Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_shpora_Bakhi_versia_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
819.51 Кб
Скачать

07_01_Терапиялық стоматология қаз

$$$013

20 жастағы науқас тістерінде пигментті дақтардың бар екендігіне шағымданды. Анамнезден: тістің түстерінің өзгеруін балалық шақтан байқаған, осыған ұқсас тістегі түстің өзгерулері туыстарында да байқалады. Тексергенде барлық тістердің кіреукесінде көптеген ұсақ бортәрізді, кейбір аймақтарында пигментті дақтар бар. Дақтар тістердің барлық беткейлерінде кездеседі. Дақ аймағындағы кіреуке тегіс, жылтыр, зақымдалған аймақтардың беткейінде зонд сырғанайды (тірелмейді), метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды. Бұл аурудың ықтимал себептері:

A) қалқанша безінің патологиясы

B) ауыз суында фтор мөлшерінің шамадан тыс көп болуы

C) көмірсуларды шамадан тыс көп қолдану

D) сәби кезінде тетрациклин қабылдау

E) ауыз қуысының нашар гигиенасы

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_01_Терапиялық стоматология қаз

$$$014

36 жастағы науқас жоғары жақсүйектің тістерін тазалағанда жоғары сезімталдығына шағымданды. Тексергенде жоғары жақсүйектің сүйір және кіші азу тістер вестибулярлы беткейлердің мойын аймағында көлденең қимасында ұшбұрыш пішінді ақаулар табылды, қабырғалары тегіс және нығыз. Сүңгілегенде сезімталдық туындайды. Осы аурудың салыстырмалы диагностикасын қандай патологиямен жүргізу керек:

A) Жүйелі гипоплазия, жүлгелік түрі

B) Тістің қатты тіндерінің эрозиясы

C) Сына тәрізді ақау

D) Жергілікті гипоплазия

E) Тіс флюорозы, эрозиялы түрі

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_01_Терапиялық стоматология қаз

$$$015

35 жастағы науқас санация мақсатымен дәрігерге келді. Тексергенде 4.7 тістің медиалды – шайнау беткейінде қою-қоңыр түсті бір ғана пигменттелген дақ анықталды, дақтың өлшемі 5 мм2, беткейі бұдыр, зонд тұрып қалмайды. Қолданылатын тактика:

A) Динамикалық бақылау

B) Дақты егеп-тазалап, пломба қою

C) Реминералдау терапия

D) Фторлак жағу

E) Дақты егеп-тазалап, үстіне кіреуке сезімталдығын төмендететін құралдармен аппликация жасау

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)

{Курс}=6

{Семестр}=12

07_01_Терапиялық стоматология қаз

$$$016

37 жастағы науқас тіс шөгінділеріне, тіс тазалағанда қызыл иектің қанайтындығына, ауыздан сасық иіс шығатынына, тістердің жалаңаштануына шағымданды. Аталған белгілер бірнеше жылдар бойы мазасын алған. 2 жыл бұрын қызыл иекті емдеу үшін курс алған. Объективті: қызыл иектің сілемейлі қабығы цианоздалған, ісінген, қызыл иек шеттері борпылдақ, сүңгілегенде қанайды, пародонталды қалташаларының тереңдігі 4-5 мм, ішінен серозды-ірің экссудат бөлініп тұр. Тіс түбірлері ұзындығынан 1/3 дейін біркелкі емес жалаңаштанған, тістер қозғалғыштығы 1-2 дәрежелі. Қызыл иек үсті және қызыл иек асты қатты тіс шөгінділері бар, көлемі айтарлықтай. Рентгенограммада: альвеолярлық аралықтардың биіктігі ½ дейін біркелкі емес төмендеуі, кортикалды пластинканың тұтастығы бұзылған, остеопороз белгілері. Аталған ауруды кешенді емдеу жоспарына келесі хирургиялық әдістер кіруі керек:

А) Гингивотомия

В) Жартылай гингивэктомия

С) Радикалды гингивэктомия

D) Кюретаж

Е) Құрақ операция

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілік}= 3

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. және т.б. Терапиялық стоматология. – М., 2007)

{Курс}=6

{Семестр}=12