- •Қалдықтардың статистикалық сипаттамасы
- •Полимер қоқысының жалпы сипаттамасы және химиялық, физикалық қасиеттері
- •1.3 Полимер қалдықтарының режимдік параметрлерін және физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу
- •1.4 Жобаның маңыздылығы мен пайдалылығы
- •Іі техникалық бөлім
- •2.1 Өндірістің автоматтандырылған фуңционалды сұлбасы
- •2.2 Өндірістің принципиялды сұлбасы
- •2.2.1 Үздіксіз көлік механизмдерінің тағайындалуы және құрылысы
- •2.2.2 Конвейер қозғалтқыштары қуатын есептеу.
- •2.2.3 Конвейер электр жетектерін автоматты басқару
- •2.3 Өндірістің құрылымдық сұлбасы
- •1. Резюме
- •3. Жобаның тұжырымдамасы
- •3.1 Кәсіпорын қызметі
- •3.2. Орналасқан жері, заңды мекен - жайы, құқықтық формасы
- •3.3. Инфрақұрылым
- •3.4. Негізгі құралдар
- •4. Кәсіпорын өнімі
- •4.1. Өнімнің сипаттамасы
- •5. Нарықтағы жағдайды талдау. Бәсеке
- •5.1. Ақырғы өнімді өткізуді дамытудағы кәсіпорын стратегиясы
- •5.2. Баға саясаты
- •6. Маркетинг
- •6.1 Кесте – Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық өнеркәсіптік қалдықтарды жинау саласында қызмет көрсететін компаниялар тізімі
- •6.2 Кесте – Өңделген шикізатты Ақтөбе бойынша
- •7. Техникалық жоспарлау
- •7.1 Сурет – Қалдықтармен жұмыс жасау процессі
- •8. Өндірістік жоспар
- •9. Қаржылық жоспар
- •Автоматтандыру құрылғылары
- •Күрделі салым есебі
- •Айналым құралы
- •Б) Өнімді сатудан түсетін түсім есебі
- •Басқа шығындар
- •Өзіндік құн есебі
- •Жеке тұлғалардан алынатын салықтар есебі
- •Тиімділік көрсеткіштері
- •Техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- •IV еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •4.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •Қоршаған ортаны қорғау шаралары және экология
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.4 Жобаның маңыздылығы мен пайдалылығы
Менің зерттеп, зерделеп жатқан тақырыбым «Ақтөбе қаласындағы қоқысты қайта өңдейтін шағын зауыттың бизнес » тақырыптын өзі көкейтесті болғандықтан одан әртүрлі проблемаларды көруге болады. Өзімнің көрген проблемарымды шығарып және оның шешу жолдарын ұсындым. Тың идеялар мен тың бастамалар қазіргі қоғамға ауадай қажет екенін ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтқан болатын.
Проблемалар
Мен бұндай маңызды тақырыпты алып қандай пайда әкеле алам? Болашақта бұл қажетпе деген сұрақтарға жауап беретін боламын.
Экологиялық
Экономикалық Адами құндылық
Шешу
жолдары
Экологиялық проблема:
Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады.
Жоғарыда данагөй қазақтың «ат аунаған жерде түк қалады» деген қанатты қағидасын да айттық. Бұл аттың түгі де, қойдың қиы да, қысқасы, адамнан басқа сан мың тіршілік иесінің табиғатқа қалдыратын қалдықтары зиянсыз, қайта топырақ құнарын арттыратын тыңайтқыш деген сөз. Ал адам баласының табиғатқа тастайтын ҚТҚ-лары Жер-ананың денесіне жабысқан жылдар бойы табиғатқа жазылмас жара салатын дертпен тең. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі палиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Бұндай қоқыстар тек қана жердің құнарын ғана емес сонымен қатар ауаның ластануында құртады. Ластанған облыстар ішінде Ақтөбе қаласы көш бастап тұр. (диаграмма 1.4.1)
Диаграмма 1.4.1 ҚР-дағы ластанған қалалар деңгейі
Шешу жолы:
Егерде Ақтөбе қаласында қоқысты қайа өңдеу зауыты тұрғызылса, соның ішінде атап айтқандай ең зияны полимер қоқысын қайта өңдеп кәдеге жаратсақ, Атмосфераның және литосфераның құртылуын 10% ға дейін төмендетеміз. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
Экономикалық проблема:
Қазіргі уақытта экономикамыз өте әлсіреп тұр. Дағдрыс барлық әлемде болып жатқаны айдан анық. Теңгеміз құлдырап, АҚШ – тың долларына бағынышты болып отыр. Дональд Трамтың «егер Америка құрама штаты түшкірсе барлық әлем гриппен аура бастайды» деген сөзі бізгеде келіп тұмауратып жатқан секілдіміз. Бірақ бұл тұмауға қарсы күресу үшін елде жаңа бастамалар ұсынып, шетелдің азаматтарына бағынышты болмай жаңа бизнестер ашу қажет деп ел президентінің өзі айтқан болатын. Ел қазынасын толтырар да осы кәсіпкерлер болмақ.
Шешу жолдары:
Жұмыссыздықты жоюға шағын зауыт үлесін қоспақ.
«Алыстан арбалағанша, жақынан дорбала» бұл сөзбен не түсіндірмекпіз, Шағын зауыт шығарған шикізатты Қазақстан өңіріндегі алпауыт зауыттар енді Рессейден тасымай өзімізден тұтынбақ.
Дағдарыстың алдын алу.
Бәсекелестікті арттыру.
Адами құндылық:
Бұл жобада жаңашыл идея ұсынбақпыз. Шашылып, тау – тау болып жатқан қоқысты шығаратын да, шашатын да қарапайым халық екенін ескеру қажет . Сол себепті халықты жаңашыл механизімге үйрету қажет. Кейде тіпті қарапайым қоқысты арнайы контейнерлерге де ретпен салмайтыны айдан анық. Бұл кезде Адами құндылықтың әлдеде азырақ екенін байқауға болады. Өйткені қарапайым халықта қоқыс деген сөз лас тұжырым болып қалыптасқан. Одан үлкен табыс көзін көруге болатынын дәлелдеу қажет. Біздің шағын зауыт полимер қалдықтарын өңдейтін болғандықтан арнайы контейнер орнату қажет (сурет – 1.4.2). Сол контейнерге сұрыптап салатында халық болмақ. Дамыған мемлекеттерде бұл керемет жүйе толығымен қалыптасқан.
Сурет 1.4.2 - Контейнерлер
Шешу жолы:
Ақтөбе политехникалық колледжінде, тиісінше өзімнің оқу орнымда «Планетаңның тазалығына өз үлесіңді қос! » атты дөңгелек үстел өтті. Студенттерге қоқыстың қаншалықта планетамызды ластап жатқаны туралы ақпарат бердік. Тазалықтың өзіңнен басталатынын айтып, түрлі трейненгтер өткізілді. Жаңадан ұсынылып жатқан тың идеямен таныстырдық. Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста деген ұранмен насихаттадық. Нәтиже қандай болды? Нәтижесінде студенттер жаңа механизімнің тиімді екенін, тезірек бұны енгізу керектігін қолдайтынын айтты.
Сурет 1.4.3
Сурет – 1.4.4
Сурет – 1.4.5
