- •Тұрақты стенокардиясы (жүрек қыспасы) бар пациенттерді емдеу алгоритмы
- •I кезең – Стенокардия скринингі
- •II кезең – Тұрақты стенокардияның диагностикасы
- •2 Ай мерзімі бойы көкірегінде жайсыздықты сезінген пациент
- •III кезең – Ишемия болуының ықтималдығын тест алдында анықтау
- •IYкезең - Қауіп-қатер стратификациясы
- •V кезең – Тиімді медикаментозды емдеу
- •Стенокардияны емдеу Оқиғаның алдын алу
- •V1 кезең – Реваскуляризация
- •1 Немесе 2 тамырдың зақымдалуы
- •3 Тамырдың зақымдалуы
- •1 Қосымша Ширыққан стенокардияны диагностикалау үшін Роуз сауалнамасы
- •Каг жасау бойынша ұсыныстар (еок, акк/асс)
IYкезең - Қауіп-қатер стратификациясы
Стратификация мақсаты – өлім-жітім жағдайын төмендету үшін және болжамды жақсарту себепті миокард реваскуляризациясы көрсетілген, жыл сайынғы өлім-жітімі 3%-ды құрайтын жоғары қауіптегі пациенттерді анықтау. Өлімнің және жағымсыз жағдайлардың орташа қатері 1-3% шамасында, төменгі қатер – жылына 1%-дан кем. Қауіп-қатер стратификациясының реттілігі:
клиникалық деректері бойынша стратификация (қантты диабет, артериалық гипертензия, темекі шегу, ұлғайған жасы, созылмалы бүйрек шамасыздығы, шеткері орналасқан артериялардың атеросклерозы, бұрын басынан өткерген миокард инфарктісі, созылмалы жүрек шамасыздығы, III-IY ФК ССS бойынша ауыр стенокардия);
сол жақ жүрекше функциясы бойынша қауіп-қатер стратификациясы (ФВ ЛЖ 50%-дан төмен кезде жүрек-тамыр оқиғаларының жоғары қауіп-қатері қоса болады);
стресс-тестілер қорытындылары бойынша қауіп-қатер стратификациясы (4 сызба);
коронарлық арнаның анатомиясы бойынша қауіп-қатер стратификациясы (ЛКА бағанасын, ПНА проксимальды бөлігін қатыстыру).
Қауіп-қатердің жоғары дәрежесін көрсететін негізгі инвазивті емес стресс-тестілердің қорытындылары 3 сызбада ұсынылды.
3 сызба. Қауіп-қатердің жоғары дәрежесін көрсететін негізгі инвазивті емес стресс-тестілердің қорытындылары
Физикалық үстемесі бар стресс ЭКГ |
Стандартты Брюс хаттамасының 1-ші сатысындағы ST≥1 сегментінің депрессиясы. ST (>5 мин.) депрессиясының үстемеден кейін ұзақ қалпына келуі. Жұмыс үстемесінің жетістігі <4МЕТ.АҚ аномальды реакциясы. Дьюк шкаласы бойынша бағалау≤-11. |
Физикалық үстемемен миокард сцинтиграфиясы |
ОФЭКТ-да ишемия аумағы >10%, перфу-зияның жаңа кемістіктерімен >2 сегмент,ЛЖ стресс-индуцирленген дилата-циясы. Өкпенің Та201 стресс-индуцир-ленген жоғары жұтуы. |
Стресс ЭхоКг |
ЛЖ добутамин индуцирленген дисфункциясының >3 сегменті |
Контрастылаумен коронарлық артерия-лардың мультиспиральды компьютерлік томографиясы |
Прооксимальды тарылумен үш тамырлы зақымдану, ПНА бағанын немесе проксимальды бөлігін қосумен. |
Көрсетілген критерийлерге сәйкес жоғары қауіп-қатерлі пациенттер (3 сызба), қажет болған жағдайда қан ағуының фракциялық резервін анықтаумен, инвазивті коронарлы ангиографияға жіберілуі керек
Стресс тест қорытындылары бойынша жоғары қауіп-қатер критерийлерісіз ишемия анықталған немесе ишемия аумағы 1-ден 10%-ға дейін болса, немесе басқа ишемия бірфотонды эмиссиялы компьютерлік томография қорытындысы бойынша жоғары қауіп-қатерден төмен болса, МСКТ деректері бойынша коронарлық артериялардың ірі немесе проксимальды бөліктері зақымданса, бірақ қауіп-қатер жоғары емес болса, орташа қауіп-қатердегі пациенттер (жылына өлім-жітім 1-3%) тиімді медикаментозды терапияны қажет етеді және пациенттің қалауы бойынша қоса болған ауруларын ескерумен инвазивті КАГ талқыланады.
Стресс-тестілер қорытындылары бойынша ишемиясы жоқ төменгі қауіп-қатердегі пациенттер (жылына 1%-дан көп емес)немесе тұрақты стенокардия ФК I-II (CCS), МСКТ-да тек қана атерослеротикалық бляшкалар немесе маңызды емес тарылулары бар коронарлық артериялар тиімді медикаментоздық емдеуді қажет етеді. Тиімді медикакментозды емнің нәтижесіздігінде немесе ишемия белгілерінің (дестабилизация) дамуында КАГ-ға жіберіледі.
