Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_shpora_Bakhi_versia_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
819.51 Кб
Скачать

07_04_ Ортодонтия _каз

$$$146

3 жасар балада ұйықтаған кезінде қолын басының астына қойып, төменгі жаққа басып жататын жағымсыз әдеті пайда болды. Кандай патология қалыптасуы мүмкін және неге:

А) Ұйықтаған кезінде төменгі жаққа қолын басып жататын жағымсыз әдетінің себебінен жоғарғы жақтың тарылуы

В) Ұйықтаған кезінде қолын басының астына қойып, төменгі жаққа басып жататын жағымсыз әдеті себебінен жақ-бет аймағының бұлшық ет тонусының өзгеруі

С) Ұйықтаған кезінде қолын басының астына қойып, төменгі жаққа басып жататын жағымсыз әдеті себебінен астыңғы жақтың бір жаққа ығысуы

D) Ұйықтаған кезінде қолын басының астына қойып жататын жағымсыз әдеті себебінен жоғарғы жақтың тарылуы

Е) Ұйықтаған кезінде қолын басының астына қойып жататын жағымсыз әдеті жоғарғы тіс қатарының тарылуы

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі} =3

{Оқулық}= (Персин Л.С. Ортодонтия.-2004ж.)

{Курс}= 6

{Семестр}= 12

07_04_ Ортодонтия _каз

$$$147

Науқас 12 жаста. Алдыңғы бөлімінде тістердің түйіспеуіне шағымданып, клиникаға қаралды. Анамнезінен: 10 айға дейін омыраумен емізілген, ұзақ уақыт төменгі ернін тістеп жүрген. Қарау кезінде бет конфигурациясының бұзылуы анықталды: беттің төменгі үштен бірінің ұзаруы, мұрын ерін және иек қатпарының тегістелуі, еріндерінің түйіспеуі. Жоғарғы жақ алдыңғы бөлімі ұзарған, төменгісі біраз жалпайған, альвеоляры өсінділері жоғарғы жақта аса дамыған. Диагноз қойыңыз, және аталған патологияда тіс жақ жүйесінің қай қызметі бұзылған:

А) Айқас тістесу, тыныс алу қызметінің

В) Терең тістесу, жұтыну қызметінің

С) Терең тістесу, сөйлеу қызметінің

D) Ашық тістесу, шайнау қызметінің

Е) Ашық тістесу, тістеу қызметінің

{Дұрыс жауап} = Е

{Күрделілігі} =3

{Оқулық}= (Персин Л.С. Ортодонтия.-2004ж.)

{Курс}= 6

{Семестр}= 12

07_04_ Ортодонтия _каз

$$$148

Ата-анасы ортодонтқа баласының балабақшада алдын-ала тексеру кезіндегі тістесуінің бұзылуының анықталғанына шағымданды. Қараған кезде: табылды: беттің үштен бір бөлігінің кішіреюі, беттің ортаңғы үштен бір бөлігі алдыға қарай шығыңқы, ауызды жартылай ашық, еріндері түйіспеген, жоғарғы күрек тістері астыңғы еріннің үстінде орналасқан. Диагноз қою үшін қандай клиникалық сынаманы таңдаймыз және неге?

А) Ильин-Маркосян сынамасы, өйткені прогнатиялық тістесу диагнозын қоюда қолданады

В) Гельман сынамасы, өйткені прогениялық тістесу диагнозын қоюда қолданады

С) Эшлер-Битнер сынамасы, өйткені прогнатиялық тістесу диагнозын қоюда қолданады

D) Кулаженко сынамасы, пародонтит диагнозын қоюда қолданады

Е) Хорошилкина сынамасы, прогениялық тістесу диагнозын қоюда қолданады.

{Дұрыс жауап} = А

{ Күрделілігі } =3

{Оқулық}= (Персин Л.С. Ортодонтия.-2004ж.)

{Курс}= 6

{Семестр}= 12

07_04_ Ортодонтия _каз

$$$149

17 16 15 14 12 13 11: 21 22 23 24 25 26 27

47 46 45 44 43 42 41: 31 32 33 34 35 36 37

17 16 15 14 12 13 11: 21 22 23 24 25 26 27

47 46 45 44 43 42 41: 31 32 33 34 35 36 37

Бұл екі формуласы не байланыстырады?

А) Диастема

В) Адентия

С) Транспозиция

D) Ретенция

Е) Тортоаномалия

{Дұрыс жауап} = С

{Күрделілігі } =3

{Оқулық}= (Персин Л.С. Ортодонтия.-2004ж.)

{Курс}= 6

{Семестр}= 12