Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_shpora_Bakhi_versia_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
819.51 Кб
Скачать

07_01_ Терапиялық стоматология _каз

$$$011

Әйел 52 жаста, тілдің ұшында және бүйір беткейіндегі тұрақты күйдіру сезіміне шағымданады. Күйдіру таңертең пайда болады және кешке таман күшейеді, тағам қабылдау кезінде басылады. Өзін бір жылдай сырқатпын деп санайды. Аурудың болуын алмалы – салмалы протезді орнатуымен байланыстырады. Анамнезінде: анацидті гастрит, жатыр фибромиомасы бойынша операция, гипертоникалық аурудың II дәрежесі, нашар ұйқы, қорқыныш сезім. Объективті: тіл сәл ісінген, тіл арқасында –аз мөлшерде ақ қақ, жіптәрізді емізікше атрофиясы. Қалған шырышты қабат патологиялық өзгеріссіз. Жұтыну-тор рефлекс төмендеген. Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) Кандидозды глоссит

В) Пластмассаға аллергиялық реакция

С) Гюнтер-Миллер глоссит

D) Глоссодиния

Е) Тіл жүйкесінің невриті

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}= 2

{Окулық}= (Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./Под ред. Г.М. Барера.- М.; ГЭОТАР-Медиа. Ч.3:Заболевания слизистой оболочкиполости рта.-2005.)

{Курс}=6

{Семестр}=11

07_01_ Терапиялық стоматология _каз

$$$012

Ер адам 45 жаста төменгі еріннің қызыл жиегінде ауырсынбайтын ақшыл түсті ошақтың болуына шағымданады. Объективті: төменгі ерін қызыл жиегінің оң жағында ортасына жақын шектелген ошақ полигональды түрі 0,5-1,0 см өлшемінде анықталады. Зақымдалу ошағының беткейі ақ-сұрғылт түсті және тығыз жататын ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ошақ сәл түскен, қоршаған тіндер өзгеріссіз. Өзгерген ошақтың пальпациясы ауырсынбайды, негізінде қалыңдауы анықталмайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) Қызыл жегі

В) Кандидозды хейлит

С) Лейкоплакия, жалпақ формасы

D) Шектелген обыралды гиперкератоз

Е) Қызыл жалпақ теміреткі

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделілігі}= 2

{Окулық}= (Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./Под ред. Г.М. Барера.- М.; ГЭОТАР-Медиа. Ч.3:Заболевания слизистой оболочки полости рта.-2005.)

{Курс}=6

{Семестр}=11

07_01_ Терапиялық стоматология _каз

$$$013

Науқас С, 63 жаста, тілдің ерекше түріне, ашы және ыстық тағам қабылау мүмкін еместігіне шағымданады. Бірінші рет қатты, ыстық тағам қабылдау кезіндегі тіл күюіне назар аударғаннан бастап, бір ай бойы өзін сырқатпын деп санайды. Объективті: ауыз қуысында жоғарғы жақта альвеолярлы өсіндінің біркелкі, айқындылығы орташа дәрежедегі атрофия. Тілдің бүйір беткейіндегі шырышты қабатында гиперемия және ісіну фонында өлшемі 2-3 мм табақшалар немесе қосылған түйіншектер анықталады, ошақтар ақ-сұр түсті, папоротник жапырақтарының суретіндей қосылған. Қыру кезінде қақ алынбайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) Қызыл жалпақ теміреткі

В) Қызылжегі

С) Аллергиялық стоматит

D) Ауыз қуысының шырышты қабатының кандидозы

Е) Жалпақ лейкоплакия

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}= 2

{Окулық}= (Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./Под ред. Г.М. Барера.- М. ; ГЭОТАР-Медиа. Ч.3:Заболевания слизистой оболочки полости рта.-2005.)

{Курс}=6

{Семестр}=11