Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_shpora_Bakhi_versia_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
819.51 Кб
Скачать

07_02_Хирургиялық стоматология қаз

$$$005

32 жастағы науқас бет-жақсүйек хирургиясы емханасына сол жақ көз түбі аймағының ауратынына, ісінгендігіне, қан кернеуіне, әлсіздікке, 38,7°C-қа дейін дене қызуының көтерілгендігіне, әлсіздікке, басының ауыратындығына шағымданды. Анамнезден: ісіну 2 күн бұрын пайда болған, содан бастап жағдайы нашарлай бастаған. Объективті: сол жақ көз түбі аймағының ісінгендігі есебінен бет асимметриясы. Инфильтрат үстіндегі теріні қан кернеп тұр, ісіген, қатпар болып жиналмайды, саусақпен көргенде инфильтрат өлшемі 2-2,5 см, оның ортасында флюктуация симптомы оң болып байқалады. Ауыз ашуы еркін, коллатералды ісік есебінен мұрын-ерін қатпар тегістелген. Ауыз қуысында: 2.2 тістің тіс сауыты 2/3-ке бұзылған, сүңгілегенде ауырсынбайды, қағып тексергенде кенет ауырсыну, тістің айналасындағы сілемейлі қабықшаны қан кернеп, ісіп тұр. Сіздің қоятын алдын-ала диагнозыңыз:

A) 2.3 тістен жіті іріңді периоститі

B) Жіті риногенді гайморит

C) Сол жақ жоғары жақсүйек остеомиелиті

D) Сол жақ көз түбі аймағының абсцессі

E) Сол жақ көз түбі аймағының флегмонасы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}= (Хирургиялық стоматология: Оқулық/ Т.Г. Робустова редакциясымен –М.: Медицина, 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_02_Хирургиялық стоматология қаз

$$$006

37 жастағы науқас Ф. бет-жақсүйек хирургиясы емханасына оң жақ бетінің ісінгендігіне, төменгі еріннің оң жақ бөлігінің ұюып қалғандығына, әлсіздікке, басының ауыратындығына, 39С-қа дейін дене қызуының көтерілгендігіне, ауызынан сасық иіс шығатындығына, шайнағанда ауырсыну бар екендігіне шағымданды. Анамнезден: ісіну шамамен 4 күн бұрын пайда болған, оны оң жақтағы төменгі жақсүйектегі тістермен байланыстырады, стоматолог көмегіне жүгінбеген. Объективті: оң жақ төменгі жақсүйектің муфта тәрізді инфильтраты мен жұмсақ тіндердің коллатералды ісігі есебінен бет ассимметриясы, Венсан симптомы оң. Оң жақ жақасты лимфа түйіндері саусақпен басып көргенде ұлғайған, аздап ғана ауырсынады. Аыуз еркін ашады. Ауыз қуысында 4.2-4.8 тістері жылжымалы, перкуссияда ауырсынады, 4.6 тістің қозғалғыштығы және тықылдатқанда басқа тістермен салыстырғанда ауырсынуы айқынырақ. 4.2-4.8 тістердегі альвеолярлық өсінді сілемейлі қабықшасын қан кернеген, ісінген, өтпелі қатпары жадағайланған, қызыл иек жиегінен ірің бөлініп тұр. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз:

A) 4.6 тістен жіті іріңді периостит

B) 4.6 тістен төменгі жақсүйектің жіті іріңді остеомиелиті

C) Оң жақ ұрт аймағының абсцессі

D) Оң жақ ұрт аймағының флегмонасы

E) Оң жақ жақсүйек асты аймақтың абсцессі

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}= (Хирургиялық стоматология: Оқулық/ Т.Г. Робустова редакциясымен –М.: Медицина, 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_02_Хирургиялық стоматология қаз

$$$007

25 жастағы науқас стоматологиялық емханаға оң жақ жоғары жақсүйектің тамақ ішкенде үдей түсетін ауырсынуына, құлаққа қарай, бастың оң бөлігіне қарай солқылдап ауыратынына, 37,8С-қа дейін дене қызуының көтерілгендігіне, әлсіздікке, бас ауруына шағымданды. Науқастың сөзі бойынша, 2 күн бұрын оң жақ жоғары жақсүйектегі тісін жұлдырған. Объективті: бет симметриялы, беттегі терінің түсі әдеттегідей, оң жақ жақсүйекасты лимфатүйіндері ұлғайған, ауырсынады. Ауыз қуысында: 1.7 тістің шұңқыры бос, оны сұр қақ жауып жатыр, тамақ қалдықтарына толы, ауыздан сасық иіс шығады, шұңқырдың айналасындағы сілемейлі қабықшаны қан кернеп тұр, ісіп тұр, саусақпен басқанда ауырсынады. 1.6 тісте - ауыз қуысымен байланыспайтын, жұмсарған дентинге толы, терең тісжегі қуысы бар. Алдын-ала диагноз қойыңыз:

A) 1.7 тістен жоғары жақсүйектің жіті периоститі

B) 1.7 тістен альвеолит

C) 1.7 тістен жіті одонтогенді лимфаденит

D) оң жақтағы шұңқыр нервінің невриті

E) 1.6 тістің жіті диффузды пульпиті

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілік}= 2

{Оқулық}= (Хирургиялық стоматология: Оқулық/ Т.Г. Робустова редакциясымен –М.: Медицина, 2003)

{Курс}=6

{Семестр}=12