Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бух учет аудит УМК..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

ПОӘК 042-14-3-01.1.20.11/03-2012

Басылым2 26.09.2012

149-бет 125 беттен

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-01.1.20.11/03-2012

«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

Басылым №2 26.09.2012

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ»

5В051000 «МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ»

МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2012

Мазмұны

1

Глоссарий

3

2

Дәріс материалдары

6

3

Тәжірибелік сабақтар

109

4

Студенттердің өздік жұмыстары

123

1. Глоссарий

Аудиторлық стандарт – аудиторлық қызметті іске асыруда қолданылатын ережелердің жиынтығы.

Аудиторлық қорытынды – қаржылық есеп берушілікті тексеру қорытындыларын жүйелеп, есепте көрсету.

Ақшалай қаржылар – кассадағы және банк шотындағы ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады.

Ақшалай қаржылардың ағымы- ақшалай қаржылар мен олардың эквиваленттерінің келуі мен кетуі.

Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.

Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.

Ағымдағы валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.

Аралық қаржы есептілігі - не қаржы есептілігінің толық жиынтығынан не аралық кезеңдегі ықшамдалған қаржылық есептер жиынтығынан тұратын қаржы есептілігі.

Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу.

Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.

Азшылық үлесі – бас ұйым еншілес құрылымдары арқылы тікелей немесе жанама иелік етпейтін, еншілес ұйымның пайдасы мен залалының және таза активтерінің оның капиталындағы үлесіне тиетін бір бөлігі.

Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.

Бухгалтерлік шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі

Бухгалтерлік баланс – бухгалтерлік есеп әдісінің бірі.

Баланстық құн – кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома.

Бухгалтерлік пайда - салық төлеуге кететін шығысты шегерілгенге дейінгі кезең ішіндегі таза пайда немесе залал.

Бағам айырмашылығы – шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.

Валюта бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.

Дебиторлық қарыздар - осы ұйымға заңды және жеке тұлғалардың қарызы.

Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік тәрізді корпорацияланбаған ұйым.

Есеп саясаты – бұл қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну үшiн үйым қабылдаған нақты принциптер, негіздер, келісімдер, ережелер мен практика Жалдау - жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.

Жарғылық капитал – бұл шаруашылық жүргізуші субъектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызметі үшін қажетті бастапқы капитал.

Жойылу құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома.

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік.

Зейнетақы қорына аударым – зейнетақы төлемі бойынша болашақ міндеттемелерді өтеу үшін компанияның басқа тәуелсіз ұйымның (қордың) есебіне активтер аударуы.

Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.

Кредиторлық қарыздар – осы ұйымның басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қарызы.

Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы [*] мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.

Қаржы құралы – бірдей уақытта бір ұйымда қаржы активі пайда болып және екіншісінде қаржы міндеттемесі немесе үлестік құрал пайда болатын кез келген шарт.

Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру.

Қаржылық есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орындарында оқытылатын ғылыми пән.

Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома

Материалдық емес активтер – табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілер.

Міндеттеме - реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстарды компаниядан шығаруға себеп болатын өткен кезеңдер оқиғаларының нәтижесі ретінде пайда болған компанияның ағымдағы міндеттемесі.

Мемлекеттік субсидиялар - компанияның операциялық қызметіне жататын белгілі шарттарды өткен кезде және болашақта орындауға айырбас ретінде компанияға ресурстар беру түріндегі мемлекеттік көмек.

Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны.

Негізгі құралдар – материалдық өндіріс және өндірістік емес салада ұзақ уақыт бойында қызмет ететін материалдық активтер.

Овердрафт дегеніміз ұйымның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық.

Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.

Операциялық жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал.

Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.

Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы.

Табыстар – бұл есеп беру кезеңінде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің

азаюы.

Тауарлы - материалдық құндылықтар – бұл шынайы материалдық мүліктер түріндегі айналмалы құралдарының бөлігі.

Шығындар - есеп беру кезеңіндегі активтердің азаюы немесе міндеттемелердің

көбеюі.

Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және болуы компания толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындайды.

Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындаған сияқты болып ұсынылатын қаржы есептілігі.