Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайн уже.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.19 Mб
Скачать

1.3 Полимер қалдықтарының режимдік параметрлерін және физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу

Қазіргі уақытта Қарағанды қ. қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) түзетін барлық көлемі қалалық қоқысқа шығарылады және сұрыптау және өңдеусіз көміледі. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының деректері бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарында қоқыстарда 4,4 мың тонна ҚТҚ, ал 2008 жылы шамамен 900 мың тонна көмілген.

Қоқыстың мұндай көлемі облыста антисанитарлық, экологиялық қауіпті ахуалдың құрылуына ықпал етеді. Сондықтан да қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату мүмкіндігімен қоқыс өңдеу зауытын жобалау мен салу қажеттілігі туындап отыр.

Морфологиялық құрамды талдау Ақтөбе қаласындағы ҚТҚ куб метрінде (2.1-кесте): 21,2% қағаз, 25,2% тамақ қалдықтарының, 6% тоқыма бұйымдарының, 4% металлдың, 4% шыны, 21% пластмасса және қалдықтардан тұратын полимердің бар екендігін көрсетіп отыр. Мұндағы полимерлік қалдықтардың үлесі жалпы массада өсіп отыр.

Әртүрлі мақсаттағы ыдыстар мен сыйымдылықтар, тұрмыстық, дағдылы заттар мен техникалық бөлшектер түрінде шығарылатын бастапқы полимерлер мен олардың композицияларынан жасалатын бұйымдарды шығару өсті.

Таңдалған жаңа материалдарды зертханалық орталықтарда сертификаттау мақсатында ресімдеу.

ТМД (Ресей, Украина, Беларуссия және басқ.) елдерінде, алыс шет елдерде (АҚШ, Жапония, Германия және басқ.) одан әрі қайталама полимерлік бұйымдар мен жабындар алу үшін ҚТҚ полимерлік компоненттерін алу мақсатында ҚТҚ кешенді өңдеумен айналыспайды. Бұл елдерде жылу энергиясы мен электр энергиясын алу мақсатында ҚТҚ жағу үдерісі басым келеді.

ТБЖО кәдеге жаратудың негізгі мақсаты қалалардағы экологиялық ахуалды жақсарту және қалдықтармен айналысудың, қалдықтарды зарарсыздандыру және кәдеге жарату жөніндегі өндірістік инфрақұрылымды құрудың үдемелі технологиясын пайдалану негізінде ҚТҚ басқарудың заманауи жүйесін ұйымдастыру жолымен халықтың денсаулығын тұрақты жақсарту болып табылады.

Ол бір уақытта қалдықтарды зарарсыздандыру және кәдеге жарату, соның ішінде шағын және орта бизнесті тарта отырып индустрияны дамыту бойынша инвестициялық қызметті ынталандыруды талап етеді. Ол Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес, оның міндеттерінің біріне ресурсты және энергия үнемдеуші технологияны енгізу негізінде қалдықтарды өңдеу және дүние жүзілік пайдалану бойынша шаруашылықтандыру субъектілерінің қызметін ынталандыру жатады.

Осы міндеті Астана қаласында ҚТҚ өңдеу және кәдеге жарату зиянсыз технологиялық процестерін енгізу жөніндегі талапты құру қажеттілігін қояды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату өзімен ҚТЖСӨҚКЖ шаруашылық-экономикалық қызметінің бөлігін білдіреді.

Оның мақсатына қалдықтардың түзілуін кемітуді, ҚТҚ шикізат ретінде шаруашылық айналымына молынан тартуды, қоршаған ортаға қалдықтардың жағымсыз әсерін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Ақтөбе қаласындағы, сондай-ақ басқару қызметінің басқа да жақтарындағы ҚТЖСӨҚКЖ Қазақстан Республикасының заңнамалық және атқарушылық өкіметінің, әкімшілік аумақтардың басқару органдарының қолданыстағы жүйелерінің функцияларында көзделген. Ақтөбе қаласында ҚТЖСӨҚКЖ ұйымдастыруды зерттеу және талдау, қазіргі уақытта қалада қолданылатын қалдықтармен айналысу әдістері уақыт талабынан біршама кейін қалды, қоршаған орта сапасының тұрақтылығына және аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйіне ықпал етпейді. ҚТҚ жинау жыне шығару әдістері қазіргі уақытта елді-мекеннің мәртебесіне тікелей байланысты. Сондықтан да қазіргі мәселелер қалыптасқан ҚТҚ басқару әдістері, ұйымдастыру мен жүзеге асыру стилін жаңғыртудың, осы мақсатта экономикалық дамыған мемлекеттердің тәжірибесін енгізу және пайдаланудың жүйелік тәсілі арнасында жатыр.

ҚТЖСӨҚКЖ қазіргі жағдайының күрделігіне коммуналдық сала кәсіпорындары өндірістік объектілерінің әлсіз механикалық жарақталуы мен техникалық артта қалушылығы, Астана қаласында ҚТҚ зарарсыздандыру мен кәдеге жарату үшін қажетті инфрақұрылымының жоқтығы, қалдықтардың пайдалы компененттерін өңдеу жөніндегі өндірістің дамымауы елеулі әсер етеді.

Ресми түрде ҚТҚ көлемі полигонда машиналар санын және қоқысқа әкелінетін қоқыстың көлемін есепке алу негізінде анықталады.

Есептік деректер бойынша 1972 жылдан бастап оны пайдаланудың барлық кезеңінде полигонда көмілген қалдықтардың жалпы көлемі, ҚТҚ ғана емес, сондай-ақ өндірістік (өнеркәсіптік) және құрылыс қалдықтарын қоса 16 миллион мЗ құрады.

ҚТҚ құрамына 4 негізгі компонент – қағаз тамақ қалдықтары, пеш отынының қалдықтары (күл, қож), пластмасса қалдықтары кіреді. Осы төрт компонент көлемдік қатынаста барлық құрамның 80% астамын құрайды. «Астана Горкоммунхоз» АҚ деректері бойынша соңғы жылдары пластмасса қалдықтарының нормасы жалпы құрамда біршама өсті.

Бастапқыда өнеркәсіптік қатты қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу және көму жауапкершілігі әрбір кәсіпорынға жекелеп жүктелген. Осылайша, қауіпті

қалдықтар қалдықтарды шығаратын көздердің өзімен қауіпсіз деңгейге дейін өңделетін болады.

Ақтөбе қалдықтарды басқару жөніндегі заманауи талаптарды талдау нәтижесінде шешуді талап ететін келесі мәселелерді қазіргі сәтте, сондай-ақ келешекте бөліп көрсетуге болады:

- қазіргі қалдық полигондарының кемшіліктерін жою;

- қазіргілеріне техникалық қызмет көрсету және қалдық жинау жөніндегі жаңа техниканы жеткілікті көлемде сатып алу;

- қоқыстардың заңсыз орындарын бақылау;

- өнеркәсіптік, сонымен қатар ауруханалық қауіпті қалдықтарды басқару жүйесін орнату.

«Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон» сәйкес тұрғындарының саны 500-700 мың адамнан тұратын қалалар үшін есептік пайдалану мерзімі 15 жылға полигонды қоймалаудың бағдарланған алаңы ҚТҚ 20 метрлік биіктікке қоймалаған кезде 41-61 шегінде болуы тиіс.

Аталған мәселені шешу үшін бүгінгі күні Испания технологиясы бойынша ауданы 50,4 га жерде 4 ұяшықтан тұратын жаңа полигон салынады. Қазіргі кезеңде көлемі 300х400 м бірінші ұяшық салынды, мұнда ұяшықтың құрамындағы ағындарды сүзгілеуді болдырмау үшін гидрооқшаулағыш көзделген.

ҚТҚ жинау және жеткізумен бірқатар кәсіпорындар айналысады, олар Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау депратаменті, Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті және қала аудандарының әкімдіктері келіскен қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары бекіткен Астана қ. ҚТҚ шығару жөніндегі қызмет көрсету шекарасын шектеу сызбасына сәйкес әрекет етеді: «Астана Горкоммунхоз» АҚ, «Техсервис Астана» ЖШС, «Тұрмыс» ЖШС және «Бану» ЖШС.

Қалдықтар саны және оларды көму көлемін қысқарту мәселесін табысты шешетін бірқатар батыстағы елдердің тәжірибесі, осы процесте қалдықтар санын бастапқы қысқарту жөніндегі әдісі маңызды орын алатынын, соның нәтижесінде ҚТҚ қайталама қысқарту кезінде қалдықтардың пайдалы компоненттерін сұрыптау және қайтара пайдалануды енгізу болып табылатынын көрсетті. Ал соңғы кезекте – көмусіз өңдеуге жатпайтын қалдықтарды көму және жою жөніндегі іс-шаралар, яғни қалалық полигоннан бас тарту.

Заманауи кезеңде кәдеге жаратудан кейінгі көмуге бағытталған ҚТҚ санын азайту, қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі озық технологиямен қуатты жасаумен қатар, қала бойынша қалдықтардың жинақталуының (түзілуінің) негізсіз нормасын орнату, ҚТҚ морфологиялық құрамын егжей-тегжейлі талдау жүргізілуі тиіс.

Ол сонымен қатар тұрақтандыруды қамтамасыз ету, одан әрі қоршаған ортаның қатты өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтармен ластануын қысқарту позициялары тұрғысынан маңызды. ҚТҚ жинақталуының (түзілуінің) негізсіз нормалары қала бойынша түзілетін қалдықтар есебінің нақтылығын қамтамасыз етеді, қалдықтармен айналысу жүйесін басқару мен дамытуды қамтамасыз етуге, талап етілетін инфрақұрылымды құруға күрделі салымдарды анықтауға байланысты экономикалық есептерді жүргізуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚТҚ жинақтаудың белгіленген нормасы жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіреді. Қазақстанда ҚТҚ жинақтау нормасын белгілеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 осы мәселе бойынша қаулысымен реттеледі.

ҚТЖСӨҚКЖ қаладағы ҚТҚ санын қысқарту, оның қоршаған ортаға жағымсыз әсерін қысқарту жөніндегі ұзақ мерзімдік келешектегі стратегиясы қалдықтарды басқарудың үдемелі әдістерін зерттеу мен пайдалануға ғана емес, сонымен қатар, олардың санын қысқартуға бағытталған әдістерді енгізуге, олардың морфологиялық құрамының өзгерісіне, оларды толық өңдеу немесе жою технологиясын енгізуге, яғни көму полигоны мен қоқыс сұрыптау зауыттарынан бас тартуға негізделуі тиіс.

Бізбен ұсынылған қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу бойынша зауыт құру жөніндегі жаңа технологиялық және техникалық шешімдерге жауап беретін экологиялық таза өндірісті дамыту қажет.

Қалдықтар түрлерін өңдеуді, кәдеге жарату, есеп пен бақылауды көздейтін ҚТЖСӨҚКЖ жүйесін дайындау.

Асқтөбе ҚТҚ көлемін ұлғайтудың тұрақты үрдісі, қалдықтарды орналастыруды жинау, өңдеу мәселелерін шешу, материалдық-техникалық базаның дамуы және саланың техникалық жарақтандырылуын жақсартудың маңыздылығы ҚТҚ есепке алудың тиісті жүйесін қамтамасыз ету қажеттілігін анықтайды. Заманауи кезеңде қалдықтар ағынын бағалау және олардың санын есепке алу ҚТҚ басқаруды тиісті ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Қалдықтарды өңдеу және зарарсыздандыру жөніндегі озық технологиялар қымбат тұрады. Қалдықтардың түзілуінің аталған есептері инфрақұрылымды дамытуды жоспарлау кезінде, полигондар үшін технология мен жабдықты анықтау немесе таңдау кезінде, полигон көлемі, автомашина маркалары мен түрлерін және қажетті тетістерді таңдау кезінде қажет.

Қалаларда қалдықтарды өңдеу технологиясы екі маңызды талаптарға жауап беруі тиіс: қоршаған ортаға ластайтын заттардың шығарындыларын азайтуды және қалдықтардан бағалы компоненттерді алуды арттыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Коммуналдық

қалдықтар полигоны

Сурет 1.3.1 – Қалдықтардың түзілу көзі

1.3.1 – сурет берілген қалалар бойынша қалдықтар қозғалысын басқарудың бас сызбасы тұрғындарының саны 500 мыңнан жоғары қалаларда қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі технологияның жоқтығы ҚТҚ полигондары мен қоқыс орындары алып жатқан алаңдардың өсуіне, қала мен оның маңындағы елді-мекендерде апатты қоқыс орындарының санының артуына алып келетінін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]