1.Баймахамбетов с.
2.Серікова а.
10
«С» Баймахамбетов С, Ташева Г. «Мерген ойыны» 2016 ж.
Алаңның сызбасы
Алаңның размерлері: ұзындығы -256 см,
ені -80-100 см. Алаң, 16 алаңшадан тұрады. Бір алаңша 4 бөлімшеге бөлінген. 0-дік алаңшалар бөлімшеге бөлінбейді. Алаңшалардың арасы – 16 см. Бөлімшелердің арасы 4 см. Алаңның оң және сол жақ жиектерінің сызықтары қалыңдығы 2см. Алаңшаларды бөлетін сызықтардың қалыңдығы 1см. Бөлімшелердің сызықтары 0,2- 0,5 см. Алаңшалардағы 0-ден - 14 ке шейінгі цифрлардың размерлері: биіктігі: 7 – 10 см. Цифрлардың қалыңдығы –1 см. Бөлімшелердегі цифрлардың биіктігі: 2,8-3см. Бөлімшелердегі цифлардың қалыңдығы 0,5- 1 см. Цифрлар солдан жоғары қарай: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,0-деп жазылады. Оң жақтан: 0,14,13,12,11,10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0-деп кері қарай жазылады. Қарама-қарсы отырған ойыншылар сол жақтарына қарап ұпайларын есептейді. «Алыс», «Ретпен» ойындарында цифрларды бір жақтама оң және сол жақтағы цифрларды төменнен жоғары қарай бірдей орналастыра беруге болады. Қарама –қарсы отырған ойыншылар оң жақтарына қарап ұпайларын есептеу үшін, цифрларды кері түсіртіп сызба сызуға болады. Осындай нұсқаларды шығара беруге болады. Сызбалардағы сызықтардың қалыңдықтары 1 мм ретінде көрсетілген. Сызықтардың қалыңдықтарын сызған кезде, алаңның жиектеріндегі сызықтар, алаңның ішіне қарай 2 см кіреді. Алаңша мен алаңшаны бөлетін сызықтар 1 мм сызықтың ортасынан түседі. 0,5 см оңға- 0,5 см солға.Бөлімшелер мен бөлімшелерді бөлетін сызықтар 1 мм-лік сызықтың ортасынан екіге бөлініп түседі. Алдыңғы алаңша мен соңғы алаңшаның сызықтары алаңның ішіне қарай 1 см кіріп сызылады.
11
