Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_shpora_Bakhi_versia_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
819.51 Кб
Скачать

07_02_Хирургиялық стоматология қаз

$$$008

27 жастағы науқас бет-жақсүйек хирургиясы бөліміне оң жақ төменгі жақсүйек аймағының ісінгендігіне, бас ауруына, әлсіздікке, 38,5°C-қа дейін дене қызуының көтерілгендігіне шағымданды. Науқастың сөзі бойынша, ісік 3 күн бұрын пайда болып, жалпы жағдайы нашарлай бастаған және ісік ұлғая бастаған. Тексергенде аыузын еркін ашады, оң жақ төменгі жақсүйекте шегі анық емес инфильтрат байқалады, инфильтраттың үстіндегі тері гиперемияланған, ісінген, инфильтратты саусақпен басып көргенде ауырсынады, флюктуация симптомы оң. Ауыз қуысында: тісжегі процесі нәтижесінде 4.6 тіс 2/3-ке ыдыраған, тықылдатқанда ауырсынбайды, тістің айналасындағы сілемейлі қабықша ісінген, аздап қызарған. Алдын-ала қандай диагноз қоясыз:

A) Оң жақ төменгі жақсүйектің жіті одонтогенді периоститі

B) Оң жақ төменгі жақсүйек аймағының абсцессі

C) Оң жақ төменгі жақсүйектің жіті одонтогенді остеомиелиті

D) Оң жақ төменгі жақсүйек аймағының флегмонасы

E) Оң жақтағы жіті одонтогенді лимфаденит

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}= (Хирургиялық стоматология: Оқулық/ Т.Г. Робустова редакциясымен –М.: Медицина, 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_02_Хирургиялық стоматология қаз

$$$009

28 жастағы науқасты дәрігер-стоматолог 1.6 тісін жұлдыруға жіберді (диагнозы: 1.6 тістің созылмалы гранулематозды периодонтитінің өршуі). Науқасқа Sol.Ubistesini – 1,0 ml жергілікті жансыздандыру жүргізілгеннен соң, науқастың басы айналып, құлақтары шыңылдап, құсқысы келді, бірнеше секундтардан соң есін жоғалтты.Тексергенде: бет терісі дымқылданып, сұрланып, көзінің қарасы ұлғайып кетті. Пульс – минутына 100 соққы, әлсіз, қан қысымы – сын. бағ. 90/60 мм, дем алысы сирек, беткейлі. 2 минуттан соң науқас есін жиды. Науқаста қандай жағдайды бастан өткерді?

A) Талып қалу

B) Эпилепсия ұстамасы

C) Анафилаксиялық шок

D) Коллапс

E) Травмалық шок

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}= (Хирургиялық стоматология: Оқулық/ Т.Г. Робустова редакциясымен –М.: Медицина, 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_02_Хирургиялық стоматология қаз

$$$010

Аталып отырған анестезияны жүргізу үшін, дәрігер-стоматолог оң қолдағы сұқ саусақты 4.8 тістің артындағы ретромолярлы шұңқыр аймағына қойып, содан соң барып, шприцті кіші азу тістер деңгейіне бекітті және инені 4.8 тістің шайнау беткейінен 0,75-1,0 см жоғары, самай тарақшасынан ішке қарай шаншыды, кейін инені сыртына және артқа қарай сүйекке дейін жылжытты, онда 0,5 мл анестетик шығарды, содан кейін инені сүйекке бойлай енгізіп, онда 1,0 мл анестетик шығарды. Жүргізілген анестезия әдісін көрсетіңіз?

A) Мандибулярлы анестезия, аподактилді әдіс

B) Егоров бойынша жансыздандыру

C) Мандибулялық анестезия, саусақтық тәсіл

D) Торусалды анестезия

E) Гоу-Гейтц бойынша жансыздандыру

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}= (Хирургиялық стоматология: Оқулық/ Т.Г. Робустова редакциясымен –М.: Медицина, 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=12