Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Антимоноп.регулир лекции каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.74 Кб
Скачать

Таза бәсеке мен монополия арасындағы айырмашылықтар

Рынок жағдайының көрсеткіштері

Таза бәсеке кезінде

Монополия кезінде

сатушылардың саны

көп

біреу

рынокқа ену немесе шығу кезіндегі кедергілер

жоқ

бар (ену қиын)

рынок субъектілерінің бір-бірінен тәуелсіздігі

бар

жоқ

рыноктық бағаға әсер

ету мүмкіншілігі

төмен

жоғары

рынок субъектілерінің ақпарат алу мүмкіншіліктері

жоғары

төмен

Бәсекелік күрестің әдістері. Қазіргі рыноктық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу рыногынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші рыногын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да рынокта үстемдік ету жолдары бар. Әділетсіз бәсеке :

1. Бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпарат тарату.

2. Тауарлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.

3. Бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану.

4. Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.

5. Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану.

6) Құпия ғылыми-техникалық, өндірістік, т.б. ақпараттарды жария ету.

Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни, өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады (бірдей тауарларды әртүрлі бағамен сатады).

Сонымен қатар, бағалық емес күрес әдістері де жиі қолданылады. Бұл әдістер екі топқа бөлінеді: 1) Өнім бойынша бәсеке. 2) Сату жағдайлары бойынша бәсеке. Өнім бойынша бәсекеде тауарлардың жаңа сұрыптамасын арттыру және сол бағада сапалы тауар сату жолымен рыноктағы бәсекелестерінің үлесін жаулап алу көзделеді. Мысалы: АҚШ-та ұнның 10 мың сорты, консервіленген жүгерінің 4 мыңнан аса түрі бір мезгілде сатылады. Сату жағдайлары бойынша бәсеке кезінде тұтынушыларды тартудың көптеген жолдары қолданылады. Оның ішінде: жарнама жасау, сервистік қызмет көрсету, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру және т.б.

Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері- тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып сату және лизинг. Лизинг - өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру.

Бәсеке заңы әсер ететін маңызды бағыттар:

1. Бәсеке тепе-теңдік бағаны қалыптастыруға жағдай жасайды. Егер, баға төмендесе, онда сұраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен жоғары болып, сатып алушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде баға көтеріліп, сұраныс пен ұсыныс қайта теңеседі. Ал, баға өскен жағдайда, сұраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен төмен болып, сатушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс қайта теңескенге дейін баға төмендейді.

2. Тауар өндіру мен өткізудің қоғамдық қалыпты жағдайларын қамтамасыз етеді. Жалпыға бірдей «ойын ережесін» басшылыққа алмаған тауар өндірушілер зиян шегеді. Мысалы: жетілген бәсеке кезінде жоғары пайда алу мақсатында сатушы бағаны өсірсе, онда сол тауарға сұраныс көлемі төмендеп, пайда мөлшері азаяды.

3. ҒТП-ны ынталандырады және өндірістің тиімділігін арттырады. Бағалық бәсекеде кім төмен бағада өнім сатса, сол бәсекеге қабілетті болып табылады. Бірақ бағаның төменгі деңгейі барлық шығындарды өтеп қана қоймай, жоғары пайда алуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпкер өндіріске жаңа техника мен технология енгізеді, еңбек процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін іздейді. Яғни, ресурстарды үнемді пайдалану жолдарын қарастырады. Нобель сыйлығының лауреаты Ф. Хайектің пікірінше: «Бәсекеге арқа сүйеген қоғам басқаларға қарағанда өз мақсатына сәтті жетеді. Бәсеке өнімдерді қалай тиімді өндіруге болатынын көрсетеді».

4. Рыноктық субъектілердің бәсекелік күресі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті күшейтеді. Бәсекеге қатысушылардың мүмкіншіліктері (қаржылық, ресурстық, меншіктің болуы) әртүрлі екендігін ескерсек, үлкен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі жоғары болуы заңды

5. Рыноктық шаруашылықтың монополиялануына әкеледі. Шағын кәсіпорындар бәсекелік күреске шыдамай банкрот болады немесе өзара бірігеді. Нәтижеде ірі бизнестің рөлі артып, жетілген бәсеке жетілмеген бәсеке типіне ауысады.