- •Қалдықтардың статистикалық сипаттамасы
- •Полимер қоқысының жалпы сипаттамасы және химиялық, физикалық қасиеттері
- •1.3 Полимер қалдықтарының режимдік параметрлерін және физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу
- •1.4 Жобаның маңыздылығы мен пайдалылығы
- •Іі техникалық бөлім
- •2.1 Өндірістің автоматтандырылған фуңционалды сұлбасы
- •2.2 Өндірістің принципиялды сұлбасы
- •2.2.1 Үздіксіз көлік механизмдерінің тағайындалуы және құрылысы
- •2.2.2 Конвейер қозғалтқыштары қуатын есептеу.
- •2.2.3 Конвейер электр жетектерін автоматты басқару
- •2.3 Өндірістің құрылымдық сұлбасы
- •1. Резюме
- •3. Жобаның тұжырымдамасы
- •3.1 Кәсіпорын қызметі
- •3.2. Орналасқан жері, заңды мекен - жайы, құқықтық формасы
- •3.3. Инфрақұрылым
- •3.4. Негізгі құралдар
- •4. Кәсіпорын өнімі
- •4.1. Өнімнің сипаттамасы
- •5. Нарықтағы жағдайды талдау. Бәсеке
- •5.1. Ақырғы өнімді өткізуді дамытудағы кәсіпорын стратегиясы
- •5.2. Баға саясаты
- •6. Маркетинг
- •6.1 Кесте – Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық өнеркәсіптік қалдықтарды жинау саласында қызмет көрсететін компаниялар тізімі
- •6.2 Кесте – Өңделген шикізатты Ақтөбе бойынша
- •7. Техникалық жоспарлау
- •7.1 Сурет – Қалдықтармен жұмыс жасау процессі
- •8. Өндірістік жоспар
- •9. Қаржылық жоспар
- •Автоматтандыру құрылғылары
- •Күрделі салым есебі
- •Айналым құралы
- •Б) Өнімді сатудан түсетін түсім есебі
- •Басқа шығындар
- •Өзіндік құн есебі
- •Жеке тұлғалардан алынатын салықтар есебі
- •Тиімділік көрсеткіштері
- •Техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- •IV еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •4.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •Қоршаған ортаны қорғау шаралары және экология
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
7. Техникалық жоспарлау
Қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау саласы қоғамдық игіліктің үлгісі болып табылады оған қоғамдық игіліктердің барлық бергілері тән:
Тұтынуда бәсекелестердің бөлінбейтіндігі, болмауы және иемденудің жоқтығы. Азаматтар мен азаматшалардың экологиялық қауіпсіздігі, қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау нәтижесіне байланысты болды. Сондықтан бұл сала мемлекеттің иелігінде.
Қалдықтарға жүгіну процессі бірнеше өзара байланысты кезеңдерді қамтиды:
7.1 Сурет – Қалдықтармен жұмыс жасау процессі
Біздің жоспарланған шағын зауыт үшін керекті қоқыс түрі бұл полимер. Іріктеу саласымен айналысатын қарапайым қала халқы болып табылады. Қала халқын бұндай тың идеяға қалай үйретуге болады деген сұрақтар туындайды?
Әкімшіліктің көмегіне жүгіне отырып немесе бірлесіп:
Халыққа тазалық өзіңнен басталатынын насихаттау
Студенттер және оқушылар арасында конференция өткізу
Әлеуметтік желілерде арнайы парақша ашу
Жұлдыздар арқылы пиар жасау
Қалдықтарды жинаумен уй иелері және, ТҚШ, ТСЖ компанияларының басшылары, жеке кәсіпорындар айналысады. Жинау және шығару көлемі 0,8 текше метр, 1,1 текше метр болатын арнайы контейнерлер арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл контейнер басқа контейнерлерден ерекшеленіп, халыққа түсінікті мағлұматтар жазылады. Яғни полимерге қандай қоқыс түрлері кіретіндігі.
7.1 – суретте біз үшінші пунктпен айналысамыз, яғни қайта өңдеумен. Қалдықтарды бізге кім әкеліп береді және бұл қалай жүзеге асады сұрақ туындауы мүмкін. Бұндай тапсырмамен жоғарыда айтылғандай арнайы қоқыс шығаратын ЖШС компаниялары айналысады. Олардың қызметі толған қоқыс контейнерін алып, берілген аумаққа жеткізіп , арнайы белгіленген аймаққа төгіп, қайта көму болып табылады. Егер ЖШС компаниялары қоқысты бізге жеткізсе. Оларға көп мүмкіншіліктер туғызамыз. Қоқысты жерге төгу шығыны екі есе азаятын болады.
Сурет 7.2 – Шағын зауыттың қызмет жасау жоспары:
Жоғарыда көрсетілген жоспар бойынша болашақта жұмыс жасаймыз. Бұл тиімді , әрі қарапайым жоспар. Жабдықтаушы тарапты жоғарыдағы 6.1 – кестеде көрсетіп кеткен болатынмын. Өңделген шикізатты Ақтөбе бойынша тұтынатын компанияларды 6.2 – кестеде қарастырдық.
8. Өндірістік жоспар
А) Өндірісті дайындау:
Өндірісті дайындау барысы банктен несие алу, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының көмегін пайдалану, құрылғыларды сатып алу, дайындау, сынау және іске қосу жұмыстарын жүргізу, жер учаскесін бөлу, қажетті құрылыстарды салу, шикізатты әкелуді және өңделген өнімді әкетуді ұйымдастыру, тараптармен әкелу - әкету жөнінде келісім - шарттау жасауды қарастырады.
Өндірісті дайындау уақытының басталуы мен аяқталуы 18 ай немесе 1,5 жыл құрайды.
Б) Өндіріс
Өндірістің орналасу үлгісі:
ӨҢДЕУ
ЦЕХЫ
ӨҢДЕУ
ЦЕХЫ
ӨҢДЕУ
ЦЕХЫ
В) Өңдеу жоспары:
Уақыт өлшемі |
Келіп түскен шикізат, т. |
Өңделген шикізат, т. |
1 тәулік |
105 |
80 |
1 ай |
2625 |
2400 |
1 жыл |
31500 |
28800 |
