Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мерген ойыны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.04 Кб
Скачать

III.«Жекпе-жек » ойыны:

Ережелері дәл «Алыс» ойынындағыдай. Ойын алаңы да дәл сондай.

Бір өзгешелігі ойыншылар бір-біріне алаңда қарама- қарсы тұрып ойын ойнайды.

Асық соғу кезекпен. Бір соққы ол ойыншы соғады, бір соққы бұл ойыншы соғады. Әр ойыншы 14(10) соққыдан соғады. Ойын 3 бөлімнен тұрады.

2 бөлімде бір ойыншы ұтса, 3-ші бөлім ойналмайды. Ереже: бірінші ойыншы асықты соғып 14,2 түсірді. Екінші ойыншы асықты сақамен соғып 14,3 түсірді. Осы кезде төреші 0:1 деп жазады. Әр соққы сайын есеп өзгеріп отырады. Келесі соққы бірінші ойыншы 14,1 түсірді, екінші ойыншы 13,9 түсірді, есеп 1:1 болады. Осылай ойыншылар 10 соққыдан соққанға шейін әр соққы сайын асықтың түскен алаңшаларына байланысты есеп өзгеріп отырады.

1) Қайсы ойыншы ұпай алса сол ойыншы кезекті соққыны бірінші болып соғады.

2) Бөлімдерде де осы ереже қолданылады. Қайсы ойыншы бөлімде жеңіп шықса, келесі бөлімде бірінші болып соққы соғады.

3)Бөлімдер тең аяқтала беруіне болады.

4)Ең соңғы 3-ші бөлімді қоса есептегенде ойын тең аяқталса, сақалар иіріледі.

А) «Сақаларды иіру» ережесі: Ойыншы 40 см сызыққа жетпей сақаны иіреді. Сақа 7-ші алаңша мен 8-ші алаңшаға түсуі керек. Жоғарыдан төмен қарай ұпай беріледі.

а) «Шоңқы» ә) «Омпы» б) «Алшы» в) «Тайқы» г) «Бүк» ғ) «Шік»

Б) 3-реттен кезекпенен. Мысалы:

  1. Бірінші ойыншы шік – 0

Екінші ойыншы бүк – 1

  1. Бірінші ойыншы алшы -1

Екінші ойыншы тайқы – 0

  1. Бірінші ойыншы тайқы – 1

Екінші ойыншы бүк -0

Қорытынды есеп: бірінші ойыншы -2

екінші ойыншы-1

Жеңімпаз бірінші ойыншы. Егер тең түскен жағдайда асықтар бір реттен жеңімпаз анықталғанша иіріледі.

В) Алыс, Жекпе-жек, Ретпен ойындарында асық боламса сақа алаңнан шығып барып айналып қайтып алаңға кіріп жатса (борттарға тимей) онда асық алаңда деп есептелінеді.

6

«С» Баймахамбетов С, Ташева Г. «Мерген ойыны» 2016 ж.

IV.«Қақпа» ойыны.

Ойын алаңы дәл «Алыс» ойынындағыдай. Сақамен асықты ату тәсілі дәл «Алыс » ойынындағыдай. Егер сақа болмаса асық алаңның сыртына шығып кетсе ұпай берілмейді, бірақ келесі соққы жасалынды деп есептелінеді. Әр ойыншы 14 (10) соққыдан соғады. Екі ойыншы алаңға бір-біріне қарама-қарсы тұрып ойын ойнайды. «Алыс » ойынынан өзгешелігі:

а) Асықтар қойылатын орын «Көн» , жетінші алаңшамен сегізінші алаңшаның ортасындағы сызық.

ә) «Көнге» он асық бір-біріне тақастырылып қойылады.

Ойыншы сақаны ұстап, лақтырып, шертіп, шиырып ұру арқылы асықты ноль алаңшасына түсіруі қажет. Нольдік алаңша «Қақпа» деп аталады. Қайсы ойыншы «Қақпаға» көп асық түсірсе сол жеңімпаз деп танылады.

б) «Қақпаға» түскен асық, алаңның сыртына шығып кеткен асықтар ойынға қайта қосылмайды, ойыннан алынып тасталынып отырады. Ойын үш бөлімнен тұрады. Бөлімдер тең аяқтала беруіне болады. Соңғы бөлімді қоса есептегенде ойын тең аяқталса, сақаларды иіру арқылы жеңімпазды анықтайды. Дәл «Жекпе-жек» ойынындағыдай.

в) Егер әр ойыншы 14(10) соққы соққаннан кейін асықтар алаңда қалатын болса, ойын тоқтатылады.

г)Егер алаңда асықтар қалғаныменен бір ойыншының жеңетіні асықтар саныменен белгілі болса ойын тоқтатылады.

ғ) «Қақпаға» асық түсті деп есептелінеді: 14 пен О-дің ортасындағы сызықтың үстінде жатқан асықтың ең соңғы жерге тиіп жатқан нүктесі сызықтың толық үстінде жатса асық «Қақпаға» түсті деп есептелінеді.

д) Егер асықтың ең соңғы жерге тиіп жатқан нүктесі ең болмағанда 1мм 14ші алаңшада жататын болса асық « Қақпаға» түскен жоқ деп есептелінеді.

е) Нольдік алаңшаның аяқталатын сызығының үстінде асықтың ең соңғы жерге тиіп жатқан нүктесі ең болмағанда 1 мм тиіп жатса, асық «Қақпада» деп есептелінеді.

7

«С» Баймахамбетов С, Ташева Г. «Мерген ойыны» 2016 ж.

е) «Қақпа» ойынында ойыншылар алғашқы соққыларын міндетті түрде алаңын ұзындығы жағынан соғуы керек. Екінші және одан ары қарайғы соққыларын алаңның оң және сол жағына шығып өзіне ыңғайлы жерден сақасымен асықты соғып қарсыластың қақпасына түсіруіне болады. Алаңның оң, сол жағына шығып асықты соғар кезде сақаны алаңның үстіне қоюға болмайды. Сақа саусақтан болмаса алақаннан асыққа тимей жатып ажырауға тиісті.

V. «Төсеніш» алаңы

1. Төсеніш алаңды пайдаланудағы басты мақсат, кез –келген орында ойын ойнауға мүмкіндік беруінде, тез төселінеді тез жиналып алынады.

2. Төсеніш алаңдар кілемнен, киізден, линолеумнен (+20 градустан жоғары жағдайда) жасалына берсе болады.

3. «Төсеніш» алаң таза табиғи болмаса таза синтетикалық (химиялық) материалдан болмаса табиғи және синтетика араластырып жасала берсе болады.

4.Төсеніш алаңының қалыңдығы 0,1 мм-ден 0,5 см шейін беті тықыр тегіс, созылмайтын материалдан жасалынуы керек. О,1 мм-ден 2мм шейін бетіне алаңның размерлері сызылған төсеніштерді киіздің болмаса кілемнің үстіне қозғалмайтындай етіп орналастыруға болады.

5. Ресми ойындарда «Төсеніш» алаңында қалыңдығы 2 мм-ден 0,5 см-ден кем болмауы. «Төсеніш» алаң, алаңның шеткі сызықтарынан кем дегенде 10 см ұзын болуы қажет.