің және жинауға тиіс бөлшектердің тозуы шамадан тыс болғанда /және сонымен қатар оған кетершығынды азайтуға септігін тигізеді.

Пайдалану кезінде қозғатқышта мындай ақаулар пайда болуы мүмкін:

  • станина мен подщипник қалқанында жарықшақ пайда болуы;

  • келемдік корабшаның станинаға бекітілуінің босандауы;

  • орамдардың шығуының клеммдік болттарға бекітілмелердің босауы олардың тотығруы шырулардан клеммдік болттардан ажырауы немесе олардың ұштығының ажирауы;

  • сыртқы қорапқа қысқа тұйықталу (үш фазалы, екі фазалы, бір фазалы);

  • орамдардағы тұйықталу;

  • фазалық тұйықталу;

  • статор мен ротордың орамдарындағы үзілу;

  • окшаулаудың ылғалдануы;

  • ротордың остік немесе радиалдык жынжудың кетуі;

  • подщипниктердің майланбауынан.

Жұмыстың орындалу тәртібі 3.1-ші кестеде берілген

3.1 Кесте - Қысқа тұйықталған асинхрондык қозғатқышты диагностикалау технологиясы

Операцияларды орындау кезек

Операцияларды орындаудағы нұсқаулар мен технологиялық шаштар

Аспаптар мен құлардар

а) Байқау

1

Эл. қозғатқышты қарап, станинада жарықшақ барлығын, подшипниктер қалқанындағы жарықшақты және де басқа механикалық бөліктердегі ақауды табу. Егер механизм немесе машина конструкциясы мүмкіндік берсе эл. Қозғатқыштын роторын айналдырып көріп, онын айналуының жеңілт екендігіне көз жеткізу керек. Ротор аса күш салмай-ақ айналуға тисі. Егер қозғатқыштың роторы күшпен айналса, себебін тауып ақауды жою қажет.

2

Егер подшипниктің қақпағын алуға келер болса, қақпаты алып подшипникте май барлығына көз жеткізу керек. Қажет болғанда май салып подшипниктің қақпағын орнына қойдыру керек.

Бұрандалық кілттер

3

Шығардағы қорапшаның қақпағын алу. Шығару шетіндеп оқшаулау жағдайын түйіспелердін жағдайын және шығару коропкасының оқшаулау панелін қарап тексеру. Егер эл. қозғатқыштың шығу шеттері қуат

Бұрандалық кілттер

3.1 кестесінің жалғасы

әкелуші желімен оралып қосылған болса қосылған жерлердің оқшаулау жағдайын қарап тексеру.

4

Эл. қозғалтқыштын қоректенуді әкеліп тұрған сымдарын ажырату.

Бұрандалық кілттер, отвертка

б) Оралымдарының корпустағы және фаза бұрауыш аралык оқшаулауының техникалық жағдайын анықтау

1

Оралымдағы фазаның шығуын ажырату (егер мүмюн болса). Мегаомметрлен омметрмен немесе бақылау шамымен фазалар арасындағы, әр фазалар мен корпус арасындағы тұйықталу барлығын анықтау.

Мегаомметр бакылау шамы

2

Оралым мен корпуспенен, және бір біріне ара байланысындағы ақау кедергісін өлшеу. Оқшаулау кедергіні 0,5МОм аз болғанда оны кептіру кажет.

500 В-ті мегаомметр

в) Оралымның орам аралық оқшауының техникалық жағдайын анықтау

1

Сынақтағы екі бірдей орамды аспапка схема бойынша қосу. (ЕЛ-194инструкциясын қара) Оралымның екі фазасын сынақтан өткізіп, орамдық тұйықталу немесе басқа ақаулардың жоқтығын көз жеткізгенен соң, олардың біреуін үшінші фазамен орнын алмастыру керек. Егер экранда екі қисық қөрсетсе онда сынапқа түзудін орнына ақаулысы қосылғандығы: егер экранда қисық қөрсеттмесе онда үшінші фазада ақау жоқ. Егер алғашқы сынақтарда екі оралымда тұйықталу немесе басқа бір ақау табылса экранда қос бірдей қисық пайда болса онда ақау бар оралымды табу үшін бір орамның орнын үшінші ораммен ауыстыру керек. Егер осындай ауыстырудан соң экранда бір қисық болса, екеу болмай, онда ауыстырылған орам ақаулы болады.

ЕЛ-1У4 аспабы (инструкция к прибору ЕЛ-1У4 приве­дена в и.п. методических указаний к лабораторным работам

г) Ротордың қысқа тұйықталған орамынын техникалық жағдайын анықтау

3.1 кестесінің жалғасы

Роторлардағы қысқа тұйық талған орамдардағы оқшаулар үзігін оның түсер күші салмақ өсе бастағандағы жұмыс кезідегі орта бастаған шуылы мен тарсылы сияқты сыртқы белгілерінен байқауға болады. Бүл-ротордың қысқа тұйықталған орамының оқтамасының үзілуіне байланысты эл. қозғалтқыштың фазасындағы электромагниттік кедергінің өзгеруіне әкеліп соқлырады, себебі ол эл. Қозғалтқытың фазалары аралығына электромагниттік асимметриялық кіргізеді және ротор айналымынан туған тоқтың тиімділігінеболатын кері өзгерістер (модуляция) кіргізеді. Ротордын қысқа тұйықталған орамын ақауын іздеу статордағы тоқтың көлемін роторды қолымен айналдыраотырып білген өте тиімді.

1

1-ші суретте көрсетілгендей ротордың қысқа тұйықталған орамындағы үзікті анықтау үшін орамның шығу фазасын схемаға қосу керек.

2

Схемадан ауыспалы ток кернеуін фазаға беру керек.

3

Роторды жайымен айналдыра отырып ол бір немесе бір жарым айналым жасағанша, қысқыштарына кернеу беріліп оралма фазасының тізбегіне қосылған амперметр көрсеткішін қадағалау керек. Тоқтың көлемі өзгерген жағдайда оның ең жоғаргы және ең төменгі маңызын журналға жазып алу керек. Роторды айналдырған кездегі амперметрдің көрсеткішінің өзгеріссіз қалпы ротордың қысқа тұйықталған орамындағы өзек үзіктерінің жоқтығын дәлелдейді.

Тоқтың өзгеруі - қиылысудың азаюын немесе өзектеп үзікті көрсетеді.

Мына формула бойынша тоқтың өзгеруін есептеңдер:

3.1 кестенің соңы

, егер 10%-тен асып кетсе, онда эл. қозғалтқыш бөлшектенуге және жөндеуге жатады.

д) Электр қозғалтқыштың техникалық жағдайы туралы қорытынды

Сырткы байқау мен өлшеуде алынған қорытындыларды алдын-ала болжау журналына жазу керек. Ақауын іздеу Диагностика негізінде алынғандар бойынша эл. қозғалтқыштың техникалық жағдайы туралы қорытынды жасау керек. Қажет болған жағдайда бөлшек пен бөлімдердің қажылып біткендерін және ақауларда шығарып жідеру керек.