- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Әдістемелік нұсқаулар Шымкент - 2008 ж
- •Материалдардың серпімділік қасиеттерін сипаттайтын тұрақтыларын анықтау.
- •Иілген арқалықтардың қимасындағы кернеудің таралу заңдылығын зерттеу.
- •Иілген арқалықтың деформациялануын зерттеу.
- •Статикалық анықталмаған арқалықтың иiлуiн зерiттеу.
- •Сынақ қондырғысы мен сыналатын үлгi.
- •Белгiсiз тiрек күшiн тәжрибе арқылы анықтау.
- •Арқалықтың тiрек күштерiн теориялық өрнектiң көмегiмен анықтау.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Арқалықтың қиғаш иілуін зерттеу.
- •Сынақ қондырғысы мен сыналатын үлгі.
- •Сынақтарды орындау тәртібі.
- •Жұмыстың қорытындысы
- •№11 Зертханалық жұмыс. Сырықтардың иiлiп созылуын зерттеу.
- •Сынақ қондырғысы және сыналатын үлгi.
- •Кернеулердiң мәнiн теориялық өрнектер арқылы анықтау.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өсi бойымен соғылған сырықтың орнықтылығын жоғалтуын зерттеу
- •Жұмысты орындау және қорытындысын өңдеу.
- •Аумалы күштiң шамасын Эйлер өрнегiмен анықтау.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Бiлiктiң иiлiп бұралуын зерiттеу.
- •Сынақ қондырғысы мен сыналатын үлгi.
- •Басты кернеулердi теориялық өрнекпен анықтау.
- •Басты кернеулердi тәжрбиеден анықтау
- •Бақылауға арналған сұрақтар.
- •Материалдың соққы күшiне қарсыласуын зерттеу.
- •Жұмысты орындау барысы мен қорытындысын өңдеу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұқа қабырғалы сосудтардың iшкi қысым әсерiнен деформациялануын зерттеу
- •Сынақты орындау және қорытындысын өңдеу тәртiбi.
- •Кернеулердi Лаплас теңдеуiнен табу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Материалдарды төзiмдiлiкке сынау тәсiлiмен танысу.
- •Сынақ қондырғысы мен үлгiлер түрi.
- •Бақылауға арналған сұрақтар
Жұмыстың қорытындысы
(1)және (4) өрнектерден шыққан мәндерді салыстырып және (2) өрнектің мәні (5) өрнектен шыққан шамамен салыстырып олардың айырмасын табамыз. Яғни:
%
≤5%
%
≤5%
және
%
≤5%
Шарттары орындалуы керек. Егер осы шарттар орындалса теориялық өрнектер мен тәжрибе арасындағы үйлестік қанағаттанарлық деп есептелінеді.
Бақылау сұрақтары.
Қиғаш иілу дегеніміз ол қандай иілу ?
Лабораториялық жұмыстың мақсаты не?
Лабораториялық жұмыстың алдына қойған мақсаты қалай орындалады?
Арқалықтың иілу мөлшері тәжрибеден қалай анықталады, қандай өлшегіш құрал қолданылады?
Тензодатчиктер нені өлшейді?
Қандай жағдайда теориялық өрнек дұрыс деп саналады?
Кернеуді анықау үшін Гук заңын қолдану қалай мүмкін болды?
№11 Зертханалық жұмыс. Сырықтардың иiлiп созылуын зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Созылып иiлген сырықтың кимасындағы кернеудiң таралу заңдылығын тәжрибеден анықтау.
Сынақ қондырғысы және сыналатын үлгi.
Сынақ қондырғысы ретiнде ЦДМ-5 машинасы қолданылады. Бұл машина үлгiнi 50 кН-ға дейiнгі күш түсiру арқылы соза алады. Сыналатын үлгi қимасы төртбұрышты болаттан жасалған сырық, оның кескiнi 19-суретте көрсетiлген.
19-сурет
Үлгiнiң бетiне суретте кескiнделгендей етiп, үш тензодатчик жапсырылады. (Т1, Т2, және Т3,) үлгiнiң көлденең қимасының өлшемдерi «в» және «t» қондырғыдан тiкелей өлшеу арқылы анықталады.
Сырықты созатын күш сырықтың өсiнен тыс «е» аралығында әсер етедi.
«е» - эксцентрисет деп аталады, е=2.5см. Күш сызығының (күш әсер ететiн түзудiң) қима бетiмен қиылысқан нүктесi полюс деп аталады да «р»- әрiпiмен белгiленедi.
19-суретте кескiнделген әлгiнi F-күшi арқылы созатын болсақ сырық әрi созылып, әрi иiлетiнi көрiнiп тұр, яғни Т1-тензодатчигi орналасқан нүктеде кернеу көбiрек, Т3 -датчигiнiң тұсында кемiрек болары анық.
Сынақты жүргiзу және қортындысын өңдеу.
19-суретте көрсетiлген үлгiнi сынақ қондырғысының iлгектерiне бекiткеннен кейiн оны F1=5кН күш түсiру арқылы созамыз да, осы мезеттегi тензодатчиктердiң көрсетулерiн 10-кестеге еңгiземiз.
10-кесте
|
F.кН |
Т1 |
Т2 |
Т3 |
DF,кН |
Т1 |
Т2 |
Т3 |
|
1 |
F1=5rН F2=50кН |
|
|
|
45 |
|
|
|
|
2 |
F1=5кН F2=50кН |
|
|
|
45 |
|
|
|
|
3 |
F1=5кН F2=50кН |
|
|
|
45 |
|
|
|
|
Орташа мәндерi |
45 |
|
|
|
|
||||
Одан әрi күштiң мәнiнiң F2=50кН-ға дейiн көтерiп осы мезгiлдегi тензодатчиктердiң көрсетулерiн тағы да кестеге енгiземiз.
Алынған нәтижелер дәлiрек болу үшiн созушы күштi нөлге дейiн төмендетiп, тәжрибенi тағы да екi рет қайталаймыз. Созушы күш пен тензодатчиктердiң көрсетулерiнiң айырмасын есептеймiз, яғни:
DF=F2- F1 ; DТ1=Т12-Т11; DТ2=Т22-Т21; DТ3=Т32-Т31;
Бұл жердегi Т11 бiрiншi тензодатчиктiң бiрiншi күш әсер еткенде, ал Т12 – екiншi күш әсер еткендегi көрсетулер, дәл сол сияқты қалған тензодатчиктердiң-де көрсетулерi сәйкестендiрiледi. Алынған айырмалар барлық үш сынақ үшiн де есептелiп 10-кестеге енгiзiледi. Ендiгi кезекте үш сынақ қортындысының орташа мәндерi анықталады, яғни
DFорт=45кН; DТ1,орт; DТ2орт; DТ3,орт
Олай болса Гук заңына сүйене отырып тензодатчиктер жапсырылған нүктедегi тәжрибеден алынған кернеулер былай анықталады.:
σ э(1)= DТ1,орт* a * Е
σ э(2)= DТ2,орт* a * Е (1)
σ э(3)= DТ3,орт* a * Е
Бұл жердегi Е=2*104кН/см2 - болат үлгiнiң серпiмдiлiк модулi; a-тензодатчиктiң сезiмталдық коэффицентi, оны оқытушы немесе лаборант хабарлайды.
