Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_shpora_Bakhi_versia_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
819.51 Кб
Скачать

07_01_Терапиялық стоматология қаз

$$$017

20 жастағы қыз бала тістерін тазалағанда, қатты тағамдар жегенде қызыл иектің ауырсынатынына және қанайтындығына, қызыл иектің ұлғайғандығына шағымданды. Объективті: қызыл иек бүртіктері және жоғары мен төменгі жақсүйектің қызыл иек жиектері ұлғайған, тіс сауытын 1/3 биіктікке дейін жауып тұр, көкшіл түске ие, тиіп кетсе қанайды, қызыл иек жиегі қалыңдаған, рельефі бұзылған, жалған қалташалар анықталды, тіс-қызыл иектің бекуінің тұтастығы сақталған, тістерде жұмсақ тіс қағы бар. Осы патологияда қандай дәрі-дәрмектерді тағайындау орынды болып саналады:

А) Метрогил-Дента гелімен қызыл иекке аппликация

В) Камисад гелімен қызыл иекке аппликация

С) Протеолитикалық ферменттермен қызыл иекті өңдеу

D) Гепарин жақпа майымен қызыл иекке аппликация

Е) 0,06% хлоргексидин ерітіндісімен қызыл иекті өңдеу

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_01_Терапиялық стоматология қаз

$$$018

34 жастағы науқас тамақ ішкенде, сөйлескенде пайда болатын ауру сезіміне, ауызда ашып ауыратын эрозиялардың пайда болуына шағымданды. Осыған ұқсас жаралар жылына 2-3 рет (күзде және көктемде) төрт жыл бойы шығып келе жатқан туралы айтты. 7-10 күнде өздігінен жазылып кетеді. Анамнезден: үйдегі шаңға аллергиясы бар, асқазан-ішек ауруымен (дисбактериоз) ауырады. Регионарлық лимфа түйіндері аздап ұлғайған, пальпация кезінде ауырсынады. Ауыз қуысында тілдің оң жақ бүйір беткейінде және өтпелі қатпарының сол жағында ақ-сұр қағымен жабылған, көлемі 0,5-0,6 см, дөңгелек формалы, гиперемияланған жиекпен қоршалған эрозиялар байқалады. Осы аурудың салыстырмалы диагностикасын қандай патологиямен жүргізу керек:

А) біріншілік мерез

В) трофикалық жара

С) созылмалы қайталамалы герпестік стоматит

D) көптүрлі экссудативті эритема

Е) жаралық-некротикалық стоматит

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделілік }= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_01_Терапиялық стоматология қаз

$$$019

32 жастағы науқас 1 күн бұрын пайда болған тамақ ішкенде, сөйлескенде, ауызда ауырсыну туғызатын, ашитын жараларға шағымданды. Атап өтерлігі мұндай жағдай 2-3 жыл бойы жылына 1-2 рет пайда болып отыратынын атап өтті, өз бетінше емделген. 3 күн бұрын созылмалы тонзилиттің өршуіне байланысты ЛОР-дәрігерге қаралған. Объективті: ауыз қуысында қатты таңдайдың сілемейлі қабығында 2 ауырсыну туғызатын шекаралары ұсақ фестонды (тегіс емес), пішіндері дұрыс емес, ашық қызыл түсті, өлшемі 0,8х0,5 см эрозиялар анықталды. Қоршап жатқан сілемейлі қабық аздап қызарған, ісінген. Осы патологияда цитологиялық зерттеулердің нәтижелері:

А) Құрылымсыз массалардың көп болуы, эритроциттердің және ыдыраған нейтрофилдер көптігі

В) Тцанк акантолитикалық жасушалары

С) Фузобактериялар және спирохеталар, терең ыдырау сатысындағы нейтрофилдер

D) Пирогов-Лангханс алып жасушалары

Е) Алып көп ядролы жасушалар

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)

{Курс}=6

{Семестр}=12