Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

4. Жолдағы және арнаулы шоттардағы ақшалардың есебі

Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, почта бөліміне енгізілген, ұйымның ағымдағы банктік шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.

Жолдағы ақшалардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жалпылау және есептеу үшін 1020 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты арналған.

1020 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты бойынша сомаларды есепке алу үшін банк мекемелерінің, почта бөлімдерінің квитанциялары; банк инкассаторы түсімдерді өткізгеніне жолсерік тізімдемелерінің көшірмелері негіз болып табылады.

Жолдағы ақшалай қаражаттар шоты бойынша шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден аударылуға жататын жолдағы ақшалай қаражаттар

1020

1210,2110

2. Почта бөліміне есеп беруге тиісті тұлғамен өткізілген табыс, бірақ әлі ағымдағы банктік шотқа аударылмаған

1020

1250

3. Кассадан жіберілген, бірақ әлі мақстаы бойынша түспеген ақшалар

1020

1010

4. Еншілес, ассоцирленген ұйымдардың жолдағы ақшалай қаражаттары

1020

1220, 1230

5. Жолдағы аванс түріндегі ақшалар

1020

3510, 4410

6. Жолдағы ақшаларды алу

1010,1030

1020

Ұйымдар ақшалай қаржыларын сақтауға банктен арнаулы шот ашуға болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтегі ақшалай қаржылар, чек кітапшасындағы ақшалай қаржылар, банктегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есептелінеді. Мұндай есеп айырысулардың есебі 1060 “Басқа да ақшалай қаржылар” шотында жүргізіледі. Ұйымдарда нақты ақшалармен қатар почта маркілері, демалыс емдеу орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар өкіметтің жәрдем ретінде берген қаражаттарын да осы шотта есептеледі. Сонымен қатар бұл шотта Ұйымға бюджеттен бөлінген белгілі бір мақсатқа жұмсауға тиісті қаржылар да есептеледі.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы. Аккредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады.

Аккредитивтің депоненттелген және депоненттелмеген түрлері ашылуы мүмкін. Сонымен қатар оның кері шақырылатын және кері шақырылмайтын түрлері болады.

5. Ақшалай қаржылардың түгендеуі

Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да құндылықтардың нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың дұрыстығы қаралады. Бағалықтардың нақты бары анықталып, құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы мүмкін . Мұндай артықшылықтар кіріске алынуы керек.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ақша қаражаттарына не жатады?

2.Есеп айырысулардың қандай нысандары бар?

3.Кассадағы есеп айырысулар бойынша қандай құжаттар толтырылады?

4.Есеп айырысу шотындағы ақшалардың есебі қай шотта жүргізіледі?

5.Валюталық операциялармен есеп айырысулардың есебі туралы не айтасыз.

6.Ақша қаражаттарын түгендеу жүргізудің тәртібі қандай?