Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Антимоноп.регулир лекции каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.74 Кб
Скачать

Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері:

  • Нарықтағы тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді.

  • Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы: шаштараз бен жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға көп қаражат керек емес, сондықтан мұндай кәсіпкерлікпен кез-келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.

  • Нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.

  • Өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады. Мысалы: тіс жуғыш пастасының дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері, т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына деген өзгешелік қасиет береді.

Монополиялық бәсекеде жұмыс істейтін өндірушілер рыноктағы тұтынушының әрқайсысы қалайтын ерекше өнім үшін «артық төлем» жасауға келісетіндігіне негізделіп жұмыс істейді.

Монополиялық бәсекелі нарықта бағалық емес бәсекемен қатар бағалық бәсеке де жүреді. Ұзақ мерзімде жаңа өндірушілердің бәсекелесінің пайда болуы мүмкін.

Жетілмеген бәсекені туындататын және фирмалардың рынокқа енуіне тосқауыл болатын кедергілер:

1) мемлекеттің жекелеген фирмаларды ғана ерекше құқықтармен қамтамасыз етуі (белгілі бір қызмет түрлеріне лицензия беру);

2) ұдайы өндірілмейтін және сирек кездесетін ресурстарға меншік;

3) авторлық құқық және патенттер. Патенті бар фирмалар ғана сол қызметті жүзеге асырумен байланысты артықшылыққа, лицензия сату құқығына ие;

4) масштаб әсері. Ірі фирмалар өндіріс көлемін ұлғайту арқылы шығындарды төмендете отырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізе алады;

5) заңсыз бәсекелік әдістерді қолдану.

Кез-келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті шарттар: экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі, дербестігі, тәуелсіздігі.

4-дәріс. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің монополияға қарсы саясатының тарихи тәжірибесі

Дәріс жоспары:

Тауар монополизациясының беталысы, оның экономикалық зардаптары ХХ ғасырдың ІІ жартысында-ақ белгіленген еді. Бұл кезде ең ірі ұлттық монополиялар құрылып жатқан еді (АҚШ-тағы «Юнайтед стил»

Осы кезде монополиялық әлеуметке қарсы әсерінің көрінуінен нарықта алғаш рет бұл құбылысты мемлекеттік реттеу мен бәсекелестікті қорғау қолға алынды. Антитресттік заңнама деп аталды. АҚШ-та мұндай шара ретінде 1890 жылы қабылданған Шерман заңын айтуға болады. Ол заңда:

  • компаниялар арасында құпия келісім және кәсіпкерлік қызметін шектейтін келісімдерге;

  • нарықты монополизациялау және сол жолдағы іс-әрекеттерге жол жоқ.

Бұл тұтынушы мүддесі мен бәсекелестікті қорғауға арналған ең бірінші заңнамалық акт.

Антимонополдық қызметтің кейінгі дамуы Клейтон заңының (1914ж) қабылдануымен көрінеді. Бұл заңға сәйкес мына әрекеттерге тыйым салынған:

  • тұтынушыларды тауар бағасымен келістіру (түрлі тұтынушыға түрлі баға);

  • бір нарықтағы түрлі компаниялардың экономикалық саясатын үйлестіруге мүмкіндік беретін компания директоратының болуына;

  • бір корпорацияның басқа корпорация акцияларын тікелей немесе жанама иеленуіне;

  • коммерциялық қызметтің түрлі сферасында бәсекелестіктің әлсізденуіне әкелетін әрекеттер.

Антимонополдық қызметтің дамуы ретінде 1950 жылы Клейтон заңына өзгерістер енгізілді. Мұнда тауар монополизациясы үшін нарықта бағалы қағаздарды пайдалануға тиым салынды.