- •1. Бәсекелестіктің мәні және оның тиімді қызмет етуінің шарттары.
- •Таза бәсеке мен монополия арасындағы айырмашылықтар
- •Бәсеке заңы әсер ететін маңызды бағыттар:
- •2. Бәсекелестіктің түрлері және олардың ерекшеліктері.
- •Жетілген бәсекенің белгілері:
- •Дәріс жоспары:
- •Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері:
- •Дәріс жоспары:
- •1914 Жылы ақш Федералды сауда компаниясына білім беру заңы қабылданды. Бұл комиссия монополия қызметі мемлекеттік бақылау орыны болып табылады.
- •Дәріс жоспары:
- •Дәріс жоспары:
- •Дәріс жоспары:
1-дәріс. Бәсекелестіктің мәні, оның түрлері мен нысандары
1. Бәсекелестіктің мәні және оның тиімді қызмет етуінің шарттары.
2. Бәсекелестіктің түрлері және олардың ерекшеліктері.
3. Бәсекелестік нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.
1. Бәсекелестіктің мәні және оның тиімді қызмет етуінің шарттары.
Бәсеке- шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес. Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде, сондай-ақ капитал салу шеңберіндегі рыноктық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноктық механизмнің элементі болып табылады.
Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін, мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.
Бәсеке экономикалық процесс ретінде белгілі бір іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Бұл іс-әрекеттер ұлғаймалы ұдайы сатылардан тұрады:
Өндіріс үшін қажет құрал жабдықтар, ғимараттар және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.
Өндірісті ұйымдастыру, шикізат пен материалдар және қаржы-несиемен жабдықтау.
Бәсекеге қабілетті өнім шығару.
Өнімнің сатылу көлемін, орынын, уақытын анықтау.
Пайданың бір бөлігін инвестициялық қорға аудару және оны өндірісті ұлғайтуға жұмсау.
Бәсеке деңгейі өнімнің рыноктағы өмір сүру уақытына байланысты. Бәсекенің пайда болуының объективті алғы шарттары: әрбір өндірушінің оқшау шаруашылық жүргізуі, олардың рынок коньюнктураларынан тәуелділігі, сұраныс үшін басқа сатушылармен күресі.
Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бақылап отыруға мүмкіндік береді. Тұтынушы үшін олардың арасында күрестің болғаны тиімді. Өйткені, бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту, тауалардың сапасын арттыру жолдары қарастырылады, нәтижесінде баға төмендейді. Сонымен қатар, бәсеке нәтижесінде экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі, адамдардың экономикалық жағдайларының алшақтауы күшейеді, қоршаған ортаға келтірілетін теріс әсер өседі, еңбек ету, табыс табу, демалу құқықтарының қамтамасыз етілуіне кепілдік төмендейді, монополиялық билік артады.
Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз бәсеке теріс салдарлы күшке айналуы мүмкін. Сондықтан бәсекені экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде пайдалану үшін мемлекет заң арқылы «ойын ережесін» анықтайтын және оның орындалуын қадағалайтын шараларды іске қосады.
Рыноктағы жағдайларға байланысты бәсеке әртүрлі нысанда көрініс табады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни рыноктық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде рынок субъектілері аралас нысандағы рыноктық типте әрекет етеді. Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де, монополия да таза күйінде қолданылмайды.
Жетілген бәсеке- өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Оның белгілері: рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз, рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ, өндіріс факторларының қозғалысы жоғары, рыноктағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ, ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.
Жетілген (таза) бәсеке үш бағытта жүреді: сатушылар арасында, сатып алушылар арасында және сатушылар мен сатып алушылар арасында.
Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген бәсеке орын алады.
