Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Еңбек ақы есебі бойынша шаруашылық операцияларға

шоттар корреспонденциясның кестесі

Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

Еңбек ақы есептелді:

Негізгі өндіріс жұмысшыларына

8110

3350

Көмекші өндіріс жұмысшыларына

8310

3350

Цех персоналдарына

8410

3350

әкімшілік- басқару қызметкерлеріне

7210

3350

өнімдерді сату сферасы жұмысшыларына

7110

3350

Резерв есебінен жұмысшыларға кезекті демалыс ақысы есептелді

3130

1030

Жеке табыс салығы есептелді

3350

3120

Атқару қағаздары бойынша депоненттелген еңбек ақы ұсталды

3350

3390, 4170

Есепті сомалар ұсталды, материалдық зиян жойылды

3350

1250, 2150

Еңбек ақы кассадан берілді

3350

1010

Жұмысшылардың кезекті демалыс уақытына ақы төлеу үшін кәсіпорындарда резерв құрылады, өйткені жұмысшыларға демалыс жыл бойы біркелкі берілмейді және демалысты төлеу бойынша шығындарды сол айда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жатқызу өзіндік құн туралы мәліметтерді өзгертеді. Демалыстарды төлеуге резерв демалысақы сомаларын және еңбек ақы қорынан аударуларды есептеу кезінде ескерілетін, олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары сомасынан анықталады. Резерв қарастырылған процент бойынша ай сайын анықталады . Демалыс үшін нақты есептелінген сомаларды осы резерв есебінен есептеп шығарады.

3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шотының кредиттік айналымдары №10 журнал – ордерде бейнеленеді.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Міндеттемелердің қандай түрлері бар?

2. Ағымдағы міндеттемелерге қандай міндеттемелер жатады?

3. Несиелердің есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

4. Жабдықтаушылармен есеп айырысулардың есебі туралы не айтасыз?

5. Еңбек ақы қандай түрлері, нысандары бар?

6. Алынған аванстардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

7. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге қандай міндеттемелер жатады?

8. Несиелердің есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

9. Несиелердің қандай түрлері болады?

Тақырып 13. Табыстар мен шығындардың есебі

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы.

2. Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі.

3. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі.

4. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері

5. Көрсетілген қызметтер бойынша табысты тану. Шығындардың танылуы.

6. Кезең шығындарының есебі.

7 . Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар.