VI. Шертпе асықтан, «Мерген ойынына» арналған алаң.
Жалпы алаң сол жақтан астынан үстіне қарай цифрлар жазылған. Оң жақтағы цифрлар кері түскен. «Алыс» және «Ретпен» ойындарында, ойыншылар сол жақтағы цифрларға қарап ұпайларын есептейді. «Жекпе-жек» ойынында, ойыншылар дәл осылай бір-біріне қарама-қарсы тұрып әр қайсысы өзінің сол жағындағы цифрларға қарап ұпайларын есептейді. «Қақпа» ойынында ойыншылар қарсыластың қақпасына 0-дік алаңшаларына асықты түсіруі керек .
8
«С» Баймахамбетов С, Ташева Г. «Мерген ойыны» 2016 ж.
VII. «Борт».
Жалпы алаңның оң жақ сол жақ жиектеріне «Борт» қойса болады. Борттың ұзындығы 256 см. Еніндегі борттар; 80 см -1метр, биіктігі 2-5 см, ені 2-5 см, тақтайдан, пластиктен борттар қойылса болады. Борт қойылу себебі: асық алаңнан шығып кетпеу үшін қажет. Қарама-қарсы тұрған «Борт» болмаса еніндегі борт алынбалы-салынбалы болуы мүмкін. Егер жерде ойналатын болса 40 см-лік сызықтың үстіне қойылса болады.
«Алыс», «Жекпе-жек», «Ретпен» ойындарында «Борт», алаңның жиегінен 10 см алыс қойылады. Ал, «Қақпа» ойынында алаңның шеткі сызықтарының үстінен қойылады, ал қарама-қарсы еніндегі «Борттар», кем дегенде 10 см сызықтан алыс қойылуы керек.
VIII. «Классификациялық нормативтер».
2016-2020 жылдарға арналған. Шертпе асықтан, «Мерген» ойынына арналған, Атақ дәрежелерді анықтау мақсатында жасалған «Классификациялық нормативтер».
Алаңның размері: ұзындығы- 256 см. Ені-80 -100 см. 16 алаңшаға арналған. Асықтың салмағы 7- 10 грамм. Сақаның салмағы 10-16 грамм.
1.«Алыс» ойынына арналған нормативтер.
Әр ойыншы 10- соққы соғуы қажет.
1 дәреже - 90 ұпай
2 дәреже - 100 ұпай
3 дәреже - 110 ұпай
4 дәреже - 120 ұпай
5 дәреже - 130 ұпай
6 дәреже -135 ұпай
7 дәреже «Мерген» атағы: 142 ұпай
дәреже «Сұр мерген» атағы: 144 ұпай
9
«С» Баймахамбетов С, Ташева Г. «Мерген ойыны» 2016 ж.
2.«Алыс» ойынына арналған нормативтер.
Әр ойыншы 5+5. 5- оң қолмен, 5- сол қолмен, жалпы 10 соққы соғуы қажет.
1 дәреже 80 ұпай
2 дәреже 90 ұпай
3 дәреже 100 ұпай
4 дәреже 110 ұпай
5 дәреже 120 ұпай
6 дәреже 130 ұпай
7 дәреже «Мерген» атағы: 135 ұпай
8 дәреже «Сұр мерген» атағы: 140 ұпай
3. «Ретпен» ойынына арналған нормативтер.
Әр ойыншы 14 соққы соғуы қажет.
1 дәреже 100 ұпай
2 дәреже 102 ұпай
3 дәреже 104 ұпай
4 дәреже 105,6 ұпай
5 дәреже 108,6 ұпай
6 дәреже 109, 6 ұпай
дәреже «Мерген» атағы: 110,2 ұпай
8 дәреже «Сұр мерген» атағы: 110,6 ұпай
4.«Жекпе жек» және «Қақпа» ойындарында жеңімпаздар анықталады. Ойынның даму барысына қарай «Дәрежелер» мен «Атақтар» берілуі мүмкін.
Автордың жеке пікірі: Жалпы бұл ойынды ерлер де қыздар да ойнай берсе болады.
«Мерген» атағы – «Спорт шебері» атағымен тең.
«Сұр мерген» атағы – «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағымен тең.
«Классификациялық нормативтерді» құрастырушылар :
