Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайн уже.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.19 Mб
Скачать

3. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның өзектілігі:

Қоқыс еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – Табиғатымыздың тікелей адам заттың іс – әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Қоқыс көбеймесе азайматыны бұл анық. Мемлекетіміздің экологиялық жағдайы тым әлсіреп тұр. Ауруын жасырған өледі ақиқатын айтсақ қасиетті қазақ даласын алып күл – қоқыс алаңына айналып бара жатқаны ащщы шындық.

ХХ – ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Ұлан байтақ Қазақстанның бір бөлшегі – Ақтөбе қаласы. Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайы мәз емес. Ақтөбе қаласы лас қалалардың ішінде орнын ойып 4 – ші орынға тіркелген.

Диаграмма 3.1

Қазақстан Республикасының статистикалық ақпарат агенттігінде көрсетілгендей Ақтөбе қаласы қоқыс полигондарының ең көп ондық қатардың 5 – шісіне тіркелген (диаграмма 1.2). Әрине жақсы көрсеткіш емесі анық. ҚР президентінің жолдауында миллионға қала санын жеткізу жарлығында Ақтөбе қаласының тізімде бары бәрімізге белгілі. Миллионға жетпей тұрып, қоқыс мәселесінің алдын алу қажет. Бұл әрбір қала тұрғынын алаңдататыны анық.

Диаграмма 3.2

Бұндай жағаны ұстататын диаграммалар мен статистикалар мені алаңдатпай қоймады. Қаламыздың тынысы тарлап, халқымыздың өмір түсіруінің қолайсыздығына шек қоятын кез келді. Бұл көрсеткіштер айдаһардың бірінші басы.

Диаграмма 3.3

Осы уақытқа дейін Қазақстан аумағында 43млрд тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Соның 600 млн тоннасы улы. Ал бұл ретте жыл сайын жинақталатын қатты тұрмыстық қалдықтар 700 млн тоннаға ұлғаюда. Ақтөбе қаласында 1млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған.

Қаламызда бүгінгі күні 2 үлкен полигон бар. Диаграммада (диаграмма 1.3) Ақтөбе қаласының халық санының өсу серпінінің оң көрсеткіші берілген. Бұл дегеніміз қоқыс саны жыл сайын 2 есе артып отырады деген сөз. Диаграммадағы қорытындылар бойынша қала халқының жыл бойына қанша қалдық келетінін есептеуге болады.

Сурет 3.1 – Ақтөбе қаласындағы қалдықтар саны

Жоғарыдағы статистикаға көз жүгіртсек (сурет 3.1) Ақтөбе қаласындағы соңғы 2016 жылғы тұрмыстық қалдықтардың жиналуы. Яғни жыл сайын миллионнан астам қоқыс шығарылады. Оларды қайда жібереді деген сұрақ туындауы мүмкін. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс шығарумен айналысатын ЖШС жерге көміп қалғанын өртейді. Ақтөбе қаласының жағдайы мәз емес.

Осы саланы түбегейлі зерттей келе қандай қоқыс бәрінен зиянырақ деген сұрақ туындады. Сұрағыма жауап іздей келе түгелдей зерттеп шықтым және бұл сұрақтың жауабы төменгі 3.4 диаграммада көрсетілген.

Диаграмма 3.4

3.4 диаграммада политилен қалдықтары көш бастап бірінші орында тұр. Бұндай қатты тұрмыстық қалдықтар мәңгі материлғо шірімейді де, дәнеңе етпейді. Полимер қалдықтары топыраққа 500 жыл бойы сіңбей, және жердің барлық құнарлығын өз бойына жинап алады. Жер содан кейін не жайылымдылыққа, не егіншілікке жарамай қалады. Бұндай қоқыстарды жерге тастамай көзін жою керек дейді ғалымдар. Бұл мәселені шешудің жалғыз ғана жолы бар: тұрмыстық қатты қалдықты қайта өңдейтін зауыт салу және оны тез арада іске қосу.

Жалпы қоқыс өңдеу ісі үлкен табыс әкелетін пайдалы сала. Әлемде “Қоқыс ханшайымы” (мусорная королева) атанған қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы қоқыстарды өңдеу арқылы тапқан. Не жоғарғы білімі жоқ, не сүйенер адамы жоқ, тапқаны тамағынан артылмайтын Чжань қалталы азаматтар қатарына қосқан. Біз ұсақтарды ескере бермейміз.

Тек осы іске бәс тігіп, қолға алатын қазақстандықтар аз. Әрине, қоқыстың барлық түрін өңдеу үшін аз қаржы кетпейді. Оларға керекті техникалық құралдардың бағасын қалтамыз көтере бермесі белгілі. Ал егер қоқыстың бір түрін өңдейтін болсақ, табысқа жетеріміз анық. Айталық, қазіргі кезде қоқыстан ең көп табылатын заттардың денін полимерлер құрайды. Бұдан табыс табудың алғышарттары қандай? Қазақстанда қоқыс өңдеуде бәсекелес орта болмағандықтан, еңбектенген жанның қаржысыз қалмайтыны анық. Өйткені 1 кг болатын пластик құтылардан өңдеуден 0,8 келі сұрыпты зат алынатынын ескерсек, кеткен шығынның қайтарылатынына күмән жоқ.

Жобаның тұжырымдамасы:

Жобаның тұжырымдамасы жоғарыда айтылған өзектіліктерді ескере отырып, Ақтөбе қаласында қалдықтарды жинау және қайта өңдеу мақсатында шағын зауыт құру.

Шағын зауыттың негізгі қызмет түрі тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп шикізат шығару және оны тұтынушыларға сату болып табылады.

Нысаналы топтар мыналар:

  • Қызмет нәтижелерінде әртүрлі пайда болатын өнеркәсіп кәсіпорындары, ұйымдар және т.б

  • Халық

Жобаның экономикалық көзқарас жағынан мыналарға әсер ететін болады:

  • Ақтөбе облысының бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне

  • Кәсіпорындардың ҚТҚ – өңдеудің заманауи қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қоқысты қайта өңдеу кәсібінің соның ішінде полимер қалдығы саласымен айналысудағы тиімділіктер:

  1. Қолданылатын өнім сатып алынбайды.

  2. Өндіріс механизімі толық автоматтандырылған

  3. Шығын аз

  4. Бәсекелестер мүлде жоқ

  5. Полимер өнімінің құрамына кіретін заттардың көптігі(пластмасса, пвх,полиэтилен,пакет т.б)

Қоқысты қайта өңдеу кәсіпорнының басқа кәсіпорындардан артықшылықтары:

  1. Жұмысшы саны аз

  2. Химиялық улы газдар шықпайды

  3. Қалдықтар шықпайды

  4. Тұтынатын өнімнің құны тұрақты

Жобаның бағыты: Полимер өңдеу технологиялық желісіне негізделген шағын қоқыс өңдеу зауытын салу

Жобаның басты қағидасы - жаңа кәсіпорын құру.

Негізгі міндеті - Ақтөбе қаласынан қоқыс полигонына шығарылатын қоқыс көлемін азайту және экологияны сауықтыру. Ол үшін мына қызметтермен айналысады:

- екінші реттік шикізат жасау үшін іріктеу және осы шикізатты тұтынушыларға ақырғы өнім алу және пайда табу үшін сату;

- іріктелген екінші реттік шикізаттан ақырғы өнім жасау.

Жобаның әсері:

- қаланың санитарлық жағдайының жақсаруы, қаланың экологиялық жағдайының жақсаруы;

қалдықтарды көму және қалдықтарды сақтаудың экологиялық салдарын жою шығындарының төмендеуі;

- қалдықты іріктеу мен өңдеу көлемі мен өнімділігінің артуы;

- қалдықтан алынатын екінші реттік шикізаттың сапасын арттыру;

- полигон ретінде қалдық көмуге арналған жер алаңын ұлғайтудың баяулауы;

- қалдықты іріктеу мен өңдеу өнімділігінің артуынан екінші реттік шикізатты сатудан түсетін пайданы арттыру.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]