- •1. Бәсекелестіктің мәні және оның тиімді қызмет етуінің шарттары.
- •Таза бәсеке мен монополия арасындағы айырмашылықтар
- •Бәсеке заңы әсер ететін маңызды бағыттар:
- •2. Бәсекелестіктің түрлері және олардың ерекшеліктері.
- •Жетілген бәсекенің белгілері:
- •Дәріс жоспары:
- •Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері:
- •Дәріс жоспары:
- •1914 Жылы ақш Федералды сауда компаниясына білім беру заңы қабылданды. Бұл комиссия монополия қызметі мемлекеттік бақылау орыны болып табылады.
- •Дәріс жоспары:
- •Дәріс жоспары:
- •Дәріс жоспары:
2. Бәсекелестіктің түрлері және олардың ерекшеліктері.
Рыноктық бәсекенің әртүрлі сипатта болуы рыноктың құрылымына байланысты. Ал рынок құрылымдарының бір-бірінен өзгешелігі өзіне тән белгілерімен анықталады.
Рыноктық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке.
Жетілген бәсекенің белгілері:
- рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз;
- рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ;
- өндіріс факторларының мобилділігі жоғары;
- рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ;
- ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.
Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады.
Жетілмеген бәсекенің түрлері:
1. Таза монополия- тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері- монопольды баға мен монопольды пайда.
2. Монопсония- белгілі бір тауарлардың бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымның типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопольдық пайда алады.
3. Олигополия- өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті.
4. Монополиялық бәсеке- дифференциалданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды.
Монополиялық бәсеке – салыстырмалы түрде саны көп фирманың бір-біріне ұқсас, бірақ біркелкі емес өнім өндіруі. Әр фирманың рыноктық ұқсастық үлесі аз болғандықтан өнім бағасының түбегей өзгеруіне жеке фирма әсер ете алмайды. Өндірушінің саны көп болғандықтан құпия келісім жасау мүмкіндігі жоқ. Монополиялық бәсекеде өндірушілер өзара тәуелсіз бірақ бәсекелесінің реакциясын есепке ала отырып, белгілі бір саясатпен жұмыс істейді. Мысалы: Монополиялық бәсекелі нарықта дифференциалданған өнім өндіреді. Өнім дифференциациясын экономикалық ғылымда бағалық емес бәсеке деп атайды. Өнім мынандай белгілері бойынша дифференциалдануы мүмкін:
Өнімнің сапасы бойынша. Физикалық түрі жағынан дифференциалдануы мүмкін. (қолданылғын материал, дизайн, жұмыс сапасы, т.б.)
Қызметтер бойынша. Тұтынушыға қызмет көресту ерекшелігі бойынша дифференциалданады.
Орналасуына байланысты. Рынокқа алыс-жақын орналасуына байланысты баға бірлігі әртүрлі болады.
Өнімді сатуды ынталандыру түріне байланысты және өнімнің сыртқы түріне байланысты. Өнімге жасалатын жарнама, буып-түю, сауда маркасы, сауда белгілері бойынша дифференциалданады.
2-дәріс. Монополияның сипаттамалары
Дәріс жоспары:
Монополияның белгілері, түрлері
Салаға кірудегі кедергілер
Шекті шығын мен шекті кірісті теңестіру
Абсалютті немесе таза монополия – жақын баламасы жоқ ерекше өнімді бір фирманың өндіріп, сатуы. Негізгі белгілері:
- сала бір фирмадан тұрады, өндіруші де, қызметті жеткізуші де бір ғана фирма;
- монополист өндіретін өнімнің жақын баламалары жоқ,
- жетілген бәсекелі рыноктағы фирма бағамен келіседі, ал монополист бағаны бақылайды (билігі абсалютті емес) себебі, өз өнімінің жалпы ұсынысын реттей алады. Монополист өнімге деген сұраныс өзгергенде бағаны өзгерте алады, ұсынысты реттейді;
- монополистің бәсекелесінің болмауына салаға кірудегі кедергілер себеп болады. Олар: экономикалық немесе қаржылық, техникалық, заңдылық және т.б.
Монополияның бастапқы формасы – картель. Онда жеке өңдірушілер өнім бағасы туралы, өткізу рыногы, өндіріс көлемі, пайданы бөлу туралы келісім жасайды.
Синдикат - өз құрамына кіретін кәсіпорындарды жабдықтау және өнімді өткізу функциясын өз қолына алады. Бұл кезде, өндіріс функциясы жеке кәсіпорынның қолында. Кәсіпорынды ары қарай бірлестік құра отырып, өндірістік еріктілігі жойылғанда бір орталықтан басқарылатын трест пайда болады.
Трест- бір салалы немесе көп салалы болуы мүмкін. Көп салалы трест –жанама өнім өндіру нәтижесінде және бір кәсіпорын шикізатты өңдеп, екіншісі одан товар өндіріп, үшіншісі өңдеу нәтижесінде қосымша пайда табады. Көп салалы трест монополиялық бірлестіктің ең жоғарғы түрі - концернге өту жолы болып табылады.
Концерн - өзара тәуелді немесе байланысты әр түрлі сала кәсіпорындарды біріктіреді (өндірушілермен қатар сауда үйлері, транспорт-кәсіпорындары,ақша несие мекемелері т.б.). Бұндай бірлестіктер салаларык бәсекені кеміту үшін қолданылады. Ол үшін бір жерден жоспарлайды, жабдықтайды, сатады және басқарылады. Сөйтіп ірі комплекс пайда болады.
Концерннің ерекше түрі – конгломерат деп аталады ол өзара байланыссыз кәсіпорындарды біріктіреді. Әр-бір кәсіпорынға еріктілік беріледі, тек бақылау жасайды.
Салаға кірудегі кедергілер жетілмеген рыноктың құрылымның пайда болуына себепші болады. Таза монополия кезінде кедергілер бәсекені мүлде жояды.
Монопсония рынокты қандай да өнімді бір ғана тұтынушы болған жағдай.
