Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11. Мат. кед. лаб. жум..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.93 Mб
Скачать

Кернеулердiң мәнiн теориялық өрнектер арқылы анықтау.

Өстен тыс созылу теориясы бойынша тiк кернеу келесi жалпы өрнекпен анықтыалады.

(2)

Бұл жердегi А=в×t - үлгiнiң қима ауданы; Ур,Хр - қиманың басты өстерi арқылы есептегендегi полюстiң координаттары; ix,iу - басты өстер айналасындағы қиманың инерция радиусы; У,Х - кернеу анықталатын нүктенiң басты өстегi координаттары, яғни бiздiң үлгi үшiн (19-cуреттi қарасаңыз):

Ур=0; Хр=е; ; ; ;

бiрiншi нүкте үшiн У1=0;

екiншi нүкте үшiн У2=0; x2=0;

үшiншi нүкте үшiн У3=0;

Олай болса теориялық кернеулер (2)-өрнектi пайдаланып былай анықталады:

; (3)

;

жұмыс қортындысы (1) және (3) өрнектерден табылған кернеулер шамасын салыстырып айырмасын бағалаумен аяқталады, яғни:

Көрсетiлген шарттар орындалса, теориялық өрнектер тәжрибе қортындысына сай келедi деп есептеледi.

Жұмыстың қорытындысын көрнекi түрде В-В қимасындағы кернеудiң эпюрiн тұрғызып оның үстiне тәжрибеден табылған кернеулердi нүктемен белгiлеу арқылы, көрсетуге болады. (20-сурет)

20 – Сурет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай жағдайларда сырық иiлiп созылады?

  2. Үшiншi нүктедегi кернеу нөлге тең ол ненi көрсетедi?

  3. Әдетте «Х»-өсiн солдан оңға қарай бағыттаймыз, ал бiз оны неге керi бағыттадық?

  4. Тiк кернеу қима бетiне қандай заңдылықпен таралады?

  5. Қимадағы қауiптi нүкте қайда орналасқан?

  6. Сырық жазық иiлiп тұр ма, әлде қиғаш иiлiп тұр ма?

12 Зертханалық жұмыс.

Өсi бойымен соғылған сырықтың орнықтылығын жоғалтуын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Эйлер өрнегiнiң дәлдiгiн тәжрибеден тексеру.

Сынақ қондырғысы және сыналатын үлгi.

21 – Сурет.

Сынақ қондырғысы ретiнде гидравликалық шағын пресс қолданылады. Престiң схемалық кескiнi 21-суретте көрсетiлген.

Пресс тұғырға бекiтiлген екi стойкадан және олардың ұшын қосып тұрған траверсадан тұрады. Престiң тұғырында жұмыс цилиндрi, ал траверсада бұранда орналасқан. Цилиндрдiң штогының ұшына және бұранданың басына үлгiнi бекiтетiн тарелкалар орнатылған. Үлгi тарелкалардың бетiндегi жарты цилиндр тәрiздес ойықтарға енгiзiлiп бекiтiледi де, олар топсалы тiрек болып саналады. Ол ойықтар үлгiге қырынан қарағанда көрiнiп тұр (А-көрiнiсi). Үлгi болаттан жасалған көлденең қимасы төртбұрышты сырық болып келедi, оның ұзындығы «е», енi «в», қалыңдығы «t» өлшемдерiн студенттер қондырғыдан тiкелей өлшеу арқылы анықтайды.

Үлгi престiң тарелкаларына бұранданың көмегiмен орналастырылады. Үлгiнiң бойлық сығушы күш әсерiнен орнықтылығын жоғалтып, бастапқы түзу өсiнiң иiлуiн үлгiнiң екi шетiнде орналасқан контактылар және электр батареясы арқылы тiзбектеле жалғанған лампаның жануымен анықтайды. Ол үшiн алдын ала үлгiнiң екi жағындағы контактылар үлгi бетiне жақын әкелiп қойылады. Үлгi мен контактылар арасындағы саңылау өте аз болғандықтан және ол нақты саңылау болу үшiн алдымен бiреуiн, содан кейiн екiншiсiн әлгiге тақайды, бұл мезгiлде лампа жанады, одан әрi контактыларды керi толық бiр айналыс жасап үлгi бетiнен ажыратады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]